Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан Сабақтың мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері: - он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік күні екендігі туралы түсінік беру, Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толғандығы туралы мағлұмат беру, еліміздің тәуелсіздігі туралы әңгіменің идеялық мұратын өлеңге сүйене отырып ашу. - оқушылардың ой-өрісін дамыту, өздіктерінен жұмыс істеуін, өз ойларын жеткізе білу, пәнге кызығушылықтарын, оқу мен жазу аркылы сыни тұрғыдан ойлауын, есте сақтауын дамыту. - оқушыларды өз елін, жерін сүюге,құрметпен қарауға баулу, ел намысын қорғайтын, ата-ананың сүйеніші бола білетін азамат болып өсуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Отырамыз. Сабақты «Тәуелсіздік» өлеңімен бастау «Тәуелсіздік» Өзіңдікі елің де, Өзіңдікі жерің де. Өзіңдікі еткен Бақ – Тәуелсіздік төрінде! - Балалар, бүгін біз сендермен ұшаққа отырып «Қазақстан» еліне саяхат жасаймыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ондай болса саяхатымыздың басы «Қазақстан қандай көркем!» аялдамасынан басталмақ. Бұл аялдамада сендердің үй тапсырмасына қаншалықты дайын екендерің тексеріледі. 3 оқушыдан үйге берілген «Аппақ бала» мәтінінің мазмұнын сұраймын.1-оқушы мәтіннің басын, 2-оқушы мәтіннің ортасын, 3 оқушы мәтіннің соңын мазмұндайды. Қалған оқушыларға осы мәтін бойынша құрылған тест тапсырмаларын орындату (бірден оқушыларды бағалау) Тест. 1. Әңгіме кім туралы? a) Арман ә) Асан б) анасы 2. Ойыннан келген Асан үйге кіре анасына не деді? а) тамақ ішемін ә) ұйықтаймын б) шаршадым 3. Асан қабырғадағы айнаға қарағанда түрі қандай еді? а) тап-таза ә) кір-қожалақ б) мұнтаздай 4. Асанды анасы қалай атайтын болды? а) «аппағым» ә) «ботақаным» б) «аппақ бала» 5. Сымбатты болу үшін не істеу керек? ( өз жауабыңды жаз) Жақсы балалар, сендер үй тапсырмасына өте жақсы дайындалыпсыңдар. Енді, Қазақстанның небір көрікті жерлерін, өзен мен көлдерін тамашалайық.Сурет бойынша оқушыларға 4-5 сөйлем құрастырту. ІІІ. Жаңа сабақ. «Желтоқсан құрбандарының» аттарын дәптерлеріне жазғызу. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. Мұның бірі – Тәуелсіздік шежіресі. Тәуелсіздік – қазақтың тарихы. 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет бүкіл халықтық сайлау өтті. Қазақстандықтар тұңғыш рет өз Президентін сайлады. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін 110 ел мойындады. 1991 жылы 16-шы желтоқсанды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы сәттен бастап қазақстандықтар әр жыл сайын 16-шы желтоқсан күнін тәуелсіздік мерекесі ретінде мерекелейді. Оқулықпен жұмыс. (87- бет) а) оқулықта берілген өлеңді мұғалімнің дауыстап, мәнерлеп оқуы ә) өлеңге талдау жасау б)оқушыларға тізбектей оқыту в) өлеңмен жұмыс сұрақ-жауап ретінде - Өлеңде не туралы айтылған? - Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің? IV. Сабақты қорытындылау. «Тәуелсіздік мерекесі» туралы сурет салғызу Бүгінгі сабақта қандай тақырыпты қарастырдық? Он алтыншы желтоқсан қандай күн? «Желтоқсан құрбандарының» атын ата. Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл? Сабақ соңында «Атамекен» әнін орындау Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды бағалау. Үйге тапсырма: 87-88-бет жаттау Источник: http://files.gameworld.kz/xvyhh0uyfk.html | |
Просмотров: 2333 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|