Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«Ағаш егу» арқылы етістіктің шақтарын ажырату. Сабақтың мақсаты: Білімділік-Қазақстанда өсетін ағаштардың түрін, олардың адамға әкелетін пайдасын қазақ тілінде әңгімелеуге үйрету, етістіктің шақтарын ажырата білу; Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін дамыту, талдау біліктілігін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз бетінше іздену; Тәрбиелік-оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді жинай білуге, ана тілін құрметтеуге, қастерлей білуге, қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу. Түрі: білім және іс-әрекет амалдарын жетілдіру. Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлік тапсырма,әңгімелеу. Ұйымдастыру кезеңі: интерактивті тақта, суретті слайдтар, деңгейлік тапсырма. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың мақсатын оқушылардың көмегін анықтау. -Бүгін сабақта «Ағаш ек!» мәтінімен танысамыз, ағаштың адамға келтіретін пайдалы жақтарын білеміз, жаңа сөздермен танысамыз. Етістіктің шақтарын қайталаймыз. Ол үшін бәріміз жақсы жұмыс істеп, өз білімімізді көрсетуіміз керек. Сәттілік тілеймін! Сабақты ойын түрде өткіземіз. Оқушыларды үш топқа бөлу: 1-топ «Емен» 2-топ «Қайың» 3-топ «Терек» І-кезең «Кім жылдам?» Сұрақ-жауап: 1. Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі не? 2. 5 маусым қандай күн? 3. Бұл күннің мақсаты қандай? 4. Бұл күні қандай жұмыстар жүргізіледі? 5. Біздің борышымыз қандай? 6. Біздің өміріміз немен байланысты? 7. Біздің елімізді қанша қала күрделі экологиялық жағдайда екен? 8. Ластанған ауа әр тұрғынға шаққанда қанша тонна болады? 9. Өзен мен суларда қалыпты мөлшердегіден асатын қандай зиянды өнімдер бар? 10. Адамның дені сау болу үшін не керек? 11. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? 12. Дүниежүзілік проблема қандай? ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру: Біздің республикамызда экология мәселесі өзекті болып тұр. - Неге Арал теңізі бүгінгі күні ерекше мәселеге айналып отыр? 1-тапсырманы әңгімелеу. Интерактивті тақтада Арал теңізінің жылдан-жылға азайып баратыны көрсетіледі. 4-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беріңдер: 1. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы болды? 2. Бұл қозғалысты ұйымдастырған кім? 3. Қозғалыстың мақсаты қандай болды? Немесе оқушылардың осы диалог үлгісінде жасап келген өз сөйлесулерін тыңдалады. Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Біз табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігі жайында ұмытпағанымыз дұрыс. Табиғатқа келтіретін зиян-өзімізге жасаған қастандық. Сондықтан табиғатты аялайық! Айналаңды қоршаған Табиғатты сүйе біл. Қауіп-қатер төнсе оған, Қамқорға алып сүйе біл! ІІІ кезең- «Жалғастыр». Мақал-мәтелдерді жалғастыру. 1. Жері байдың-.......... 2. Сулы жер-.... ......, Бұлақты жер-..... ....... 3. Көлдің көркі-....... Таудың көркі-......... 1. Егін ексең-......... ек, Онан өнер............көп. 2. Сулы жер.........болмас, Таулы жер..........болмас. 3. Адамның табиғатсыз....... ....... Оны айтуға...... ...... ...... 1. Жер- ........, Су-..............., Мал-........... 2. Бұлақ көрсең көзін........ 3. Бір тал кессең,... .... ..... . IV кезең- «Кім тапқыр?» Жұмбақтарды шеш 1. Қыста ғана болады, Ұстасаң, қолың тонады. (сурет) 2. Суға батпайды, Отқа жанбайды. (сурет) 3. Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып. (сурет) 4. Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. Сол кезде ой қуалап, (сурет) Бәйшешек өнеді. 5. Көзіңе көрінбейді, Қолыңа ілінбейді. Бірақ та құлағыңа (сурет) Ұдайы күбірлейді. 6. Жасыл ине-киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, (сурет) Төріңдемін үйіңнің. 