Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сын есімнің жасалу жолдары бойынша тапсырмалар мен ойын түрлері.
Сын есімнің жасалу жолдары бойынша
тапсырмалар мен ойын түрлері.

Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі өзіндік алатын орны бар сын есімнің оқытылу әдістемесі ерекше орын алады.
Сын есім – зат есімге қарағанда дерексіз ұғымды білдірктін сөздер. Сондықтан оқушылар үшін сын есімнің ұғымызат есімнен гөрі қиынырақ тиеді. сын есімді өткенде әдебиеттік оқумен байланыстырып, көркем шығармаларда заттың, құбылыстың белгісін, сынын, сипатын, түсін білдіретін әр түрлі сын есімдерді көрнекі әдіспен оқушылардың санасына жеткізе түсіндіру керек.
Біріншіден мұнда сын есімдердің әр түрлі мағыналарын көріп түсінетін ьолса,екіншіден, сын есім арқылы табиғат құбылысын, адамның мінез-құлқын, сыр-сипатын кеңірек суреттеп, айтылатын толық ой шығады.
Сын есімді басқа сөз таптарымен шатастырмай, тез айыра алатын етіп дағдылану үшін мұғалім сыныпта және үйде орындауға арнайы жаттығу жұмыстарын береді. сонымен қоса оқушылар өздері мысал келтіре аларлықтай етіп дағдыландыруы керек.

№1. Сын есімді сөйлем мүшесіне қарай ажырат.
Қалиман шылбырдың күрмелі басын көкжалдың тұмсығына кигізіп жіберді. Аспалы бесік өз екпінімен тұра берді.
№2. Мына сөйлемдерде сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болып тұр.
Білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. Жақсылық іс қайда болса, жақсы ат сонда. Өнегелі өрге жүзер.
№3. Мын сөйлемдердегі сын есімдерді сөйлем мүшесі бойынша талда.
1 тапсырма:
1. Үлкен бастар, кіші қостар.
2. Жақсылыққа жақсылық-әр адамнық ісі, жамандыққа жақсылық-ер адамның ісі.
3. Жақсыда жаттық жоқ.
2 тапсырма: Ой өрісін кеңейтуге бірнеше сұрақ беріледі.
1. Бір ақ адамды жеңетін кім?
Мың адамды жеңетін оқымысты ше?
2.Өзі аппақ.
Балдай тәтті-ақ.
Ол не?
№4. Сын есімді қайталау және пысықтау үшін жүргізілетін жаттығу жұмыстары:

1 тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді оқып, мағынасын түсіндір. Әр сөйлемнің құрамындағы сын есімді атап көрсет:
1. Әдептіге елікте.Әдепсізден жирен.
2. Жақсыдан үлгі ал.
3. атақсыз өзеннің тасуы жаман, ақылсыз адамның ашуы жаман.
4. Ақылы аздың тілі ұзын.
5. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа.
6. Айлалы батыр алдырмас.

2 тапсырма:Сөйлемдерді оқып, сын есімді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңыз:

Абайдың ағаш үйінің іші-сырты салтанатты, өте көрікті.
Оның сұлу көздерінің ақ-қарасы әлә де тап-таза.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс:

1 тапсырма: Төмендегі жай шырай сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Терең, таяз, әдемі, семіз, ауыр, жеңіл, қара, ұзын, тәуір, қышқыл, тәтті, аласа, биік.

2 тапсырма: Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасап жазыңдар:
төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, ашық, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр, қоңыр.

3 тапсырма: Төмендегі сын есімдерден күшейипелі шырай және асырмалы шырай жасаңдар:
Қара, аласа, бос, ауыр, келте, ащы, биік, шұбар, боз, әлді, еріншек, жақсы, тәуір, күрең, сопақ, жалпақ, қырлы.
Үлгі: жап-жалпақ. Тым жалпақ.

