Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Өткізген: мұгалім: Темірғалиева С.Е. Ашық сабақ «Досымның отбасы» 1 и сынып 2011 жыл Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Өз отбасы және сыныптас досының отбасын білу. 2. Дамытушылық. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік. Досыңа адал, сенімді болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, поезд, ата, әже, әке- шеше, қуыршақтар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) амандасу, түгендеу. Гимн орындау. 2. Үй жұмысы: Отбасы мүшелерін ауызша сұрау, отбасы тақырыбында өткен, жаттаған өлеңдеріін сұрау, тыңдау, бағалау. 3. Өз отбасы туралы әңгімелеу. Тақтаға өзі сыныптас досымен шығады. Досы өзінің отбасының суретін көрсетеді, ал екіншісі айтады. Мысалы: Менің досым Полинаның атасы, әжесі, әкесі, шешесі және өзі Полина бар. Олар отбасында бес адам. 4. Сергіту сәті: Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуіміз Бас бармағын – Атам Балан үйрек – әжем Ортан терек – әкем Шылдыр шүмек – шешем Бітей бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Екі тілде сөйлеу толықтыр: 1)Дядя – көке Свободный - бос Отец - Друг – дос 2) Суп – көже Каша - ботқа Бабушка - Дедушка - 5. Дәптермен жұмыс Балалар шашылған сөздермен сөз тіркестерін кұрастырады. Мысалы: Олар бес адам. Қасында отырған сыныптас досының отбасы туралы осындай сөз тіркесін құрастыру, ауызша жазғандарын оқып беру тексеру. 6. Қорытындылау: Сабақты қорытындылай келе. - Балалар, жақында қандай мереке болады? - Он алтыншы желтоқсан – тәуелсіздік күні. - Иә, дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз тәуелсіздік мерекесіне арнап поездбен Астана қаласына саяхатқа отбасымен барамыз. (көп ойыншықтар арасынан отбасы мүшелерін тауып поездге отырғызу. Мысалы: Мынау ата. Ол бізбен барады. Мынау әке, мынау әже, мынау аға. 7. Үйге тапсырма. Досының отбасы туралы сөз тіркесін құрастырып келу. Отбасы мүшелерін жаттау. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды әділ бағалау, мадақтау. | |
Просмотров: 5844 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|