Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
11 сынып . 4 тоқсан Сабақтың тақырыбы : М. Мақатаевтың шығармашылық өмірі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік:Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Балалардың поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу. Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз бойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру,ізденушілік қабілетін дамыту; ғылыми ізденіске жол ашу, логикалық ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту. Сабақ түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: коммунивтік (қарым –қатынастық),проблемалық, жартылай ізденушілік, аудармамен жұмыс, сұрақ – жауап. Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, математика, география, қазақ тілі, орыс тілі, тарих. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклеттер, плакаттар, ақын портреті, қосымша газет- журналдар, кітаптары. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу. Өткен сабақтарды естеріне түсіре отырып, үй тапсырмасын сұрау. 1. Ә. Нұрпейісов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 2. Ұлы Отан соғысынан кейін қандай ордендермен марапатталды? 3. Ол қай жерлерде білім алды? 4. «Қан мен тер» трилогиясы қандай кітаптардың жиынтығы? 5. Трилогияда қандай әлеуметтік жағдай суреттелген? 6. Трилогияның басты кейіпкерлеріне сипаттама бер. 7. Ә. Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» роман -трилогиясы қандай тақырыпқа жазылған? 8. Жазушының осы роман- трилогиясындағы жеткізген ойы, толғандырған ел тағдыры. Деңгейлік тапсырмалар. Жаңа сабақ: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмірі. Қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындардың бірі-Мұқағали Мақатаев. Оның жырлары сұлулық сезіміне, терең ойға, көркем образдарға құрылған үздік лирика болып табылады. Мұқағали Мақатаев 1931 - ші жылы ақпан айының 9 -ы күні Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданынындағы Қарасу ауылында дүниеге келген. 1948 -ші жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени ағарту саласында түрлі қызыметтер атқарды. Мектепте әдебиет сабағынан сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962- ші жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға араласады. М. Мақатаев қандай білім алады ? 1. Алматы шет тілдер университетінің неміс тілі факультетін, 2. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 3. Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтын бітірді. М. Мақатаев қандай қызметтерді атқарды? М.Мақатаев – қазақ радиосында диктор. «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналында редактор болып қызмет атқарады. Қазақстан жазушылар одағының поэзия саласында әдеби кеңесші міндетін атқарады. Ақынның шығармашылық жолы қандай ? Ақынның алғашқы өлеңі 1948 - ші жылы жарияланды. 1954 -ші жылы « Жұлдыз»журналында, «Қазақ әдебиеті»газетінде өлеңдер жинағы жарық көрді. 1964- ші жылы « Ильич» атты поэмалар жинағы шықты. 1966 шы жылы « Армысыңдар, достарым»,1967- ші жылы «Қарлығашым, келдің бе?» кітаптары басылды. «Мавр» (1969) « Дариға жүрек» (1972) « Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975) шығармалары оқырмандар жүрегін жаулап алса, « Реквием» атты толғауын 1976 шы жылы дүние саларының алдында жазған. Сауалдар: 1. Туған жері. 2. Ұлы отан соғысымен Мұқағалидің байланысы. 3. Білімі қандай? 4. Қандай тілдерді менгерген? 5. М. Мақатаев кім? 6. Ол поэзияға қай жылы келді? 7. Ақындықтан басқа тағы қандай қырынан танылды? 8.Мемлекеттік сыйлық қай жылы, қандай кітабы үшін берілді? «Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан», -деп Т. Молдағалиев айтқандай, М. Мақатаевтың әр өлеңі ой мен сезімнің бірлігінен жаралып, оқырман жүрегіне жол тауып, ой санасына ерекше әсер етеді. Біреулермен жалғастырып жең ұшын, Жасап жүрсем жаным сүймес келісін, Барлығы да, Поэзия, сен үшін, -деп жырлаған азамат ақын тек поэзия үшін жаралған жан еді. Мұқағали өлендерінің ерекшелігі қандай ? Мұқағали өлеңдерінің өзгеше қасиеттілігі, ондағы сезімінің сыршылдығы өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білгеннен болатын. Ұлы Абай сынды айналасынан «мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынып, тау- тасына, мөлдір бұлағына, ақ қайыңына мұңын шақты. Жапырақ жүрек, жас қайың! Жанымды айырбастайын, Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын... Келісесің бе жас қайың?- деп әділетсіз өмітден түңілген ақын бір сәт ак қайың боп өмір сүргісі келіп, осынау алмағайып ,дүниеге соның (қайыңның) көзімен қарағысы келеді. Ақын өзін қалай сезінеді? Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, Неге іздедім? Алаулатқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім, -деп, «Поэзия» атты өлеңінде өнермен егіз жаралған ақын жаны осылайша егіледі. 2.Мақатаевтың өлеңдеріне шолу. Алгоритмдік деңгейі бойынша, кластер арқылы дәлелдеу. 2. Суретке қарап мәтін құру. 3.«Қандай өлең, кім айтқан?» ойыны. «Махаббат диалогы». -Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің? -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? -Құл боп бірге соңынан кетер едім. -Бұлдырасам сағымдай, не етер едің? -Жел боп қуып ақыры жетер едім. -Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің? -Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін. 4. Портрет жасау. 1. Бет пішімі- 2. Мұрны- 3. Көзі- 4. Ерні- 5. Қасы- 6. Құлағы- 7. Шашы- 8. Маңдайы- 9. Кірпігі- 10. Киімі- 5.Мұқағали жайлы мәтінге аударма жасау. Мұқағали. Сегодня это имя символизирует казахскую поэзию. Мукагали… Великий сын великой казахской степи, казахского народа, щедро одаренный их любовью и сам одаривший их ярким талантом. Что он писал о себе: «пройдут годы, придет новое поколение, и оно поставит нас на свои места. Испокон веков так было, так есть, так и будет! О себе скажу: я – ровесник поколения ХХ1 века, а может быть родственник еще дальних поколений». Сабақты қорыта келгенде. М. Мақатаев ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы, бүгінгі мен болашағы, жауыздық пен ізгілік, зұлымдық пен достық, арамдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік атты сан тарау тақырып тұтастық тапқан.Сондықтан да, Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық. Біз бүгінгі сабағымызды ақын Фариза Оңғарсынованың «Мұқағали ақыны бар халық бақытты халық» деген сөзімен қорытындаймыз. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер- сол бақытты ұрпағысыңдар. Ендеше, осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамның бірі -сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тындайық. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: Ақынның шығармаларын оқу, «Жан азасының» үзіндісін жаттап келу. | |
Просмотров: 7494 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|