4 тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, күшейтпелі, асырмалы шырыйларды тап:
1. Кохоз қалашығы өте сәнді. Қалада биік-биік үйлер салынуда. Көшелерде электр шамдары жарқ-жұрқ етіп, күндізгідей жап-жарық болып тұрады. көшелер түп-түзу, теп-тегіс.
2. қара жерге түп-түгел жібек төселгендей.
3. жып-жинақы өте кең үстедің басында қонақтар жиналып, әңгімелесіп отыр.

5 тапсырма. төменде берілген сын есімдер мен зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Сын есімдер: доп-домалақ, жасыл,тұп-тұнық, көкала, кішкене ақ, сары, қызыл, көңілді.
Зат есімдер: тастар, шөп, бұлақ, көбелек, балалар, гүлдер.

6 тапсырма. Төмендегі сын есімдерге сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жаз:
Қызыл. Еріншек. Ақылды. Қара ала. Түпсіз. Терең. Кең. Алыс. Анық. Ибалы. Мықты. Пәлеқор. Жеңіл. Жайлы. білгіш. Кәрі. Жасық. Арзан.

7 тапсырма. Көп нүктенің орнына төмендегі жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасаңдар:
Үлгі: жұқпалы.
Жұқ, қап, көтер, тербел, бас, жылт, кіші, ұрыс,от, көйлек, қара, тұса, жала, тас, тұз, жаз, күз, шоқпар.
Жұрнақтар: -палы, -іңкі, -мелі, -палы, -ыңқы, -рек, -ғыш, -дай, -гі, -ғы, -қақ, -шең, -тай, -мыс, -қор, -ды, -ді.

8 тапсырма. Туынды сын есімдердің жұрнағын бір бөлек, түбірін бір бөлке жаз:
Үлгі: Түн-гі.
Көргіш. Айлакер. Жалпақ. Мүйізсіз. Күлкішіл. Ұзынша. Кішкентай. Ашулы. Ұстамды. Тершең. Ақшыл. Сұрғылт. Балалы. Денелі. Көйлекшең. Тұзды. Басшы. Жалақор.

Сын есімді оқып үйренуде де ойын элементтерінің алар орны ерекше. Бұл үшін ойын элеиенттерін түрлендіре балалардың жас ерекшеліктеріне орай қызықтыра отырып жүргізеді.
Мысалы:
1. Мына төмендегі сөздердің мағыналас сөздері қандай:
(жақшаның ішінде жауабы)
Мешкей (тойымсыз, қомағай), Кербез(сылқым), долы(ашуланшақ, ұрысқақ), кескінді( әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы, реңді), іскер (ісмер, шебер) т.б.
2. Тақтағ үш оқушы шығады. Үшеуіне үш түрлі сұраққа сын есімдер арқылы жауап беру тапсырылады. Кім көп сын есім тапса, сол жеңімпаз атанады. Мысалы:

1. Қандай оқушы? 2. Қандай киім? 3. Қандай үй?
жақсы, озат, үлгілі, тәртіпті, ақылды, өнегелі, жаман, салақ, тәртіпсіз, ұқыпсыз т.б. әдемі, таза, ұқыпты, жарасымды, ұзын, қысқа, кең, тар, кір, ескі, жаңа т.б. биік, аласа, әдемі, жинақы, таза, ескі, жаңа, лас, күтімсіз, көп қабатты т.б.

3.Бір сын есімге зат есім және керсінше.
Мынадай үлгіде бір сын есімге көп зат есім немесе бір зат есімге көп сын есім айту керек. Бұл үшін тақтағ екі бала шығарып, өзара жарвс ұйымдастыруға болады. Мысалы:

кітап әдемі
әңгіме әуезді
кино мұңлы
қызық көңілді
ой нашар
қылық әсем
кеш бағалы

4.Қарсы мәнді сөздері қандай?

