Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Статья
Тәуелсіздікке – 20 жыл

20 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір, міне артта қалды келмес күн.

Халқымыз осы айда екі ұлы тарихи күнді атап өтпек. Олар – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының 20 жылдығы және Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы. Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет осы көтерілістен байқадық. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін оның қасіретін ғана сөз етіп келдік. Ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаһармандық туралы айтылуы керек.
1986 жылғы оқиға қазақ жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырса да, сол қанды оқиға ел тәуелсіздігінің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге жетелегені даусыз.
Еліміз егемендігіне жиырма жыл. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт қана болғанымен бір адамның ғұмыры үшін елеулі оқиғаларға толы айтарлықтай уақыт. Алды-артыңды болжап, алыс-жақынды зерделер, ертеңінді елеп-екшер мұратты мерзім. Осы аралықта еліміз еңсесін көтеріп, халқымыз қомданып, оң-солын айыра бастады. Бұдан жиырма жыл бұрынғы қазақстандықтар мен бүгінгі отандастарымызды салыстыруға болмайды.
1991 жылы 16 желтоқсанда сол кездегі Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Міне, осы тарихи маңызы зор құжат қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуды аңсаған ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырды. Ол ұлтымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілін қайта жаңғыртуға және дамытуға, ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға жол ашты.
Қазақстан осы кезеңдерде қоғамдық және экономикалық жағынан өсіп, өркендеуі жөнінен ТМД елдерінің ішінен көш ілгері келеді. Біздегі саяси-демократиялық жүйе өзінің динамикалық бір қалыпты дамуымен ерекшеленеді. Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде саясат сахнасына қаншама партия шықты. Осының өзінен-ақ еліміздегі демократия үрдістеріне кеңінен жол ашылып отырғанын айқын аңғаруға болатындай.
Әлем картасынан ойып тұрып орын алған Астанамыз Арқа төсінде күннен-күнге бойжеткен арудай ажарланып, бой түзеп келеді. Тәубә дейік. Дос сүйсініп, дұшпан күндейтіндей әлемдік өркениетке лайық жаңа қала салып жатсақ, оған азуын айға балаған елдердің назары ауып, мойындап жатса, бұл да Тәуелсіздігіміздің жемісі емес пе?!
Көгінде қыраны қалықтаған көгілдір туымыз желбіреп, Елтаңбамыз жарқырап, Әнұранымыз шарықтаған сәтте кеудемізді ерекше сезім кернейтіні анық. Олай болса, азаттығымызды айғақтап, қазақтығымызды мойындатқан күн құтты болсын! Еліміздің ертеңі жарқын болғай! Қанатты жастарымыз Қазақстан атты елдің мерейін асқақтата берсін!

№ 2 гимназия мұғалімі
Қауменова Айнагүл.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айнагуль (2012-01-27)
Просмотров: 1088 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru