Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Әдеби сазды кеш сабағы
Әдеби сазды кеш сабағы
( Оралхан Бөкеев шығармашылығына арналған)
Ж.Қамбарова, Благодар орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы
Үлкен зал. Зал іші гүлмен, шармен безендірілген. Төрде Оралхан суреті. Залға жазушы шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Залға: «Ұйқым келмейді», «Мынау аппақ дүние» деген өз сөздері ілінді.
Жүргізуші: Қадірлі әдебиет жанашырлары, сіздердің назарларыңызға төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты жазушы, аяулы азамат Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған «Оралханды ойласақ...» атты кешті ұсынамыз.
(Ән-әуен «Періштелер биі» бишілер сурет жанына шырақ жағады).
Толқытар ойлар мың қилы,
Армансыз әсте күн бар ма?!
Жүрегі оның бұлқынды,
Анадан алғаш туғанда.
Өмірі, шығармашылығы туралы 8-сынып оқушысы Жәнібеков Сәндібек сөз алады.
Иә, Оралхан Бөкеев сұрапыл соғыстың отты жылдарында 1943 жылы 28-қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатон қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келеді.
Өзінің туған күні туралы Орағаң әзіл-қалжыңы аралас былай дейді екен: «28-қыркүйек – қазақ әдебиеті үшін қайырлы күн. Мұхтар Әуезов 28-қыркүйекте туған. Шерхан Мұртазаның туған күні де 28-қыркүйек, мен де осы күнде дүниеге келіппін».
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған Оралхан ағаның алғашқы әңгімесі 1967 жылы «Жұлдыз» журналында «Таң шапағы» деген атпен жарыққа шығады.
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген Оралхан Бөкей журналистік кәсіптің шырағын жиырма жасында жағып, қатардағы әдеби қызметкерлігінен Бас редакторға дейінгі 26 жылда жазу өнерінің ат жалында ойнағаны жұртқа мәлім.
Жүргізуші: Оралхан туған елін кереметтей көріп, ерекше қастерлейтін. Өзінің туып-өскен Шыңғыстай ауылын қайда жүрсе де аузынан тастамайтын. Алтайдың шығысында сонау бір түкпіріндегі қалың қарағайдың арасында Шыңғытай ауылының барын бұрын кім білген? Қазақтың кең байтақ жерінде аралға ұқсап, оңаша қалған кішігірім ауылдар аз ба? Тым шағын осындай ауылды әлемге танытуға болады екен. Танытатын – сол жердің даңқты азаматы Шыңғыс Айтматов өзінің туған ауылы Шекерді бүкіл елге танытты.
Біз Орағаңның туған ауылы Шыңғыстайды да жап-жақсы біліп алдық. Ағаның жазған әңгімесінен Шыңғыстай ауылына кіріп, үйлерін аралап, адамдармен танысып отырмыз.
Соның бірі балаларға ертек айтып жүріп, еңбекке тәрбиелеген әжеміз Сарқыт жайлы жазған «Апамның астауы» әңгімесі.
(Гүлдария)
Он бес жасыма дейін Апамның қойнында жаттым; он бес жасыма дейін Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Мен ол кезде Апамның тарихын, тіпті кім екенін білмей алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, еріні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегін дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана...менің көз алдымда: қандаурынан қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған, жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам;... ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса түгел қолынан келетін апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.
(Арайлым)
Жаз шыға бәріміз (әпкелерімізді айтамын) Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға аттанамыз. Бір-бір арқа отын көтеріп ең алда Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер, күлі-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында. Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар, ол кісілерге зиянымызды көп тигізбейтін едік. Шынымызды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойылып жасалған келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті – төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмеймін, не болмаса тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық, ораза-намазы бұзылмаған таза да тәкаппар әйел еді. Бала кезімде байыбына барып бағамдадық па, бізді қойып, бүкіл ауыл-аймақ, тіпті қазақ елі ең соңғы қасиетті әйел, тұрмыстық-салттық өмірдің этикалық-этнографиялық, тіпті археологиялық байлығынан айрылғанын білді ме? Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарарлық бүкіл іскерліктің қолөнер институтын, немесе фабрикасын ашып менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он саусағынан өнер тамған ұрпақ дайындап шығарар еді.
(Гүлзат)
Ия, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта осыншалық мықты, осыншалық ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы.
Бірақ біздер, жиырмасыншы ғасырдың азаматтары көп ретте осындай асылымызды байқамай айналып өтер едік. Айрылып қалған соң ғана айтып өтіп, сан соға өкінер едік. Өзгені қойып мықтынсып жүрген мына менің өзім сол Апамның тірі кезінде неге ғана бәрі-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігудің, саба, сүйретпе, торсық істеуді бүкіл қыр-сырын тәптіштеп жазып алмадым...
Қазір Апам жоқ. Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жарықтық астау да қаңсып қалды әне... қаңсып итаяқ болып қалды әне. Апам ала кеткен жоқ.
(Алтынгүл)
Ия, сонымен қанша туа от маздатып, қарағайдың шәйірін жалмаң-жалмаң шайнап, екі бүйірі, жон арқасы нарттай қызарып кеткен темір пешке шырт-шырт түкіріп шыжылдатып отырған тамам баланың ортасында қарадай қақсайып отырар, Апам менің, қап-қара болып тілім-тілімі шыға жарылған аяғыма қаймақ жағатын. Қаймақ тиіп, удай ашығанда, шыбын жаным шырқыраушы еді. Қаздың балапанындай алқа қотандай жайғасқан немерелерін айналып-толғанған әжемнің тек қарашада, қылаулап алғашқы қар жауарда ғана айтар әңгімесі ағыл-тегіл. Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық, тәрбие деген ұғымының асқарлы таптырмас үлгісі екенін қайдан білейік. Дүние жүзінде Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда. Бұл жалғанда қас қарая малды жайғап келіп, әңгімесін тыңдағаннан қымбат сәттер табыла ма, қайта айналып келер ме?
(Ләззәт)
Апа ауырып жатыр!
Біз алғашында сеніңкіремедік, тек шешем ғана: жеңешемнен айырылып қалмайық, кісі шақыратындай қатты ауырған емес еді,- деп тұра жүгірді. Бәріміз шұбап кеттік. Апам өзінің ағаш төсегінде кеудесі сырылдап, құр-құр етіп, теріс қарап бүк түсіп жатыр екен. Көзін алайта ашады да, қайта жұмады. Тіл-аузы байланған, келгендерді танымады, білем. Әкем екеуміз басын көтеріп, сусын ішкізіп едік, езуінен қайта ақты. Балалар ұлар-шу. Бәріміз жылап жүрміз. Жеңеше,- деді шешем тарамыстанған артық қолынан ұстап, - елу жыл бірге өмір сүріп едік, жамандығым, ағат кеткен жерім болса, кеш. Кеш, жеңеше, кеш, ораза-намазы бұзылмаған асылым,- деп көзіне жас алып, қолынан сүйді. Әлгіден бері кісі танымай кеудесі сырылдап іргеге қарап жатқан Апам күшпен аунап, шалқалады да иегін қақты. Сонсоң әрең: «К-е-ш-т-і-м»,-деді де көзін қайта жұмды.
Апам күбірлеп «Илайолла, илайолла», деп иман айтты. Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жаназасын өзі шығарып жатқанын сездім. Ендігі сәтте шешем: «Апаңнан айрылдық»,- деп, бісміллә деген күйі әлемдегі ең ұлы аналардың бірі – Апамның бетін жапты. Үйдің іші ұлар-шу, қым-қуыт.
Апам менің... Өлдің, ауырмай-сырқамай, бір тісің шетінемей, «Алла белім» демей, сексен тоғыз жасында өз иманыңды өзің айтып өлдің. Апамды арулап сырмаққа орап, зузаға салып көтере жөнелгенде үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар еңіреп немерелері қалды. Маған зузаның ең бір маңдай басы тиіп еді, ағаш сырғауыл иығыма батып, жанымды шығарса да шыдадым.
(Ардақ)
Апамды үйінен, қара орманынан ел-жұртты шулатып ала қашқан шеру жаңадан қазылған жас қабірдің басына келіп тоқтап, сүйек салынған зузаны жерге түсірген соң біздерге бір-бір сомнан ақша таратты. Менің де ұйып қалған алақаныма жұмарланған бір теңгелікті ұстата салғанда жүрегім дір ете түсті де, көзімнен жас ыршыды. Менің есіме сонау балалықтың алаңсыз жылдарында «ақшамды алып қояды деп» бөлек кеткенім түсіп еді. Енді міне, мойныма қарыз болмасын дегендей, сол бір қайнатым шай алған бір сомды өзіме қайтарып тұрғандай сезіндім. Өз-өзімді тоқтата алмай жыладым, қара жер томпайғанша жыладым.
Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым. Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Ия, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау.
(Гүлдария)
Мен осы әңгімені оқығаннан кейін ене түсіндім?