Төмендегі сөздердің қарсы мәнді сөздерін тауып жазыңдар:

аңғырт (қу) мейірімді (қатыгез)
доғыл (епті) салақ(таза)
пысық (сылбыр) талдырмаш(толық)
кең (тар) аласа (биік)
сыпайы (анайы) өжет (қорқақ)

5.Кім жақсы біледі?
Мына сөздер қай малға тән екендігін анықтап, тиісті бөлікке қосу керек. Кім бұрын, әрі дұрысорындаса сол жеңімпаз атанады:
Малдың түсі қой ешкі сиыр түйе жылқы


Ала
ақ
қара
қара ала
көк
көк ала
қызыл
қызыл ала
жирен
боз
торы
кер
қара кер
құла
қоңыр
шабдар
тарлан
бурыл
тарғыл
сұр
күрең
қасқа
құба
ақ жал
құла кер
кәрі
жас\
Бұл ойын арқылы оқушылар малды түстеуге үйренеді әрі тез ойлауға дағдыланады.
Тақтаға үш оқушы шығарып, үшеуіне парақшаға жазылған үш түрлі тапсырма беруге болады.
6.Төмендегі сөздерден адамға тән сын есімдерді адамға бір бөлек, малға,аңға тән сын есімдерді бір бөлек, табиғатқа тән сын есімдерді бір бөлек жазыңдар. Ортақ сипатты білдірсе екеуіне жазылады: сақ, бағлан,көкшіл, дүлей, мешел, бұралқы, біртоға, мылқау, қомағай, қысыр, суайт, кекеш, лайсаң, тоғышар, қорқау, бойдақ.

7. Төмендегі сөздердің әрқайсына сын есімнен болған теңеуді ойлап жаз.
1. Тау. 2. Сөз. 3. Күн. 4.Жігіт. 5. Суретші.

8. Сөз ойыны.
Мақсаты: сын есімнің салыстырмалы шырайын меңгерту. Ойынға бірнеше бала қатыса алады. Бірінші бала жай шырай айтқанда, келесі балалар ретпен салыстырмалы шырайды түрлі жұрнақтар арқылы жасауы керек. тез айта алған бала бастаушының қолын ұстайды. Айта алмаған бала ойыннан шығады. Ең соңында қалған бала жеңімпаз атанады. мысалы: қоңыр-қоңырлау-қоңырқай, қоңырырақ.

Сабақта ойын элементтерін жүргізу барысында қызықтыру, ынталандыру басты рөл атқару керек. Өте жақсы, тез, ұтымды жауап берген баланы көтермелеп, жеңімпаз деп тануға және келесі ойындарға бастаушы етіп қоюға болады. Осылайша өткізілген ойын сабақтары өте қызықты, тартымды өткізілмек. Мысалы: мынандай ойын балалар үшін өте көңілді әрі үлкен шығармашылық жұмыс болады.
Бастаушы карточкадан сөзді оқыған үш қатардан шақырылған балалар тез және кері оқуы керек. сонда бастаушы оқыған сөздерге лайы. сын есім шыққанына көз жеткізіледі.

Бастаушы: Балалар:
қозы озық
отыр торы
олақ қола

Ойын элементтерін сабақ барысында ұтымды пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. қазіргі таңда теориялық материалдарды ойын элементтерімен толықтыра отырып оқыту, үйрететін материалды қызықты етіп беру мұғалімдерден крекше талап етіп отыр.
Ойын элементтерін сабақ барысында пайдаланудың негізгі мақсаты- оқушылардың грамматикадан сыныпта оқып-үйренгендерін ойын арқылы қайталап, жауапты тез табатын тақырыпқа баулу, қиялдың ұшқырлығындағдыландыру. Тілімізде көп кездесетін мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, құпия сырлы сөздер туралы толығырақ мәлімет беру, сондай-ақ ойын элементтерін ұтымды пайдалану сыныптан тыс жүргізілетін түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүйелі, қызықты етіп жүргізуге көмектеседі.

Сын есімнің түрлі шеберлік қырларын меңгертіп, соны шәкірт жүрегіне жеткізеберу бүгінгі таңдағы болашақ арманы болу керек. Сондай -ақ қазақ тілін оқыту методикасы қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілімен берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым екеніне көз жеткізуге болады.
Мұғалім ана тілі мен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады. Бұл ретте қоршаған ортаның, ондағы әрбір заттың сынын, сипатын білдіретін сын есімнің орны ерекше.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: almatahura (2012-02-06)
Просмотров: 21633 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru