Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ұлт ұстазы
Ұлт ұстазы.
ХХ ғасыр даналарының бірі-Ахмет Байтұрсынов.Ол күрескен кесапаттар-надандық,қараңғылық,кертартпалық,адами хайуандық,отаршылдық,ұлттың азуы мен тозуы,оның болмысы,жараланған жан жарасы,құлшылық санасы,таланған жері,қаңсыраған тілі,жансыздана бастағанділі-салт-дәстүр,әдет-ғұрпы.
Ахаң тағдыры-ел тағдыры.Өткен ғасырдағы ұлттың ренессасының бастауы Ахмет Байтұрсынов планетарлық ойшылдар қатарынан орын алары даусыз.Әлемдік ұлылар галереясында ХХғасырдың ұлы гуманисі Ганди, түркі әлемін оятқан Кемал Ата Түрік,араб әлемінің басын қосқан Насыр, тұңғыш ғарыш перзенті Гагарин, адам құқының қорғаны Сахаров сияқты біртуар тұлғалар қатарына Ахаңның да өз орны бар.
А.Байтұрсынов өз заманының ірі құбылысы,феномені.Оның есімі өткен дүбірлі ғасырдың түбірлі,түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас.Сондықтан да Ахметті танудың мәнінде ғасыртану десе де болады.
А.Байтұрсынов ең алдымен Ресей шығысының ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі. Ахаң қарадан шықса да,ата-бабасы Шақшақ Жәнібек туралы патша өкілдері көрсеткендей,»Хан емес,бірақ ханнан дәрежесі кем емес» дегендей тектілігі бар еді.Ол бір өзі ХХғасырдың басындағы қазақтың Абайы мен Ыбырайы.
Ахаң халқының көсемі.Мұны алғаш айтқан Мұхтар Әуезов.Ал Мұхаңа мұны айтқызған заман ақиқаты.Кісі танитын,кісінің ісін танитын,елдің ісін ердің мойнынан көрген данышпан ғана ертерек кесіп-пісіп айтса, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты,сенатор-депутат Әбіш Кекілбаев:»Ахаң ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деген болатын.
Ахаң бір өзі,әрине,аз айтсақ университет,көп айтсақ –Академия.Орыстың Ломоносовы-Ахаң,ал Ахаң десек Ломоносов еске түседі.Ахаң-қазақ даласына өзі жіберген елшісіндей.
Асқан еңбектің аты-ізденіс.Іздену дала перзентіне оңайға түскен жоқ.Тал бесіктен көргені жазық дала,сахара,Түбектегі жалғыз ауыл.
Бірақ тақыр жерде туып-ақ дана болуға болады екен. Оны өмір көрсетті. 1873 жылдың қаңтарында сол сайын далада дүниеге нәресте келді. Атын Ахмет деп қойған. Бала қабілетті болып өсіп жатты. Зерделі бала айтқанды қағып алатын болды. 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашты. Бұдан кейін ол 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі басқышты орысша-қазақша училищеде. 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. Мұны, әрине, көп оқу деу қиын. Бұл сол бір тұс үшін аз да оқу емес еді. Табиғатынан зерек, дарынды түлек былайғы жерде ізденген үстіне іздене түсіп, өз бетінше сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең-жыр тудырады, кемелдене түседі.
Ендігі жол ұстаздық жол еді. Ол осы бағытты ұстанып, ауыл мектептерінде дәріс оқиды. Ахмет Байтұрсыновтың ұстаздық жолға түсуіне дала қоңырауы атанған Ыбырай Алтынсарин еткен әсер, әрине, мол. Өнегесіз өсу жоқ. Ахметтің шапшаң дамып, жылдам өсуіне және бір әсер еткен жәйт, сол тұстағы Торғайда жалпақ жұртқа белгілі ақындық мектеп екенін білеміз. Уақ Жұмабай, Әбіқай Нұртазаұлы, Күдері Жолдыбайұлы, Қашқынбай Қазұлы сияқты ақындар дүниеге келген Торғай өңірі Ахаңды да дүр көтерген еді.
Дана ақын бала ақынның болашақта қазақ аспанында жұлдыз боп жанатынына сенген.Талантты талант көреді дегені осы.
Ахметтің бойында бір қайсарлық, намыс бар болатын-ды. Ол күйреудің орнына ширыға түсті. Оқуын Орынборда бітірген соң Батпақтыдағы ауыл мектебінде бірер жыл жұмыс істеген ол Қостанай уезінің Әулиекөлдегі болыстық мектебінде сабақ береді. Ол қазіргі №3 Илья Сьянов атындағы мектеп.
