Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ тілі сабағында оқушыдардың мәдениеттанымдылық құзыреттілігін дамыту Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы жалпы білім беретін мектептерде негізгі міндеттердің қатарына оқытудың құзыреттілік тәсілін жүзеге асыруды басты назарға қояды. Болашақ ұрпақ білімді, талантты ойы ұшқыр, ісі өнімді болуы қажет,өйткені ол қоғамның дамуына, елінің гүлденуіне, елеулі үлес қосатын жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет.(Н.А.Назарбаев) Мұғалім мақсаты – бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.Қазақ тілі сабағында шәкірттің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт – сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы мұғалімнің ізденспен жұмыс жасағанда ғана белгілі бір нәтижеге жетері анық. Құзыреттілік оқушы үшін – білім,дағды, қабілет. Ұстаз үшін – білім, тәжірибе, іскерлік. Құзыреттілік – пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін қажетті,өз позициясын анықтауға,адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Ғылыми тұрғыдан құзыреттілікке негіз болатын ақпараттық құзыреттілік, коммуникативті құзіреттілік , кәсіби құзіреттілік мазмұнын шеше білгенде ғана мақсат орындалады. Ақпараттың құзыреттілік дегеніміз–өздігінен білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы. Коммуникативті құзыреттілік – тіл арқылы өндірістік, мәдени өмірдің сан алуан міндеттерін шешу, қарым-қатынас мақсатын жүзеге асыру үшін сөйлей білу. Кәсіби құзыреттілік–белгілі тұлғаның стандартқа сәйкес міндеттерді орындай білуі. Ал мәдениеттанымдылық құзыреттілік дегеніміз–қоғамның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, ұлттық және әлемдік әдебиеттердің құндылықтарын игерген тұлга қалыптасуы. Құзыреттер – бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттармен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа. Оқушы өз жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі тиіс. Кез келген адамда білімділік нышандары болады. Сол нышанды дамытса әдет–дағды, дағды-дәстүрге, дәстүр-салтқа айналатын сияқты білімге құштар болу–зор талап туады. Талапты ерге нұр жауар дейді атам қазақ. Ол үшін жас жеткіншекке сөзді тыңдай біліп, кітапты көп оқып, отты сөздерді ойға тоқып, нағыз ділмарлық дәрежесіне келтірілілуі мұғалімнің, одан қала берсе ата-ананың міндеті. Сөз–адам үшін тәрбие құралы, білім, білік, мәдениет, өнер бастауы, әсемдік қазынасы. Игерген білімді сөз арқылы, тілдік қатынас арқылы жеткізе аласың. Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де мәдениеті ,өзіндік игі ғұрып –дәстүрі бар,этнографиялық ахуалы әр қилы,пейілі, өзінің байтақ даласындай кеңдей қонақжай халық.Халқымыздың бітім болысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей,қазақ–жайшылықта–тәубешіл,жаугершілікте–тәуекелшіл,зерделі де ойшыл,сабырлы да төзімді,шыдамды да жомарт,елгезек те еліктегіш,кеңпейіл де кішіпейіл,ерегескен мен ерегесетін,дос пен дос бола алатын,әділдікті бағалай білетін халық. Қазақтың этникалық тәрбиесі өмір бойы жүзеге асырылатын біртұтас процесс. Адам өз халқының салты мен дәстүріне негізделген этникалық нормаларды,этникалық рөлдерді, этникалық құндылықтарды меңгереді.Нәтижесінде оның этникалық өзіндік сана сезімін,өзін этнос мүшесі ретінде сезініп, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін, өзінің тіліне, тарихына, мәдениетіне жақсы көзқарасын,сондай-ақ басқа этнос өкілдеріне сыйластық пен түсініспеншілік сезімі қалыптасады. Оқушыларды этникалық тәрбиелеуде қоғамның, ортаның орны ерекше.Қазақ этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие ісіне пайдалануды бүгінгі күн талабынан туындаған жаңашылық (инновациялық) процесс ретінде қарастыру үшін ең алдымен әдістемелік жағынан қамтамасыз етіп, оқу-тәрбие процесіне қажетті әдістемелік кешендер даярлау қажет. Мұғалімдердің дайындаған әдістемелік құралдары қазақ тілі сабағында этнолингвистикалық лексикадан дерек береді, оқушының мәдениеттанымдылық ой өрісін кеңейтіп, сөз қадірін қастерлей білуі, тілдік сөйлеу дағдысын дамыту,қалыптастыру тұрғысында білім мазмұнын игертуде айтарлықтай нәтиже береді. Ұстаздың барлық жұмысы өз шеберлігіне байланысты. Заман талабы жоғары. Заман талабына сай білімді шәкірттерді тәрбиелейік. Семей қаласы Жалпы білім беретін №30 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі – Ильясова Н.А. | |
Просмотров: 2408 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|