Оралхан Бөкеевтің «Апамның астауы» атты әңгімесінде «әже» мен «немеренің» үлкен, шексіз де шетсіз махаббаты көрсетілген. Жазушы, әжеге баласынан гөрі немересі ыстық әрі қымбат болатынын көрсеткен. Егер, бала әжесінің тәлім-тәрбиесінде өссе, оған ата-анасынан гөрі әже қымбаттырақ болады. Оралхан Бөкеев осыны анық көрсеткен. Жалпы, әже тәрбиесін көрген бала тәртіпті, мәдениетті болады, әрі өнерлі, өнегелі болып келеді. Әженің тәрбиесінде болған бала мұғалім мен мектепке ауырлық түсірмейді екен. Өйткені әже өзінің көрген-білгенін айтып, тәртіпті тәрбиелеп, еңбекке баулып, мәдениетке үйретеді. Осыны Оралхан жақсылап көрсеткен. Оралханның табиғаты қандай қылаусыз, таза болса, оның күллі шығармаларының да қардай аппақ кіршіксіз сөзді лебі есіп, қаламгердің кәусар демі сезіліп тұрады. Сондықтан болар, Орлахан қалың қазақ естімеген, тіпті күллі адамзат баласы естімеген дауысты естиді.
Бұл – Оралханға ғана тән стиль. Оралғанға ғана тиесілі сезім. «Апам менің» дейді. Ол күйзеле «Сезімнен не қалды?» «Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау!»
Жүргізуші: Оралхан аға – заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер. ХХ ғасырдың соңында адамзат өмірінен тарихи-психологиялық және әлеуметтік-философиялық шығарма жазып, жол салған Оралхан Бөкеев екендігінде ешкім таласа қоймас.
Оның «Атау-кере» атты әңгімесінен үзінді тыңдай отырып, жазушының көркем әдебиетке қосқан ерекше құбылысын аңғарасыздар.
(Толғанай)
Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей, бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайып, маужыратады-ай. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де өкпеледі ме, кім білсін, ләм-мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды.
Күннің бүгін тым жанға жайлы болып тұрғанын білген Нүрке кемпір бұлар бал шайқау науқанына кіріспес бұрын бір өтініш айтқан. Онда да ұнжырғасы түскен ұлына емес, келіні мен Тағанға қаратып айтқан.
-Қарақтарым, бүгін күн ашық екен, келер күзді көрем бе, көрмеймін бе, оны бір Алланың өзі білер, мені Тысқа шығарып отырғызыңдар, намаз арасына шуақтайын,- деді үні дірілдеп.
-Апа-ау, керемет әдеміленіп кеттіңіз,-деп күле әзілдеді Таған таң қалғанын жасыра алмай.
-Мені айттырған адам жоқ еді... қыз кезімнен қалған жұрнақ шығар. Қараңғыда қамалған қаздай қаңқылдап отыр едім, далаға шығып жаным жарылқанып қалды-ау. Ал енді сендер жұмыстарыңа барыңдар. Ерік іздеп жатқан шығар,- деді серги сөйлеген кемпір.
(Гүлнұр)
Міне, енді аралар әулетінің арпалысып, тірнектеп жинаған шырынын аузынан жырып алу қарекетіне кірісіп кеткен. Бал айырғыш аппаратының құлағын бұрап тұрған Таған анда-санда кемпір отырған жаққа қарап қояды.
Не ойлап отыр? Кім білсін... Еріктің қолындағы түтіннен үріккен аралар тынымсыз айналсоқтап, тыныштығын бұзған бұзақыны нәлеттегендей гу-гу етеді. Кейбірі ұзап ұшады, кейбірі Тағанды жағаттап мөлдірленген балға қонып, малтығып қалады. Ондай сәтте еппен қанатынан сүйреп шығарып, былайырақ тастайды. Мұның да басында перде тұтқан қалпағы бар-ды.
Бал алу кездегі Алматыдан келген «қауіпті гибридтерде» жетті.
Бұлармен аса сақ сыпайы қарым-қатынасқа көшпесе болмайды.
Ұяның қақпағы ашылғаннан-ақ атойлаған ноян аралар ал дегеннен-ақ анталаған шабуылға көшіп, Айна мен Еріктің ес-ақылын шығарып жіберген. Сонда да шебін бұзбастан қара бұлттай қаптап көпке дейін дуылдап тұрып алды.«Капиталистік тұқым сен боларсың...қандай шапшаң ұшады жауыздар» деп ойлап, Таған да қамтана түскен. Бұл жақтан оң жамбасқа келер оңай олжа таппаған соң, самғай зулап Нүрке кемпірге беттеген:
Толғанай:
-Айнаш! Ау Айнаш! - деген үннен селк етіп оянды. Бірер минут көзі ілініп кетсе керек. Әлгі өзін шақырған үн қайдан шыққанын білмей жан-жағына қарады. Ешкім жоқ. Енесі көзі ашық, тіпті сау кезіндегідей ажарлы.
