Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын қайталау.
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин туралы білім, білік дағдыларын бекіту, шығармашылығын қайталау, сыныптың көшбасшысын анықтау.
Ы. Алтынсариннің өлеңдері, әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, білім алуға тәрбиелеу. Тапқырлыққа, ой еркіндігіне, зерделікке баулу. Тіл байлығын тереңдету, өз ойларын айта білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білімге қызығушылығын арттыру, еңбек етуге, туған елін, Отанын сүюге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, Ы. Алтынсариннің портреті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу:
Жұмбақ шешіп, аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шешу шашайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық.
ХХІ ғасырдың
Көшбасшысын табайық.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді 10-шы сынып оқушыларының арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағын көруге шақырамыз.(балаларға сайыс парағын үлестіру)
Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Әдебиеттің сырына.
-Балалар, қадамдардың оң болсын!
Бүгінгі ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. 5-ші кезеңнен кейін ең көп ұпай жинаған екі оқущы ойынды жалғастырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек.
І кезең. Бәйге- ауызша сұрақтарға жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?( ағартушы, жазушы, аудармашы, педагог)
2. Қай жылы және қайда туды?(1841 жылы, Қостанай облысы, Торғай өңірінде дүниеге келді.)
3. Кімнің тәрбиесінде болды?( ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан, 3 жасар Ыбырай атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленді)
4. Неше жасында мектеп табалдырығын аттады?( 1850 жылы 9 жасында Орынбор мектебіне барды)
5. Мұғалімдік жолын қай мектептен бастады?(1860 жылы Торғай мектебі)
6. 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы өлеңін ата?(«Кел, балалар, оқылық!)
7. Торғай мктебі қай жылы ашылды?(1864 жылы)
8. Ы. Алтынсариннің туғанына биыл неше жыл?(170 жыл)
ІІ кезең. Көкпар. Бұл кезеңде ұяшықтың қай санын таңдасаңдар,сонша ұпай аласындар.
Өмірбаяны: 10 20 30
Өлеңдері: 10 20 30
Әңгімелері: 10 20 30
Өмірбаяны-
10. Ы. Алтынсарин қай жылы мектепті бітірді және қалай?(1857 жылы үздік бағамен бітірді)
20- атасы Балғожа бидің немересіне жолдаған өлең жолдарын жатқа айт.
Үміт еткен көзімнің нұры-балам,
Жаңына жәрдем берсін Хақ Тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң,аһ ұрарсың.
30- Қай қалада мұғалімдер даярлайтын мектеп ашты?(Орскіде)
Өлеңдері-
10. Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнайдай сәуле беріп жарқыраған.(«Өзен» өлеңін жатқа айту)
20-«Кел,балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айту.
30-« Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айту.
Әңгімелері -
10- «Әке мен бала» әңгімесінің көрінісін көрсету.
20- «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің көрінісін көрсету.
30- «Бақша ағаштары» әңгімесінің мазмұнын айту.
ІІІ кезең. Полиглот.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Бос орынға жасырын сөзді табу және үш тілде айту: қазақ, орыс, ағылшын.
1.Оқу 2. Су 3.Дос
ІV кезең. Тамаша үштік, үш пәннен сұрақ. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.
Тарих: ҚР-сы қай жылы тәуелсіздік алды?(1991 жыл)
География: ҚР-да қанша облыс орталығы бар?(14)
Қазақ тілі:Үндестік заңы дегеніміз не?
V кезең. Білімпаз. Тест арқылы Ы. Алтынсарин туралы білімдерін тексеру. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?
а) белгілі суретші, саяхатшы, әнші;
ә) әйгілі әнші, сазгер, суретші;
б) атақты ақын, аудармашы, ағартушы;
в) мәлімгер, саяхатшы, ақын.
2. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?
а) М. Жұмабаев;
ә) Ы. Алтынсарин;
б) А. Құнанбаев;
в) Б. Майлин.
3. Ыбырай Алтынсарин қай жылы туды?