Бұл оқу орны бұдан жүз он жыл бұрын алғашқы орысша-қазақшабастауыш мектеп болған. Міне содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де Әулиекөл елі Ахаңды ұмытқан жоқ. Мектеп өргесіндегі көлді Ахмет есімімен байланыстырып Мұғалім (Учительское озеро) деп атайды. Оны айтасың, Ахаң осы көлдің жағасында өзінің мәңгілік жары болған Александра Ивановнамен танысады. Ол Аманқарағайдағы орман қорықшысының қызы деген сөз бар. Ару біткеннің көріктісі екен. Ахаң келіншегін Бәдрисафа деп кеткен. Төлқұжатта Александраның аты-жөнін өзгертіп, Бәдрисафа Мұхамедсадыққызы Байтұрсынкеліні деп жаздыртады (Бәдрисафа араб сөзі: толған айдай, кіршіксіз, пәк, таза деген мағынада). Жас жұбайымен қол ұстасып Ахаң Қостанайға келіп пәтер жалдап тұрыпты. Бұл үй әлі күнге бұзылмаған, қазіргі Абай даңғылы мен Павлов көшесі қиылысында тұр.
1896 жылы Омбыда, Семей, Ақмола мектептерін басқартып тұрған Алекторовпен хабарласып Омбыға барған. Бұл Ахаң үшін зор оқиға болды. Ғұлама ғалым ауылдан шыққан жас маманға мол мумкіншілік ашып, бағыт-бағдар сілтеді.
Ал оның бір бағыты ағартушылық саласы болса, екінші арна патшалық отаршылдық саясаттың жай –жапсары еді. Ойды ой оятады. Орынборда оқып жүргенінде талай зиялы деген орыс оқымыстыларының сөз саптасынан байқайтын. Омбы Ахметтің көзін ашты.
Омбыға келгеннен кейін Ахмет басқа Ахмет болып кеткендей. Осынан түкпірлі ой үстінде жүріп, жұмыс бабымен Қарқаралыға ауысқан. Сол жылдардың тілімен айтқанда, школда – учитель.
Қарқаралы қазақтың қаймағы бұзылмаған жері. Табиғаты да ғажап, саф алтындай таза ауа! Мұнда ол 1897 жылдан 1907 жылға дейін тұрады. Атақты Қарқаралы Ахаң үшін үлкен бар өмір мектебі болған өңір. Осында ол бар қырынан ашылады. Халқына елшілік ұранын айтатын тұсы да осы кезден басталады. Сонда жүріп «Қырық мысалды» жазады. Қазақ қауымының атынан ел зиялылармен үкіметке петиция ( арыз-тілек ) да осы жерде жазылады.
Ел ішінде арманды ойын жая түскен шақ ұзаққа бармады. 1907 жыл жер реформасы туралы арыз жазып ұйымдастырғаны үшін Ахмет Байтұрсынов түрмеге алынды. «Қырық мысал» қоғамға жат шығарма ретінде көрсетілді. Ахаң енді Семейге айдалған. Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ екенін, қас болған досты, дос болған қасты ажыратпас мұндай жұрт қайда бар деп қиналды.
Семей түрмесінде сегіз ай отырған Ахметке сот үкімі бойынша административная ссылка дейтін статья кесілді, яғни, жер аудару деген сөз. Тек Қазақстаннан тыс жерде жүруі керек. Ахаң бұған да көнді. Ол Орынборды қалады. Негізгі ойынан, талабынан еш уақыт та қайтпаған Ахмет Байтұрсынов «Масаны» жазып шығарады.
Үстінен ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаңқы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-
Деп қазақ арасына ұшырып жіберді.
Сөйтіп, өз ұранын тастайды. Бұл елшілдік ұран!
Жылжып 1913 жыл жетті. Бұл жыл қазақ қауымы үшін ерекше жыл болғандай.Дүниеге «Қазақ» газеті келді.Қазақтың үні бола білген басылым, сөз жоқ,сол тұста көп жұрттың көзін ашты.Ахаң редакторлық еткен газеттің басты нысанасы да осы еді.»Қазақ» халық өмірінің сан алуан көкейтесті мәселелерін көтерді,елді прогрестік жолға,өнер-білімге шақырды.Осы реттен де Мұхтар Әуезов:»...қазақтың еңкейген кәрі,еңбектеген жасына ой түсіріп,өлім ұйқысынан оятып,жансыз денесіне жан жүгіртіп,күзгі таңның салқын желіндей шиырықтырған,етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол ұйықтаған қазақты «Маса» болып ызыңдап «оятамын»деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын»,-деп жазды.Бұл жолдар дананы дана танудың айқын айғағы.