-Айнам-ау! - дегенде зәре құты қалмады. -Қорықпа, келінжан, мен ғой. Су жылытпалап әкелші, дәрет алайын,-деді қимылдап.
-Қазір, апатай, қазір,- қатты қуанды. Сауыға бастады деген иланым биледі бойын.
Бұл Нүрке кемпірдің бой жазғаны еді.
Асықпай дәреттеніп, атау кере суын ішіп болған соң, Алла тағалаға мінәжат білдіріп, рақымына көнетін, төтеден жіберген дәретін мың да бір алғысын айтып ұзақ күбірледі. Бұдан соң «бисмилла рахман-рахим» деп, екі қолын кеудесіне қойып шалқалай жатып көз жұмды.
...Енесінен көз алмай отырған Айна бір уақытта...жаңа ғана қыбырсыз жатқан апасының бұл түсінбейтін орысша әлденені айтып күбірлеп, бұл түсінетін «о господи, прости своего грешного...» деген сықылды сөздерді араластыра сөйлеп, шоқына бастағанын көргенде... иә-иә, көргенде...екі көзі шарасынан шыға шошынғаны соншама «апатайым-ау, мұның не?!» деп, айқайлап барып құлады. Талып қалды.
Бұл – Айнаның екінші рет қорыққаны еді.
Қорытынды сөз Жандарбек: Сіздер үзінді тыңдаған «Атау кере» повесін Оралхан Бөкей омарта ұстаушылардын оралысымен Шыңғыстайдағы үйінде 20 күн отырып жазған екен. Оралхан Бөкей шығармаларындағы үлкен арна – сенім. Адамзат алдындағы табан тірер күш сенім болу керек дей келе, түбінде жүрекке орнаған сенім жеңетінін автор повесте Нүрке бейнесімен береді. Жазушы Нүркенің өзінің өткен ғұмырында өз-өзін қазақпын деп нандырып жүргенде, оны ішкі табиғатының жерсінбеуі. Яғни сыртқы іс-әрекетінде қазақ болып көрінгенімен, ішкі әлемінде өз ұлтының сенімімен өмір сүріп келе жатқанын автор повестің соңында береді. Бұл әңгімеде тағы бір ой салар жай адамның кейінгі ұрпаққа деген шынайы көзқарасы. Мысалы Нүркенің келіні Айна және Таған адал жандар. Нүрке оларға қалай адал қараса, олар да Нүрке кемпірге соны қайтарғандай.
Менің бұл әңгімеден түйгенім көп, оны бір сағатта тауысуы мүмкін емес, сондықтан шығарманы оқуды ұсынар едім.
Жүргізуші: О.Бөкей өмірстанға 26 жыл саяхат жасап, еліп тұралатқан ақиқатты айтуға енді күн туып, өнер құралын қолына қапысыз ойнатар дер шағында бұл опасыз жалғаннан оқыс аттанып кете барды. (ән-әуенімен)
Тербеген құштар жүрек сонар таңы,
Үзілді ширатылған ән арқауы.
Ұшырған Ақиығын шыңдардан-,
Алтайдың сөнді міне Жанартауы.
Жан едің, жұрт жаудырған шын алғысын,
Жан едің шыңда өскен шынар мүсін.
Шырылдап қалды артыңда қос балапан,
Қапыда кеткен қайран қыран құсым.
Қиятын жан емес ең кісі өлімге,
Сені ойлап азап қайғым күшеюде.
Тағдыр-ай арманына жеткізбедің,
49 алып кетті мүшеліңде.
Алайда туып, Гималай асып көз жұмған Орағаңның тағдыры қандай жұмбақ болса, қазасы да соншалық тосын болды. (ән-әуенімен)
Сөз кезегі жазушының тұстасына беріледі. (Ахат бейнесінде)
Оралханды ойласам, ақжарқын адал достың бейнесі көз алдыма келеді, әлі де тірі бірақ сапарға жолаушылап кеткен секілді. Ортада кербұғыдай кердең басып жүретін Оралхан «өлді деуге сыймайтын», орны бөлек жазушы.
Жүргізуші: (ән-әуенімен)
Оралханды ойласақ...
Жататын араласып үміт-қайғы,
Қапыда тағдыр жолы тұйықтайды.
Оралхан деген аттың орны бөлек-,
Ел-Ана
Сені ешқашан ұмытпайды. (соңы)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SAULE777 (2012-02-08) | Автор: Ж.Қамбарова
Просмотров: 5620 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru