Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Кулжиган Айдаралиева Қостанай облысы «Рудный қаласының жалпы білім беретін кешкі (ауысымды) орта мектебі» ММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қазақ тілі - 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-менің туған елім. (Cайыс сабағы). Сабақтың мақсаттары: - Қазақстан тарауы бойынша қайталау арқылы түсініктерді тексеру, білімдерін тереңдету; - меңгерілген материалды пысықтау, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тақырыпқа байланысты ойын дамыту; - оқушыларды сурақтарға дурыс жауап беруге үйрету, ойын, мақал-мәтел арқылы ойлау қабілеттерін артыру; - тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту; - өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақстандық патриоттықа баулу. Ұраны: Еліңді білмесең, өмірді білмейсің. Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, суреттер, сандық, тірек сөздер. Сабақтың әдіс-тәсілі: бір-бірімен, жеке, топпен жұмыс. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді. Сабақта Қазақстан туралы материалдарды пысықтаймыз.Сынып 2 топқа бөлінеді, сайысқа түседі.Екі оқушы сарапшы болады. 2. Сайыс тапсырмалары. 1) Сәлемдесу. 1 топ «Отан». Ұраны: «Отан оттан да ыстық». 2 топ «Атамекен». Ұраны: «Отан деген-Атамекен, Отан деген-туған ел». 2) Келіңіздер, сөйлесейік!:(сұрақтарға жауап беру) -Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын ата? -Қазір кандай ай? -Бүгін аптаның қай күні? -Ауа райы қандай? 3) Қазақстан туралы әңгіме айту. (Топпен жұмыс). -әңгімелерді тындау. 4) Грамматикалық тапсырма. -тәуелсіз, егеменді (Әр топтан бір оқушыдан шығып берілген сөздермен фонетикалық талдау жасайды). 5) Блиц - турнир.(Сұрақтарға жауап беру). -Біздің ел қалай аталады? -Қазақстан қандай ел? -Қазақстан жері қандай? -Қазақстанның астанасы қай қала? -Өңтүстік астана қай қала? -Қазақстанда неше облыс ? -Мемлекеттік рәміздерді ата? -Елтаңбаның авторы кім? -Әнұранның авторлары кімдер? -Тудың элементтерін ата? -Қазақстанда қандай тіл мемлекеттік тіл? 6) Қорытынды (сарапшылар). 7) Сандар құпиясы (сандықтан сандарды алып, бұл сан қандай мерекеге сәйкес келеді. -16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні. -30 тамыз –Атазаң күні. -22 наурыз-Наурыз мейрамы. -9 мамыр –Жеңіс күні. -8 наурыз-Аналар мейрамы. -1 қаңтар-Жаңа жыл -1 қыркүйек-Білім күні. 8) Қай топ жылдам жасайды? Мәтінді оқып шығып,берілген сұрақтарға жауап жазындар. Үкімет. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді. Үкіметтің қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының,оның қорғаныс қабілетінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастырады. 1.Қазақстан қандай мемлекет? 2.Қазақстанда атқарушы билікті кім жүзеге асырады? 3.Үкімет кімнің алдында жауап береді? 4.Үкіметтің қызмет тәртібі немен бекітіледі? 5.Біздің үкіметіміз нені ұйымдастырады? 9) Мақалдар сайысы(жалғастыру) -Отансыз адам-... -Туған жердің-... -Туған жерге-... -Еліңді білмесең-... 10) Сөздік жұмысы-(толықтыру) Степь-дала Город-... Ветер-жел Страна-... Костер –алау Флаг-... Облако-бұлт Нация-... Рыба –балық Народ-... 11) Қорытынды (сарапшылар) | |
Просмотров: 2912 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|