Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның елордасы - Астана Көмекші есімдерді қайталау Сабақтың мақсаты: 1Білімдік: Елордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, өткен тақырыпты қайталау, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту. 2Дамутышылық: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету. 3Тәрбиелік. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабағы Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, өткен тақырыпты қайталау, сұрақ-жауап ,сөйлемдер құрастыру,мәнерлеп оқу. Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі -Сәлеметсіңдерме балалар? -Бүгін кезекші кім ? - Балалар бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Үйге не берілді? (71-бет, 82- тапсырма) Қазір үй тапсырмасын тексереміз. 71-бет ереже жатқа, 82-бет 3-тапсырма сөйлемді дұрыс құрастыру керек жазбаша. ( тақтада тапсырма жазылып тұрады, рет-ретімен сөйлем құрастыру керек. Флипчарт) -Кім дайын? - Ережені кім айтады? (бағалаймыз) Кіріспе Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталып, сөз жұмбақты шешу. (флипчарт) 1 памятник 2 площадь 3 гостиница 4 музей 5 торговля 6 парк Ортасында қандай сөз шықты? Елорда - Бүгінгі сабағымыз Қазақстанның елордасы -Астана Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз. мұғалімнің сөздері: Астана күн санап өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана -Бәйтерек монументі Бәйтерек - Астана қаласының бас символы. Монументінің биіктігі 97 метр. Бәйтерек - Елсілдің сол жағындағы бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек-әлемдегі ең соңғы үлгідегі сәулет туындысы. Мұндай әсем ескерткіш Туркия астанасы Анкарада және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Ғажайып жобаның авторы британ сәулетшісі Норман Фостер. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Ғажайып жобаның авторы британ сәулетшісі Норман Фостер. -Ал енді Қазақстан республикасының астаналары туралы біліп алайық.( сұрақ-жауап) 1. Астанада болдыңдар ма? 2. Астана қандай қала? 3. Осы уақытқа дейін неше астана болды? (4) 4. Бірінші астанасы қай қала? 5. Екінші астанасы қай қала? 6. Үшінші астанасы қай қала? 7. Ал,төртінші астанасы? 8. Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы болып аталады? 9. Ақмола бұрын қалай аталған? 10. Қазақстан Республикасының президентті кім? 11. Еліміздің мемлекеттік тілі- қай тіл? 5. Жаңа тақырып:(слайд) Тіл дамыту. (кітаптарымызды ашамыз, 71-бет, 2-тарпсырма А) Әр бала бір сөйлемнен оқиды, аударады Ә) Көмекші есімдерді атайды, аударады. В) Әр сөйлемге бір сұрақтан қойып шығады мәтін Астана Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды. Астана қаласында жүзденден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала. Мұғалімнің сөздері: бәрекелді балалар! Сендер Астана мәтінің жақсы талдап, түсіндірдіңдер. Ал, енді бұдан әрі өткен тақырып (көмекші есімдер) пен Астана тақырыбын сабақтастырып талдау үшін сендерді Астана қаласына саяхатқа шақырамын. Ол үшін біз сіздермен алты аялдамағы тоқтап, тапсырма орындаймыз. слайд -Балалар, біздің сендермен бірінші аялдамамыз - Әр сатысына көтерілу үшін көрсетілген сөздерге сендер сатылау бойынша сөйлемдер құрастырып шығындар. ( тақтада жазулы тұрады. Қатар бойынша 5 сөз) 1. Парламент 2. Бәйтерек 3. Астана 4. Думан 5. Мұхитарал Енді екінші аялдамамыз слайд Көмекші есімдерді қолданып, алдарыңыздағы суреттер бойынша сөйлем құрастырыңыздар. -Балалар, Бәйтерекке міну үшін осындай тапсырма орындауымыз керек. флипчарт Енді үшінші аялдамамыз Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, көмекші есімдердіайт Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Енді төртінші аялдамамыз Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талдап шық Бесінші аялдамамыз Кластер бойынша сөйлем құрастыр. Флипчарт кластер Енді алтыншы аялдамамыз. -Ал, сендерге осындай тапсырма (Нүктенің орнына керекті жалғауларды қосып жаз) Флипчарт «Думан» ойын - сауық орталығ...на келіп қалдық. Думан ойын - сауық орталығы кешен...нде мұхитарал, кинотеатр, дәмхана... жүйесі мен зал...ынан тұрады. Ал орталық бөл...гі серуен мен тынығу... арналған. Бағалау сабаққа қатысуларына қарай баға қойылады. Мұғалімнің сөздері: бәрекелді балалар! Біз сіздермен Астанада қыдырып көп тапсырмалар орындап келдік. Енді қорытындылауға да келдік. Қорытындылау үшін тақтада жазылған ойды одан әрі жалғастырыңыздар. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: МЕН БҮГІН БІЛДІМ .. .......... БҮГІН БІЛГЕН ЖАҢА СӨЗІМ . ... . МАҒАН БҮГІН САБАҚТА ҰНАДЫ . . ................... Үйге тапсырма: Астана туралы эссе жазындар Бүгінгі сабағымыз аяқталды, рақмет. Бұл сабаққа қосымша флипчарт бар. Оны осы ссылка арқылы көшіруге болады: My WebPage | |
Просмотров: 1836 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|