7. Шөлде- Гүлдейді, құлпырады. Суда- (сурет) Өмірі қырқылады. 8. Ақ көйлекті, көк желек, Орманда орны бір бөлек. Әннің аты деседі, (сурет) Сызды жерде өседі. 9. Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап, Саясында ән салып, (сурет) Құстар жүрген сайрап. Салқын түссе шешіліп, Қалады өзі жайрап. -Балалар, ағаштардың тағы қандай түрін білесіңдер? Емен, шырша, арша, қарағай, қайың, терек, қарағаш, үйеңкі,т.б. ІІІ. Жаңа сабақ. V кезең. Мәтінмен жұмыс. А) сөздікпен жұмыс; Демалу-дышать; Қайта-обратно; Жұту-глотать; Жарамсыз-непригодный; Демінен шыққан ауа-выдыхаемый воздух; Қоректенеді-здесь поглащается (питается); Иіс-запах; Көңілі хош-хорошее настроение. Ә) мәтінді оқыту; Б) сөз тіркестеріне сөйлем құрастыру; Таза ауамен Жұтуға жарамсыз Жарамсыз ауа Қажетті иіс Ұзақ өмір сүреді Ағаш ек VІ кезең- «Кім жылдам әрі сауатты жазады?» Әр топтың мәтіні тақтаға ілінеді, бірінші оқушы келіп бір сөйлемді оқиды, есте сақтап, орнына отырып жазады, келесі оқушыға парағын береді. Ойын солай жалғасады. І. 1) Бүгінде экология әлемдегі ең үлкен мәселеге айналды. 2) Табиғи ресурстар азайып барады. 3) Біздің қоршаған орта ластанған. 4) Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. 5) Бұл болашақта үлкен апатқа әкелуі мүмкін. 6) Сондықтан табиғатты аялайық! ІІ. 1) Табиғат-тірі дүние 2) Біз табиғаттың тек алуды білеміз. 3) Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. 4) Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. 5) Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір сүреді. 6) Олардың ұрпақтарына қалдыратын мұрасы бар. ІІІ. 1) Еуропа елдері қоршаған ортаны қоғауға көп мән береді. 2) Олар ормандарын күтеді. 3) Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кеспеген. 4) Өндіріске пайдаланбайды екен. 5) Орман-атмосфералық ауаны тазартушы. 6) Табиғатқа келтірген зиян-өзімізге жасаған қастандығымыз. VІІ кезең. Деңгейлік тапсырма. ІІІ деңгей 1. «Тазарту» етістігін өткен шақта жікте. 2. «Ағаш ек!» мәтінінен жаңа етістіктермен 2 сөйлем құраңдар. ІІІ деңгей 1. «Тазарту» етістігін ауыспалы келер шақта жікте. 2. «Ағаш ек!» мәтінінен жаңа етістіктермен 2 сөйлем құраңдар. ІІІ деңгей 1. «Тазарту» етістігін нақ осы шақта жікте. 2. «Ағаш ек!» мәтінінен жаңа етістіктермен 2 сөйлем құраңдар. ІІ деңгей 1. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар. 2. Мәтінді әңгімеле. І деңгей 1. «Орман-ел дәулеті, жер сәулеті» тақырыбына газетке мақала жаз. 2. Табиғатқа байланысты білетін мақалдарыңды айт. І деңгей 1. «Бір тал кессең, он тал ек» тақырыбына газетке мақала жаз. 2. Табиғатқа байланысты білетін мақалдарыңды айт. І деңгей 1. «Табиғат-адамның алтын бесігі» тақырыбына газетке мақала жаз. 2. Табиғатқа байланысты білетін мақалдарыңды айт. ІV. Бекіту кезеңі. -Адам қандай ауамен демалады? -Таза ауа қайдан келеді? -Ағаштар қандай ауаны жұтады? -Таза ауамен демалған адам қалай өмір сүреді? -Біздің дана бабаларымыз не деген? V. Қортыу. Оқушылар бүгінгі алған білімдерін пайдалана отырып, тақтада берілген тапсырманы орындайды. Тапсырма «Орнын тап» деп аталады. Оқушыларды бағалау. Бағалау парағына сүйене отырып, олардың білімдері бағаланады. VІ. Үй тапсырмасы жайында мәлімет: 1) 3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрыңдар. 2) 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Сөйлемдердегі етістіктің астын сызыңдар. VІІ. Рефлексия кезеңі. Тақтада қурап қалған ағаштың суреті берілген. Оқушылар осы ағаштың жайқалып, жасаруына өздері қандай үлес қоса алатындарын пікірлері арқылы білдіреді. Сол ойлары жазылған жапырақшаларды ағашқа апарып жапсырады. Өздерінің тілектерін жазады. | |
Просмотров: 4044 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|