Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Жазылым арқылы тіл дамыту. Білім беру жүйесі орыс тілінде жүретін мектептерде оқушының тілін қазақ тілінде дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық тұлғаларын меңгерту,оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру,яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады. Адам ойын жазбаша және ауызша жеткізеді. Сондықтан оқушының тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ келеді.Оқушының сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқаулар дыбыс,сөз,сөз тіркесі,сөйлем. Бұлар тілді оқытудағы негізгі мәселелер.Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру,төл дыбыстарының айтылу нормасын қалыптастыру,қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі.Оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей,ойын байланысты түрде басқа адамға жеткізе алмайды. Сондықтан да орыс мектептерінде орыс тілді оқушылардың қазақша тілін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізуге болады. 1. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының тілін дамыту. 2. Мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту. 3. Сын тұрғысынан ойлау элементтерін пайдалану арқылы. 4. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. 5. Аудио-видио материалдары арқылы тіл дамыту. 6. Деңгейлік тапсырмалар арқылы тіл дамыту. 7. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушының тілін дамыту. Төменде жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылардың сөйлеу,ойлау қабілеттерін қалыптастыруда тіл дамытуға арналған сабақ жоспары ұсынылған. Сабақтың тақырыбы: «Тіл туралы заң». Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: тіл туралызаңның түпнұсқасымен, мемлекеттік құжаттардың жазылу тілімен танысу. Заңның кейбір баптарын оқып, танысу. 2. Дамытушылық: шәкірттердің ой-өрісін кеңейту, мәнерлеп оқуды пысықтау, ауызша сөйлеуді дамыту. 3. Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеу,оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіну. Көрнекілік: заңның түпнұсқасы жазылған «Ана тілі»газетінен \интерактивті тақта\, үнтаспа, карточкалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Ой қозғау. Мына сұрақтар арқылы тілдік ортаға кіру. - Сенің ана тілің қай тіл? - Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? - Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды? - Иә,қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.Қазақ тілі енді заң жүзінде мемлекеттік тіл болып жарияланды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тіл туралы заң, ал эпиграфы /ұраны/: «Қазақстанның болашағы-мемлекеттік тілі». Бүгін біздер:»Мемлекеттік тіл-дегеніміз қандай тіл?»-деген сұраққа қажетті жаңа сөздермен танысайық: 2. Сөздік жұмысы. Тарау-раздел Бап-статья Белгілеу-определить Жағдай жасау-создать условия Басқару-управление Заң шығару-издать закон Іс қағаздарың жүргізу-делопроизводство 3. Ой қозғау. Кластер арқылы оқушылардың тіл туралы өз ойларын айта білулері,ауызша сөйлеуге жаттықтыру. 4. Етістіктің шақтарың қайталау. Жұппен жұмыс жүргізу. 1-жұп. Төмендегі етістіктерді күрделі осы шақта жіктеңдер. Түсіну,қолдану,нығайту; 2-жұп. Сақтау,дамыту,құрметтеу етістіктерін келер шақта жіктеңдер. 3-жұп. –меңгеру,үйрену,сөйлеу етістіктерін өткен шақта жіктеңдер. 5. Жеке оқушымен жұмыс. Карточкада үтір арқылы 2 сөйлем жазылған,сол сөйлемдердегі сөздердің орнын табу,аудару,мысалдардағы септік жалғауды анықтау. Карточка 1. 1. Сөйлем. Меңгеру, әрбір, парызы, мемлекеттік, азаматтық, тілді; 2. Сөйлем. Үйренсең,үйренесің, тәуелсіздікке, қазақша. Карточка 2. 1. Сөйлем. Қазақстанда, болу керек, іс жүргізу, мемлекеттік, тіл, керек, болуы, тілі. 2. Сөйлем. Тіл, менің, тілім, мемлекеттік. Карточка 3. 1. Сөйлем. Үйренеміз, ғылымды, мемлекеттік, өнерді, тілде, білімді. 2. Сөйлем. Халқының,оқып-үйренуге,тілдерін,Қазақстан,мемлекет,жағдай,жасайды. 6. Шешендік өнер. Мемлекеттік тілді үйрену қиын ба? Екі ойыншының бірі тілді үйренудің қиындығын,екіншісі оған кері пікір айтып,ойларын дәлелдеп,шешендік өнерді көрсетеді./топ екі командаға бөлінеді,әркім өз ойыншысына көмектесуге құқылы/ 7. Сабақты қорыту. Тест сауалдары. 1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды? а. 1991 ә. 1989 б.1987. 2. «Тіл-мәңгіліктің мәңгілік мәселесі»деп кім айтқан? а. С.мұқанов ә. Ә.Кекілбаев б. Ғ.Мүсірепов 3. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? а. Араб ә. Парсы б. Түркі 4. Тіл туралы заң қашан қабылданды? а. 1997 ә. 1990 б. 1998 5. Ол неше баптан тұрады? а. 30 ә. 22 б. 27 6. Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан? а. 30 тамыз ә. 25 қараша б. 22 қыркүйек 7. Тіл туралы заңның нешінші бабында қазақ тілі туралы айтылған. а. 4 ә. 5 б. 7 8. Мемлекеттік тілді неге неге үйреніп жүрсің? а. Ол бағдарламада бар. ә. Менің парызым б. Маған ұнайды 9. Мақалды жалғастыр»Өнер алды-қызыл...» а. Мәдениет ә. Ұлт б. Тіл 10. Қазақ тіл білімінің негізін салушы а. А.Байтұрсынов ә. Ы.Алтынсарин б. А.Құнанбаев Үйге тапсырма. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбына шағын шығарма жазып келу. | |
Просмотров: 2260 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|