Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
5 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Кешкі ас». Сын есім. Сабақтың мақсаты: 1. Сын есім туралы түсініктерін әрі қарай жалғастыру; 2. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, аудару дағдыларын қалыптастыру; 3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, карточкалар, мәтін парақтары. Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, мазмұндау, аудару, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Үй тапсырмасын сұрау; 3. Жаңа сабақ. - Сәлеметсіздер ме, балалар! - Сәлеметсіз бе, мұғалім! - Балалар, бүгін аптаның қай күні? - Бүгін аптаның дүйсенбі күні. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір жылдың күз мезгілі. - Күз айлары нешеу және қандай? - Күз айлары үшеу: қыркүйек, қазан, қараша. - Ал енді балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. (3-слайд). Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерді жинауға, Шақырады біздерді. (Мұғалім өлеңді оқиды, балалар не туралы екенін айтады. Сөз ішіндегі ерекше тән дыбыстарға тоқталып, дыбыстық талдау жасайды.) - Ал енді балалар, үйге қандай тапсырма берілді? - Үйге сын есімнің ережесін, жұрнақтарын қайталауға берілді. - Ендеше тақтаға назар аударалық. (4- слайд). (сын есімдерді қайталау мақсатында, жемістер мен көкөніске сипаттама беру). - Балалар, осы жеміс-көкөністерден ас әзірлеуге бола ма? - Иә, болады. - Карина, сен бүгін таңғы асқа не жедің? - Ботқа жедім. - Нұрлан, сен бүгін түскі асқа не жедің? - Тұшпара жедім, компот іштім. - Өте жақсы. Балалар, ас туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Ас – адамның арқауы. (1-оқушы) Ас атасы – нан. (2-оқушы) - Мүмкін біреулерін жұмбақ білесіңдер... Сырты қызыл, іші жұмсақ. (қызанақ) - Жарайсыңдар, балалар! - Олай болса, бүгінгі сабаққа керекті, мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысайық. (5-слайд). (мұғалім оқиды, балалар тізбектеп қайталайды, аударады). - Балалар, тақтадағы мәтінге назар аударыңдар. (6-слайд. «Кешкі ас» мәтіні). (мұғалім мәтінді оқиды, оқушыларға оқытып, аудару жұмыстарын жүргізеді). Кешкі ас Кешкі асқа сыйлы қонақтар келеді. Менің анам палауды жақсы дайындайды. Ол – тамаша аспаз. Дастарқанға түрлі тәттілер мен сусындар қоямыз. Мен дүкеннен ақ ірімшік, түрлі жемістер және жұмсақ нан сатып алдым. Атам қышқыл алманы ұнатады. Кешкі ас қызықты өтті. Сергіту сәті өтіледі. (7-слайд). Топпен жұмыс. 1-топ: мәтіннен сын есімдерді теріп жазу; 2-топ: мәтінге 3 сұрақ дайындау. (8-слайд). Тақтамен жұмыс. Сөйлемге синтаксистік талдау. (1 оқушы) Күзде ауа-райы салқын болады. (9-слайд). Сабақты қорыту: Сабақта алған білімдеріне тоқталу, бағаларын қою, мақтап-мадақтау. Бата беру. - Қазақ дәстүрі бойынша, ас ішіп болғасын ас қайыру деген бар. Сондықтан, Алеша, бізге батанды бер: Бастарына береке берсін, Астарына адалдық берсін. Бастарына амандық берсін, Дендеріне саулық берсін! Әумин! Үй тапсырмасы: Ас мәзірін дайындап келу. (10-слайд) | |
Просмотров: 1845 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|