Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Етістіктің болымсыз түрі. Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. «Терісі бағалы аңдар» тақырыбы бойынша ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, жаңа сөздерді меңгерту, берілген мәтін бойынша жұмыс түрлерін жасату, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімділігін арттыру. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын оқушыларға меңгерту. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта,сөздіктер, оқулық, карточкалар, тірек-кестелер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру. І. Кім көп біледі? 1. Буынның неше түрі бар? 2. Зат есімнің неше жалғауы бар? 3. Сын есім дегеніміз не? 4. Еріндік дауыстылар саны нешеу? 5. Ата Заң қашан қабылданды? 6. Конституция неше бөлімнен, неше баптан тұрады? 7. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі қандай? 8. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? 9. Есімдік дегеніміз не? 10. Есімдіктің қандай түрлері бар? 11. Қазақстанда қанша қорық бар? 12. Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата. ІІ. Есте сақтаңдар! Етістікке – ма, -ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары қосылу арқылы болымсыз етістік жасалады. Мысалы: (жуан сөзге) қара - ма, сыз - ба, айт – па; (жіңішке сөзге) көтер – ме, кіргіз – бе, кет – пе Болымсыз етістікке жұрнақтардың қосылу тәртібі М, н, ң, ж, з ба: жазба бе: сенбе Қатаң дауыссыз дыбыстар па: айтпа пе: кеспе Дауысты дыбыстар, й, р, л ма: санама барма ме: жөндеме келме Кейде «жоқ» немесе «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы да жасалады. Мысалы: кеткен жоқ, кеткен емес; барған жоқ, барған емес; айтқан жоқ, айтқан емес. ІІІ. Сөздік жұмыс: Жаңа сөздер: қашу күзен бағалы қарсақ тері қаракүрең қара сұр тұқым Дыбыстық жаттығулар жүргізу, талдаулар жасау. (Тән дыбыстармен) Оқулықта берілген жаңа сөздерді мұғалім оқиды, балалар тізбектеп оқып, қайталайды. ( Мұғалім оқып таныстырады, оқушылар сөздерді қайталайды, содан соң кезекпен оқиды, аударады, жазады.) ІҮ. Мәтін тыңдалады, балалар тақырыпты ашады. Терісі бағалы аңдар. Біздің ормандарымызды көптеген хайуанаттар мекендейді. Олардың ішінде терісі бағалы аңдар да аз емес. Олардың бірі – түлкі. Түлкінің бірнеше түрі болады. Қазақстанда қызыл және қаракүрең түлкі ғана кездеседі. Ал түлкінің асылы - қара сұр түлкі болып саналады. Бұл суық жақтағы ормандарда, Енисей өзені бойында тіршілік етеді. Қарсақ – түлкінің бір тұқымы. Ол түлкіден кішірек, түсі сұрғылт. Қарсақтың құйрығы қысқа, құлағы тік, көзі дөңгелек болады. Қазақстанда қарсақ көп кездеседі. Күзен – жыртқыш аң. Күзеннің аяқтары қысқа. Күзеннің терісі жылы болады. Оның тісі өте өткір. Біздің елімізде күзен де көп. Тапсырмалар: 1-тапсырма. Ауызша жұмыс. Мәтіннің бірінші бөлігін тізбектеп оқып, аударамыз. 2-тапсырма. Жазбаша жұмыс. Барлық оқушымен. А) Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, болымсыз түріне айналдырыңдар. Б) Бір бала тақтаға шығады, берілген сөйлемді жазып, синтаксистік талдау жасайды. Оқушылардың тапсырмалары тексеріледі. 3-тапсырма. Мәтіннен басқа аңдарды әңгімелеу. А) Оқушылар аңдарды сипаттап береді. (түлкі, піл, жолбарыс, қоян...) Б) Аңдарға байланысты жұмбақтар жасырады. ЖҰМБАҚТАР: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі) Қалқиып ұзын құлағы – Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян) Өзі шөлде жүреді, Суды жақсы көреді. (піл) Жолақ-жолақ түсі бар, Аузында өткір тісі бар. (жолбарыс) Томпаңдап ол жүреді, Балды жақсы көреді. (аю) Ағашта өмір сүреді, Жаңғақты жақсы көреді. (тиін) Итке өзі ұқсаған, Айтыңдаршы, ол қай аң? (қасқыр) 4- тапсырма. Топ бойынша тапсырма: Мәтіннен 1-топ- сын есімдерді, 2 – топ – есімдіктерді, 3 – топ – «күзен» сөзін септейді. Тақтамен жұмыс. Бір бала тақтаға шығып, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қояды. Топ оқушыларының тапсырмалары тексеріліп болған соң, тақтадағы тапсырма қарастырылады. Шығармашылық жұмыс: Бір баланың өзі үйде дайындап келген аңдарға байланысты екі жолдан тұратын ұйқастары тыңдалады. Әрі оқу, әрі ойын... Лиса – түлкі. Смех – күлкі Слон – піл, Язык – тіл. Заяц – қоян, Проснись – оян. Медведь – аю, Орнамент – ою. Волк – қасқыр, Находчивый – тапқыр. Белка – тиін, Трудно – қиын. Лев – арыстан, Небо – аспан. Тест тапсырмалары орындалады. (тексеріліп, бағаланады.) Сабақты қорыту: Сабақта алған білімдерін сынау мақсатында жетекші сұрақтар қойылады, жауаптарына байланысты бағалары да қойылады. Мақтап – мадақталады. Үйге тапсырма: 53 беттегі 2-тапсырма. Мәтіннің 2 –ші бөлігі бойынша жұмыс беріледі. | |
Просмотров: 2566 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|