...Не шара,газет ғұмыры ұзаққа бармады.
Мен бұқтым, жаттым,
Сен бұқтың, жаттің,
Кім істемек қызмет?- деп Ахаң өзін де, өзгені де қайрады.
Ахаңның тіл білімін жаңарту саласындағы еңбегі ұлан-асыр. Ол араб, латын, кириллица әріптерінің шығу тектерін жақсы білген. Бұл тұста Ахаң жылжыған жорға, жылмиған жуйрік. Ахаң бәрін зерттей отырып орыс алфавитінің саны отыз үш , қазақ ғарпінің саны қырық екі, қырғыздарда отыз алты, өзбектерде отыз бес, ұйғырларда қырық бір әріп барын анықтайды.
Қазақ әліппесін өрнектегенде Ахмет Байтұрсынов жана бағытты ұстаған. Ұстазы Ыбырай Алтынсарин әліппесі мен хрестоматиясын ілгері дамытады. Қазақ тіл білімі ғылымын дамытушы да осы Ахаң.
Әдебиет теориясында көп жаңалық ашқан адам да Ахмет Байтұрсынов. Ол аударма саласымен де айналысты. Негізін Абай, Ыбырай салған көркем аударма тәжірибесі Ахметке көп үлгі еді. Міне, осы үлгіні Ахаң байыта түсіп, қазақ топырағында алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін де қолға алады. Бұған дәлел ретінде И.А.Крылов шығармаларының бір тобын қазақ тіліне аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте жеке кітап болып басылып шыққанын айтсақ та жеткілікті. Пушкинді де қазақша сөйлеткендердің бір осы Ахмет Байтұрсынов.
Сәкен Сейфуллиннің: « Ахмет Байтұрсынов қарапайым кісі емес, оқыған кісі.Оқығандар арасынан халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, ұлтының арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» ,- десе шындық, әділеттілікті айтқан таза пікір еді.
Ахмет Байтұрсынов сазгер, бірнеше әндер мен күйлердің авторы. Әсіресе оның атақты « Аққұм» деп аталатын әні халық сүйіп айтатын әнге айналып кеткен.
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,
Сөзі бар алуан шекер, балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты,-
деп басталатын өлеңнің әнін де, сөзін де Ахаңның өзі жазған. Әрине бұл әннің шығу тарихы да қызық, тағдыры тіптен мұңлы. Жұртшылық бұдан хабардар. Тек қосарымыз, Іңкәр кейін ашаршылыққа ілініп, беті жасырусыз қалыпты деседі ( 1921-1922 жылдары). Соны құлағы шалған Ахмет Орынбордан әдейі келіп, көмусіз қалған көп өліктің арасынан Іңкәрдің мүрдесін тауып, өз атасы Шошақ жатқан қорымға әкеп жерлеген екен және басқалардың беттерін жаптырған.
Елден келген соң Ахаң « Қараторғай», « Қарғаш», « Екі жирен» әндерін жазды. Бұларды тыңдан отырған адамның көзіне жас келеді, іркіліп моншақ болып тұрып қалады...
Ахмет Байтұрсыновтың басқа да әндері болған деседі. Әттең, Ахаңның әні түгіл өзінің атын атауға қиын болып қалған кезде оның музыкалық мұрасы халық әндері санатына қосылып кете барды. Әлі күнге иесіне қайтарылмай жүр. Ахаң тіпті күй де шығарған. Бірақ сақталмаған. Оның күйлерін халық ақыны, әнші-композитор, кезінде «жауыр торы» атанған, Торғайдың топ жарғаны Нұрхан Ахметбеков тартқан екен, кезінде оны жазып алу да ескерілмеген. Қазақтың осы ұқыпсыздығы қазір орындалып отыр.
А.В. Затаевич өзінің « Қазақ халқының 1000 әні» деген еңбегінде: « Ахмет Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындыйды. Ол жақсы домбыраша. Маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді, тіпті өзі орындады»,- деп жазады. Демек, Ахаң қазақ музыка өнеріне зор үлес қосқан жан.
Ұлт ұстазы саналған Ахметтің басына жиырмасыншы жылдардың аяғына қарай бұлт қайта торлай бастайды. Алаштың Ахметі 1929 жылы қамауға алынады. Өзі Архангельск облысына, зайыбы Бәдрисафа қызы Шолпанмен Томскіге жер аударылады. Не үшін? Белгісіз. Оның айыбы елінің ардағы, көсемі екендігінде.
Ахаң 1934 жылы ғана жазушы М.Горькийдің әйелі П.Пешкованың себебімен абақтыдан босатылады.
