Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Тілім менің тірлігімнің айғағы....»
Семей қаласы
№8 мектеп-кешені
Қазақ тілі және әдебиет
пәнінің мұғалімдері:
Карипбаева Мөлдір
Айтқазина Арайлым

«Тілім менің тірлігімнің айғағы....» тіл додасының сценарийі:
Мақсаты:
Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру, оқушыларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқи білін жетілдіру. Ата-баба мұрасына адалдыққа және оны жалғастырушы болуға баулу.Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру. Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету, туған тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, қабырға газеті, « Тіл туралы Заң », слайдтар, электронды оқулықтар, таратпа қағаздар, сұрақтар.

Барысы:
1-оқушы: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, көздерінде от ойнаған жалынды оқушылар! Өнер мен ғылымның қасиетті тұғыры болған оқу ордамыздағы «Тілім менің тірлігімнің айғағы...» атты тіл додасын ашық деп жариялаймыз!
2-оқушы: Жалынды да дарынды қырмызымыз,
Қашанда биік біздің жұлдызымыз.
Өнер мен ғылымды ұштастырған,
8 –інші мектептің ұл-қызымыз, - дей келе, 8 сыныптар арасындағы тіл додасын тамашалауға хош келдіңіздер!
1-оқушы: Ана тілім, күмбірле сарайымда!
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
2-оқушы: Бұл сөзіме сенбе мейлің, сен мейлің,
Өз елімдей ешкімді де сүймеймін.
Қазағымның қаныменен қызынып,
Қазағымның тіліменен сөйлеймін.
Ендеше, Нұрсұлтан ана тілге деген құрметімізді тіл додасы арқылы көрсетейік.
1-оқушы: Олай болса, қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
2-оқушы: Тіл додасының шарттарымен таныс болыңыздар: 1 бөлім - «Сәлем – сөздің анасы» .
1-оқушы: 2 бөлім - «Тіл тағдыры-ел тағдыры»
2-оқушы: Келесі бөлім «Білімді мыңды жығады».
1-оқушы: 4 бөлім - «Мақал – сөздің мәйегі».
2-оқушы: 5 бөлім - «Өз тілінде оқылмаса – жыр жетім». Сайыс барысында шарттармен толық таныстырамыз.
Бүгінгі тіл додасын бағалайтын сарапшылармен таныс болыңыздар:
1-оқушы: 1-сарапшы
2-оқушы:2-сарапшы
1-оқушы: 3-сарапшы

1-оқушы: Ана тілін қорғауға
Шықтық біз де топ құрап,
Сәлем бердік, халайық,
Әсем әнге салайық, - деп бастағалы тұрған 8 «А» және 8 «Ә» тобы «Сәлем – сөздің анасы» бөлімі бойынша, өздерін таныстырады. Қарсы алыңыздар!

2-оқушы: Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма, -деп Абай атамыз жырлағандай «Тіл тағдыры-ел тағдыры» бөлімін бастаймыз.
«Менің елім» атты деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Электронды оқулықпен жұмыс. Ұлттық құндылықтар тарауындағы Модульдік тапсырмалардың 2,3-тапсырмалар.

1-оқушы: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда, - деп «Білімді мыңды жығады» бөлімінде әр топқа 3 сұрақтан қоямыз. Топпен жауап беріледі.
1) ҚР Тіл саясаты туралы тьұжырымдамасы қай жылы қабылданды? (1996)
2) Қазақ тілінің кемелденген тіл екенінің негізгі белгілері қандай?
3) «Қоғам тілді дамытады, тіл қоғамдық сананың дамуына ықпал етеді» дегенді қалай түсінесің?
4) А.Байтұрсынұлының жасаған қазақ әліпбиі неліктен «төте жазу» деп аталады?
5) «Бұл дәуірде өз тілін әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады » атты қанатты сөздің авторы кім? (М.Әуезов)
6) «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, қасиетсіздері ғана аяққа басады....» атты қанатты сөздің авторы кім? (Ғ.Мүсірепов)

2-оқушы: Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде ана тіліміз талайды тамсандырады. Мақал-мәтелдер де тіліміздің байлығының бір бөлігі.
1-оқушы: Ендеше, «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі бойынша әр топтың тіл туралы қаншалықты мақал-мәтел білетінін тексерейік.

2-оқушы: «Өз тілінде оқылмаса – жыр жетім» бөлімі бойынша, тіл туралы көркем сөз оқуға 8 «А» сыныбын шақырамыз.
1-оқушы: Келесі кезекте 8 «Ә» сыныбын қарсы алыңыздар.

2-оқушы: Тіл додасының шарты бойынша, жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. Қай топтың қолқа салатындығын анықтау үшін сөз сарапшыларға беріледі.

1-оқушы: Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен-тек Асан қайғы.
2-оқушы: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Осымен тіл додасы аяқталды. Келесі кездескенше,
1-оқушы: Қош-сау болыңыздар!
2-оқушы: Қош-сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gauka___ (2012-02-03) | Автор: Айтқазина Арайлым, Карипбаева М. E
Просмотров: 7472 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru