Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың тиімді жолдары. Найманова Айслұ Теміржанқызы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі №8 орта мектеп, Ақсу қаласы «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары: 1.Сөздік қорын дамыту 2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру 3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту 4.Әңгімелеуге үйрету Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардың тілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар: -Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет. -Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруы тиіс. -Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек. -Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек. Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады: -белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді -белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді -сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады -сөйлеу тілін байтады -сөздік қорын байытады -нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді -әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады Әр сабақты сөйлеу тілімен бастаған жөн, себебі оқушылар тілді есту арқылы тез үйренеді. Сабаққа керекті көрнекті құралдар, дидақтикалық материалдар іздестіріп, әр кезеңің ойластыру керек.Сабақ тартым , қызықты болу үшін, оқушыларды қалай белсене қатыстырамын деген сұрақтарға мұғалім жауап іздейді. Алдыма қойып отырған мәселенің бірі-оқушыларға қазақ тілін игерем тудыру, қазақ халқының мәдениетінмен, салт-дәстүрімен жалпы таныстыру. Қазақ тілінде еркін, сауатты , сапалы оқу, іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру, сан алуан мемлекеттік қоғамда, ортада сөйлей білуге үйрету. Тілді үйретуде оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастыру, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетіндамыту-ең басты орын алады. Б.Дәндібаева, Ж.Абузярова деген ғалымдар оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруде ролдік ойындарға мынадай баға береді: «Ролдік ойынды оқыту мақсатында қолданып, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десек де болады» М.Әуезов: « Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын жаман жұмыс сияқты»-дейді. Ойын әдісін қолдану мақсаты, жолы-лексиканы меңгеруге деген қызығушылықтарын ояту тілдік қатынас жасауға деген талабын ашу. Тиімділігі – ойындар ойнау кезінде тілдік қарым-қатынастар ерекше маңызға ие болады. Кәсібі сөздерді естерінде сақтауға мүмкіндік береді. Сауатты, мәдениетті түрде сөйлей білуге жаттығады. Нәтижесі-сөздік қорын молайтады. Өз бетінше тілді үйренуге септігін тигізеді, тілін дамытады. Сабақта қолданылатын технологиялар: 1.М.Жанпейсованың технологиясы. Бұл технологияның маңызы-сөйлеу мен тілдік материалдарының базасында елтану, этномәдениет материалдардың негізінде комплексті түрде оқыту. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту көп деңгейлік оқыту арқылы іске асырылыу мүмкін екендігін белгілі ғалым, профессор Ж.Қараевтің еңбектерінде дәлелденген. Осындай көзқарастарды Ф.О.Оразбаева, Н.Оралбаева да құптайды. Технологияның тиімділігі-балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, қабілеті бар екенін ескере отырып, сабақтарды осы ерекшеліктерге бейімдеуге жол ашады. Бұл технология арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, танып білуге талпынысын пайда болуына жетелейтін коммуникативтік ұстаным басшылыққа алынған. 2.Ривин әдісі 3.Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы 4.А.К.Т-лар 5.Проблемалық әдісі 6.Шығармашылық әдіс 7.Тест 8.Дидактикалық ойындар Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамыту жолдары мен әдістерін А.А.Мелик-Пошаевтің, В.С.Шубинский, Қ, Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырғалған. Аталған еңбектерде шығармашылық қабілеттерін анықтау, шарттары мен жолдарын айқындау, құралдарын белгілеу тәрізді ортақ идеялардың бар екендігі байқалады. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма, өлең жазу арқылы жазба тілді де дамытуға болады. Тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, 3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориасы мен әдістемесі . Алматы, 2000жыл | |
Просмотров: 5121 | Комментарии: 6 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|