а) 1841 ж.;
ә) 1901 ж.;
б) 1858 ж.;
в) 1894 ж.
4. «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?
а) А. Құнанбаев;
ә) Ы. Алтынсарин;
б) С. Сейфуллин;
в) А. Байтұрсынұлы.
5. Ы. Алтынсариннің табиғатқа арналған өлеңін белгіле?
а) «Өзен»;
ә) «Кел, балалар, оқылық»;
б) «Жаз»;
в) «Әй, жігіттер».
6. «Аз жұмысты қиынсынсаң көп жұмысқа тап боларсың...» деген жолдар
Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінен алынған?
а) «Атымтай Жомарт»;
ә) «Бай баласы мен жарлы баласы»;
б) «Әке мен бала»;
в) «Бір уыс мақта».
7. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторы кім?
а) Ж. Аймауытов;
ә) Қ. Аманжолов;
б) Ы. Алтынсарин;
в) М. Мақатаев.
8. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?
а) 1859 ж.;
ә) 1868 ж.;
б) 1879 ж.;
в) 1892 ж.
9. «Бағу-қағуда көп мағына бар» қай әңгімеден алынған?
а) «Бақша ағаштары»;
ә) «Бір уыс мақта»;
б) «Талаптың пайдасы»;
в) «Қыпшақ Сейітқұл».
10. Ы. Алтынсарин қай жылы мектепке барды?
а) 1867 ж.;
ә) 1850 ж.;
б) 1902 ж.;
в) 1874 ж.

(Балалар ұпайларын есептеп болғанша ән тыңдау)
ІV кезең. Соңғы кезең. Жеңімпаз. Екі көшбасшы үміткерлеріне 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру.
1 үміткердің сұрақтары:
1. Ыбырайдың туған жылы?(1841)
2. Қазақ алфавитінде қанша д/ы дыбыс бар?( 12)
3. Абай Құнанбаевтың әжесінің аты кім?( Зере)
4. Дүниежүзіндегі ең биік шың?( Джомолунгма)
5. Бір тәулікте қанша сағат бар?(24)
6. «Евгений Онегин»шығармасының авторы кім?(А.С. Пушкин)
7. 2011 жылы ҚР-ның тәуелсіздігіне неше жыл болады?(20)
8. АҚШ-ның президенті кім?(Барак Обама)
9. Ш.Уәлихановтың әкесі кім?( Шыңғыс Уәлиханов)
10. Ас атасы не?(нан)
11. Менделеев кестесінің бірінші элементі?(сутек)
12. Әкесінің әкесі кім болады?(ата)
13. 2+2 неше болады?(4)
14. Ұлыбританияның астанасы?( Лондон)
15. Ы.Алтынсарин қай жылы қайтыс болды?(1889 жылы)
2 үміткердің сұрақтары:
1. Ыбырайдың атасы кім?( Балғожа)
2. Қазақ алфавитінде канша д/з дыбыс бар?(25)
3. «Абай жолы» романының авторы кім?(М.Әуезов)
4. Дүниежүзіндегі ең кішкентай құс?(калибри)
5. Бір жылда неше ай бар?(12)
6. Евгений Онегиннің ғашығы кім?(Татьяна)
7. Қазақстанда Азияда ойындары қай жылы өтті?(2011)
8. Ресей Федерациясының президенті кім?(Д. Медведев)
9. Ш. Уәлиханов қанша жыл өмір сүрді?(30)
10. Өнер алды қызыл не?(тіл)
11. Менделеев кестесінің 16-шы элементі?(оттек)
12. Анасының ағасы кім?(нағашы)
13. 5+5 неше болады?(10)
14. Түркия астанасы?( Анкара)
15. «Кел,балалар,оқылық» өлеңінің авторы кім?(Ыбырай)
Сабақтың қорытындысы: ХХІ ғасыр көщбасшысын марапаттау, оқушыларды бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: srayzhan (2012-02-02) | Автор: Сарлыбаева Райжан Муслиповна
Просмотров: 7889 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru