Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Төлегенова Құралай Сайынқызы Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Семей қаласы, №30 жалпы орта білім беретін мектеп 5–сынып Тақырыбы: Төрт түлік. Есімдік. Сабақтың мақсаты: Өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту, тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Білім деңгейлерін байқау, тез, нақты жауап беруге, жылдам ойлауға дағдыландыру. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік : Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына қолданыла алатынын түсіндіру, төрт түлік мал және оның пайдасын білуге үйрету. 2 Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, қатесіз, ұқыпты жазу қабілеттерін дағдыландыру. 3 Тәрбиелік : Оқушыларды төрт түлікті күтіп-баптауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, кесте, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, бағалау парақтары Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Кезекші мәліметі. 3. Психологиялық жағдай туғызу. Жұма сәтті күн болсын, Қайырлы күн болсын. Сабаққа жақсы қатысып, Алғанымыз бестік болсын, Мінгеніміз тұлпар болсын. II.Жаңа сабақ. 1. Балалар екі топқа бөлінеді. I топ - «Ботақандар» тобы, II топ - «Қошақандар» тобы. Бағалау парақтарын тарату. Оқушылар топта жұмыс істегеннен кейін спикерді таңдайды. «Шашыранды мәтін» стратегиясы. Екі топқа екі түрлі мәтін беріледі. Мәтіндер бірнеше бөліктерге бөлінген. Оқушылар тез әрі дұрыс мәтін құрау керек. 2. Оқушылардың жауабын тыңдау. Бағалаушы бағалайды. 3. Жаңа тақырыпты анықтау. -Балалар, бұл мәтіндер не туралы? (Төрт түлік мал туралы) -Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Төрт түлік» деп аталады. ІІІ. «Мағынаны ажырату» бөлімі. 1.Слайд. Сен төрт түліктің қайсысын жақсы көресің? Ол саған несімен ұнайды? Олар адамға қандай пайда әкеледі? деген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Ендеше, бұл сұрақтардағы «қандай?», «несімен?», «сен», «ол», «олар» деген сөздер «Есімдіктер» - деп аталады. Олардың есім сөздердің орнына қолданыла алады. Бұл біздің грамматикалық тақырыбымыз. 2.Оқулықпен жұмыс. Оқушылар 79-беттегі ережені оқиды. Мысалдар келтіреді. Кестемен жұмыс. Есімдіктің 7 түрі болатыны, осы сабақта тек 4 түрін ғана өтетінімізді айтамын. Есімдік Жіктеу (личные) Сілтеу (указательные) Сұрау (вопросительные) Өздік (возвратные) Мен «я» Сен «ты» Сіз «Вы» Ол «он,она» Біз «мы» Сендер «вы» Сіздер «Вы» Олар «они» Бұл «этот» Сол «тот» Ол «тот» Мына «этот» Мынау «это» Осы «этот» Міне «вот» Әне «вон» Ана «то» Анау»тот» Кім? «кто?» Не? «что?» Неше ?«сколько?» Қай? «который?» Қалай? «как?» Қашан? «когда?» Қандай? «какой?» Қайда? «где?куда?» Өз «свой» Өзім «я сам» Өзі «он сам» Өзің «ты сам» Өзі «он сам,она сама» Өзіңіз «Вы сами» Өзіміз «мы сами» Кім? Қай? Қайсы? Кім? Есімдіктің ережесі айтылып, интерактивті тақтадан сызба арқылы түрлері түсіндіріледі. ІҮ. «Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы. 1. Кестемен жұмыс. Әр топқа әр түрлі тапсырма. Цитата Түсініктеме Менің Біз Қайда? Өзім Оқушылар кестеге әр есімдікті сипаттап түсіндіреді. Бағалау. Спикердің сөзі. Бағалаушы бағалайды. Ү. Сергіту сәті. «Қошақан» әнін қимылдап айту. ҮІ. «Шашыранды мәтін» стратегиясы. 1. Мәтіндегі сөйлемдердің кейбір сөздері түсіп қалған. Оқушылар керекті сөздерді қою керек. 2. Бағалау. Спикердің сөзі. ҮІІ. Бекіту. Семантикалық картаны толтыру. Зат есім Сын есім Есімдік 1. Жылқы 2. Қарлы 3. Менің 4. Әдемі 5. Анау 6. Сиыр Бағалау. Спикер сөзі. ҮІІІ. Қорытынды. ІХ. Үйге тапсырма: 79-бет, 2-т.,төрт түлік малдар туралы 4 жолды өлең құрып келу. | |
Просмотров: 3244 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|