Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – Ыбырай Алтынсарин Мақсаты А) – оқушылардың дарынды ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин жөнінде білімдерін тереңдету. Ә) – сөздік қорын, ой өрісін дамыту. Б) – ақын- жазушының өнегелі сөздері арқылы білімге, тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс Көрнекілік: интерактивті тақта, кітап көрмесі, ақын- жазушының портреті. Барысы: І.Әнұран орындалады. ІІ. Ұйымдастыру. Іс- шараның мақсатымен таныстыру. 1- жүргізуші: - Қымбатты ұстаздар! 2- жүргізуші: - Қымбатты оқушылар! 1 - жүргізуші: - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл күні құтты болсын! Әнұран орындалады. 2 – жүргізуші: - Айтулы мерекенің салтанатына орай Ыбырай Алтынсариннің 170- жылдығына арналған іс-шараны ұсынамыз. 1-жүргізуші: Үйге берілген тапсырма өткен тақырыптарға шолу жасау болатын. Сонымен қандай ақын- жазушының өмірбаянымен таныстық ( интерактивті тақтада Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны және шығармашылығы туралы көрсетіледі). 2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін мектебімізде мемлекеттік тілімізді оқып-үйренуге байланысты оқушылар арасында сайыс сабақ өткелі отыр. 1-жүргізуші: Ана тілім қасиетті өз тілім, Тілім үшін шаттанамын мен бүгін. Өз тіліммен паш етемін өмірге Қазағымның ата- салтын, дәстүрін. 2-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық Өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан Әділқазы алқасын таныстырайық (қазылар алқасын таныстыру) 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, сіздердің алдарынызда 8-А, 8-Б, 8-В сыныптың білімпаздары. ІІІ. «Кел, танысалық» ( Топ жетекшілері бір-бірімен танысып, өз тобындағы ойыншылар туралы әңгімелеседі). - Менің аты-жөнім - ....................................... Мен 8-а сыныбында оқимын. Мен ана тілім – орыс тілі.Алайда мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Менің өмірлік ұстанымым : «Шыншылдық – ең ұтымды саясат». - Менің аты-жөнім- ........................... Мен 8-б сынып оқушысымын. Менің өмірлік ұстанымын: « Сабыр түбі – сары алтын» . Бүгінгі ойынымыз сабырлы да салмақты болсын. - Менің аты-жөнім - ....................................... Мен 8-в сыныбында оқимын. - Мен ана тілім – орыс тілі. Менің өмірлік ұстанымын: « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». - ІҮ. «Мемлекеттік тіл ортақ» ( жатқа өлең айту) Ү. «Үй жұмысы». 1. « Презентация» ( ақынның өмірбаяны туралы). 2. « Презентация» (шығармалары туралы) 3. «Видео»( Алтынсариннің мектебі) ҮІ. «Қос тіл –қос қанатың» (сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару). 1. Ыбырай 48 жыл (жил). 2. ( Талантливый педагог ) балаларға мектеп ашып, «Қазақ хрестоматиясы» мен « Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап (написал и опубликовал). 3. Алтынсарин балаларды ( к честности, труду, знаниям) шақырды. 4. Қостанай қаласында оған (поставили памятник). 5. Ы. Алтынсаринді қазақ халқы ( высоко ценит). ҮІІ. «Сөзжұмбақ шешу- еңбегіміз жалықпас» ( санау арқылы Ы. Алтынсариннің өлеңінің бірінші шумағын тауып аласыңдар). К О Л Е Қ 1 11 14 2 12 Л 6 4 Б А 5 7 А Л 3 8 Л Ы 15 13 9 16 10 Р Ы А Қ ҮІІ. «Сұрақ-жауап» 1. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңнің авторы (Ы. Алтынсарин) 2. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ әдебиетінің атасы, ұлы педагог - ағартушы) 3. Ол қай жерде, қашан дүниеге келген? (Қостанай облысы, 1841 жылы дүниеге келген) 4. Әкесі кім? Кім тәрбиеледі?(әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның қолында тәрбиеледі? 2-жүргізуші:осымен бүгінгі сайыс сабағымыз да өз мәресіне жетті .Әділқазылар алқасы кеңесіп , байқау нәтижесін шығарғанша кезекті әнге берейік ( ән орындалады). 1-жүргізуші:Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. 2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау-сәлемет болыңыздар. | |
Просмотров: 2420 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|