Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Cабақ жоспары Сыныбы: 8 «Ә» Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту. Міндеттері: 1.Поэманың мазмұны мен идеясын түсіну. 2. Шығарамдағы кейіпкерлерді бүгінгі өмірмен салыстыру. 3. Топта өз ойларын қорғап, өзіндік көзқарастырын жетілдіру. Күтілетін нәтиже: 1. Оқушыларға поэманы меңгерте алады. 2. Кейіпкерлерді бүгінгі өмірмен салыстырады. 3. Топта өз ойларын, көзқарастарын қорғай алады. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: слайд. Сабақта қолданылатын әдістер: «Терминмен болжау», «Болжау», «Блумның» сұрақ қою өлшемі Сабақтың барысы І. Қызығушылықты ояту сатысы (10 минут) Аққу Ана қасіреті Өмірдің құндылықтары А) Мұғалімнің сұрағы: Осы терминдерге байланысты қандай оқиға болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып, дәптерлеріңізге жеке ойларыңызды жазып шығыңыздар. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Жазып болсаңыздар, осы жазғандарыңызды топта барлығыңыз бірге талқылап, ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. Әр топтан бір оқушы топтың ойын жариялап шығады. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз. ІІ. «Мағынаны тану» сатысы (25 минут) Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Алдарыңызда М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасы жатыр. Мәтін ІV бөлімнен тұрады. Қазір мәтінді әр оқушы жеке тек І бөлімін ғана оқимыз. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді оқығанымызды топта талдайық. А) Мұғалімнің сұрағы: -Поэма не туралы? -Көлдің «Жетім көл» деп аталуы неліктен деп ойлайсыңдар? - «Аққуменен баланы аластаңдар» дегенді қалай түсіндіңдер? - Қалай ойлайсыңдар баланы қалай емдеуге болар еді? - Қалай ойлайсыңдар тәуіп шалдың ана мен әкеге айтқаны ақылы дұрыс па? - Аққуды неліктен киелі құс деп санайды? - Ары қарай ана мен әкенің іс- әрекеті қандай болуы мүмкін? - Поэма әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін? - Олай ойлауға саған не мәжбүр етті? Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Қазір мәтіннің ІІ бөлімін әр оқушы жеке оқиды. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді оқығанымызды топта талдайық. А) Мұғалімнің сұрағы: - Поэма ары қарай қалай жалғасты? Сендер ойлағандай болды ма? - Әке тәуіп шалдың айтқанын қалай қабылдады ? - Ал ана қалай қабылдайды? - Ананың «Жетім көлге» барғаннан кейінгі іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар? - Ары қарай поэма қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? - Сені осылай ойлауға не мәжбүр етті? Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді мәтіннің ІІІ бөлімін жеке оқимыз. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Оқып болсақ, оқығанымызды топта талдайық. А) Мұғалімнің сұрағы: - Поэма сендер айтқандай жалғасты ма? - Ананы кінәлауға бола ма? -Көлден қасиет кетті деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер? - Қалай ойлайсыңдар, ана ары қарай не істеуі мүмкін? - Поэма немен аяқталуы мүмкін? Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді мәтіннің соңғы ІV бөлімін әр оқушы жеке оқиды. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді оқығанымызды топта талдайық. А) Мұғалімнің сұрағы: - Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма? - Егер ана аққуды атпағанда... ? - Өмір құндылықтарын түсінуге осы поэманыңы қандай көмегі бар? -Ақын болсаңдар поэманы қалай аяқтар едіңдер? - Неге? ІІІ. Ой толғаныс сатысы (10 минут) Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді балалар, «Аққу – киелі құс» тақырыбында эссе жазып көрейік. Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді жазғанымызды топта оқып, қалауларын бойынша әр топтан бір-екі эсседен оқимыз. Үй жұмысы: Аққу туралы шығармаларды зерттеу Бағалау Источник: http://Ашық сабақтар | |
Просмотров: 15047 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|