1937 жыл. Қиын жыл. Ахаң қайта ұсталды. Қазақтың Ахаңы абақтыға алынды. Тағдыр, шіркін, Ахаңды аямапты-ау. Өмірінің бәрі дерлік азаппен өте беріпті.
Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін!- деп келер ұрпаққа жүгінгені бұл да Ахаңның білгендігі. Сол күн келді. Ахаңды жаңа ұрпақ ақтап алды. Ахаң енді жоғалмайды. Ол бізбен бірге. Мәңгілік.
Ахмет Байтұрсынов 1938 жылы атылады(бір деректерде 1937 жылдың желтоқсаны делінеді). Сөйтіп, бір адамның өмірі, ғұмыры үзілді. Қуғыннан босанған әйелі Бәдрисафа(Александра) елге оралғанда басар жер, кірерге есік, тұрақты тұрағы болмау себепті бірде Алматы, бірде Қостанайды шарлап, жүйке ауруына шалдығып Қостанайдың түбіндегі Александровка дейтін селода өмір кешеді. Кейінгі тірлігі белгісіз. Ең өкініштісі, оның қайда, қалай бұл жарық дүниемен қоштасқанын ешкім білмейді. Әркім әртүрлі болжам айтады. Бірақ нақты дерек жоқ. Шешесінен адасып қалған қызы да ана тағдырынан хабарсыз болған. Шолпан осы бертінде дүние салды. Ең қуаныштысы, әкесінің ақталғанын естіп кетті. Әттең, Ахаңның өз кіндігінен ұрпақ қалмағаны өкініш. Шолпанды ағайыннан бауырына салған қыз деседі жұрт. Бұл шындық. Айта кетейін, Ахаңның қызы Шолпан мен Мыржақыпқызы Гүлнәрді да осы жолдардың авторы Торғайда 1992 жылы екі асылға ескерткіш орнатып, мұражай ашып, ат шаптырып, ас беріп, той жасағанда қолдарын алып, құтты болсын айтып, көзіміз көрді. Шолпан соңғы демі біткенше, әке-шешесінің туған перзентіндей болып өткені ол да шындық, жасырын емес.
Тәубе дерлік жәйт, ұрпаққа Ахаң салған жол қалды. Осының өзі демеу, көңілге жұбаныш.
Ахмет Байтұрсынұлының: «Мекпетің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білсе, сол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», - деп кадр мәселесіне айрықша мән бергені күні бүгінге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Бұл сөзі әр ұстаздың қойын дәптерінде, столдың үстінде жатуға тиісті деп ойлаймын.
Ахаңның ісін ардақтауда қостанайлықтардың құлшынысы өте құптарлық. Университет Ахаңның атымен аталады. Бұл ердің де, жердің де ұлт тарихындағы орнын бағалау. Университетте Ахметтану сабағы енгізілді. « Білім жаршысы» атты таралымы көп басылым шықты. Университетте Ахаңа арнан үлкен мұражай ашылды. Тіпті, « Киелі оқу ордасы» атты ҚМУ-дің әнұраны бар. Сөзін жазған А. Шаяхметов, әнін шығарған оқушы Жансая Рысмағамбетова.
Қостанайда Ахаң рухы жетпеген түкпір жоқ. Біздің Әулиекөлде де үлкен бір көшенің аты беріліп, Ахан дәріс берген № 3 мектептің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Өйткені, ұлы ғалым, қоғам қайраткері Қостанай өңірінде туды. Алғашқы тырнақалды еңбек жолын осы жерде бастады. Оның ата-баба топырағы, тербетілген бесігі осы жер. Біз осындай ұлыны туғызған топырақты мақтан етеміз. Бүкіл қазаққа күн болған перзент Қостанай өлкесінде туыпты. Біз үшін жер кіндігі- Қостанай. Қостанайда аяқ бассаң, Ахаң рухы кезігеді. Ахаң көшесі, Ахаң университеті, Ахаң мектебі, Ахаң ескерткіші...
Мұндай адам өлмейді, мәңгілік жасайды. Дүниеде қазақ халқы барда, қазақ мемлекеті өмір сүріп тұрғанда, Ахаң да бізбен бірге. Ахаң әлемі- әлемнің байлығы. Халықтың көсемі, елін сүйген нағыз ердің жаққан шырағы сөнбейді. Ахаңның азапты ғұмырын басымыға бермесін, оның жүрегін, парасатын, санасын берсін деп тілеймін. Біз, жастар, атамыз Ахмет Байтұрсынұлын ешқашан да үмытпаймыз. Өйткені ол біздер үшін, біздің болашағымыз үшін жанын пида етті.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ДБД (2012-01-25)
Просмотров: 3279 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru