Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау (дауыссыз дыбыстар) Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялық білімдерін бекіту, Сабақтың міндеттері: - қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. - Сұраққа жауап беруге жол ашу.Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділіктерін арттыру. - шапшаңдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима әріптер, Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (Интерактивті тақтада табиғаттың суреті, күннің көзі, бұлттар) Психологиялық дайындық Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Күлімдеп күн келді. Жарқырап нұр берді. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Сәлеметсіздер ме? Есенсіздер ме? - Балалар, біздің жарқырап, жылу шашып тұрған күнімізді кенеттен будақ-будақ бұлттар келіп жауып тастапты. Енді осы мұңайып тұрған күнімізге бұлттарды ыдыратуға көмектесейік. Ол үшін күннің көзін жауып тұрған бұлттардың тапсырмаларын дұрыс орындасаңдар күніміз жарқырап, жылуын бізге мол шашады, II. Өтілген сабақтарды пысықтау 1 бұлттың тапсырмасы: Дауыссыз дыбыстар туралы не білесіңдер? 2. Терме диктанты. Берілген сөздердің ішінен н мен ң әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады. Мәтел, мән, Маңғыстау, майлық, мұнара, Маңғышлақ, марал, машина. - Н мен ң дыбыстары дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады? - Н мен ң дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер. III. Жаңа сабақты түсіндіру. - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өткен материалдарды пысықтау. 2 бұлттың тапсырмасы: «Дауыссыздар кестесі» Интерактивті тақтада берілген кестені толтыру. 3 бұлттың тапсырмасы: а) «Адасқан дауыссыздар» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың орындары белгіленген. Қима әріптерді алып оқушылар кестеге орналастырады. ә) Өлеңді жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздерді үлгіде көрсетілгендей жаз. (Ережені қоса сұрап отыру.) IV. Сергіту сәті. Оқушылар тақтаға қарап, сол қимылдарды қайталайды. 4 бұлттың тапсырмасы: а) Суреттегі заттардың атын жаз. (Ережені қоса сұрау.) ә) Күн көзін жауып тұрған қою бір бұлттан ғажайып қарлар жауып тұр екен. Әр қарда тіркесіп жүрген әріптер. Оларды оқыңдаршы. Сөз деп айтуға да болмайды, жеке әріп те емес. - Балалар, бұлар нелер? (Буын екенін айтады) - Осы буындардан қандай сөздер құрауға болады? (қолғабы, есебі, шалабы, талабы, мектебі) б) Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз. 5 бұлттың тапсырмасы: «Миға шабуыл» ойыны Төменде берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыр. Әр қатардан артылған әріпті шеттегі тік орналасқан шаршыларға бір-бірден жоғарыдан төмен қарай орналастырғанда, оқу құралының бірінің атауы шығады. Ол қандай сөз екенін тап. Тік шаршыдан оқыған сөзге бірнеше сөйлемдер құрастыр. V. Қорытынды. -Балалар, сендер бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды өте жақсы орындап, күннің көзін бұлттардан сейілткеннен кейін, сендерге күн өз ризашылығын білдіріп мынандай сыпайы сөздерді жолдапты. VI. Бағалау. VII. Үйге тапсырма. Қосымша тапсырмалар: Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталған сөздерді тауып, төркөзді толтыр. Сол сөздерге Ы дыбысын қосып оқы. Берілген сөздердің алдынан бір әріп қосып, басқа сөз жаса. Источник: http://files.gameworld.kz/jc2u4xtmnv.html | |
Просмотров: 2611 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|