Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ тілі сабағында ақпараттық құралдар арқылы қызығушылықты арттыру №101 мектеп-лицейі қазақ тілі және әдебиет пәні ұстазы Б. Ж. Махаева Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Қазақ психологы М. Мұқановтың пайымдауынша баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынандай екі түрлі түрткіден құралады бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде өзгелердің оған қолданған шарасына өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсінуі керек. Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан білуге болады. Мен жұмыстарымды сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытқым келді. Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру болды. Танымды жаттығулардың барысы мынандай өлшемдермен анықталды: - интеллектуалдық деңгейі; - оқу ісі әрекеті субъектісінің қалыптасуының мазмұны; - іс-әрекетінің еркінділік деңгейі; - эммоционалдық орталық; - жеке-әлеуметтік даму деңгейі. Дамытатын танымдық жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементері арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденген. Сонымен өнімді оқыту әдістемесінің негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тіл дамыту жолын табу - ол ақпараттық технологияларды сабақта қолдана отырып оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту. Дамытушы ойындарды оқушылар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады. Интерактивті тақтамен өткен сабақтардағы тапсырмаларды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де балаларды білімді игеріп оны басқа да практикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады. Осындай сабақтардың өткізу барысында мынадай өзгерістер байқадым Дәстүрлі сабақтағы нәтиже Интерактивті тақтамен өткен сабақтартағы нәтиже Мәні Білім, ептілік, дағдыны меңгерту Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі Мақсаты Білім, ептілік, дағдыны игерту Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет қабілеттерін дамыту Дамытудың негізгі факторы Білім, ептілік, дағдының дәрежелері Соған қоса маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі Мұғалімнің рөлі Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесшісі Педагогтың негізгі талабы Мен сияқты істе Ойлап істе Педагог қызметі Білім беру Бағыттаушы Әрекеттестік стилі Авторитарлы Демократиялы Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі Монологты (мұғалім жағынан) Диалогты Оқытудың басым әдісі Мәліметтілік Ізденісті- зерттеушілік Сабақты ұйымдастыру формасы Фронтальды-топтық Жеке бастық, топтық Мазмұнының негізі Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер Әдіс-тәсілдері Көрсету – түсіндіру-жаттықтыру-бақылау-бағалау Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекет, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру Әрекеттестік түрі Басқарушы мен бағынушы Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық Әрекеттестіктегі қызметтер Мұғалім-жетектеуші, оқушы-орындаушы Бірлескен ізденіс Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақыты мен салыстырғандағы оқушының өздік жұмысының уақыты өте аз сапалы Оқушы позициясы Қызығуы аз, пассивті Қызығу бар активті ынталы, шабытты Оқуға деген мотив Эпизодты түрде әрқашан және мақсатты Сабақтағы жанға жайлы сәттер Кей кезде пайда болады Әрдайым және мақсатты бағытталған. Ақпараттық технологиялар оқушылардың шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін сабақ құрылымы әртүрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек. Қазақ тілі сабағында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады. - Уақыт үнемделеді; - Сабақтың сапасы көтеріледі; - Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады; - Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. М.Кларин. интерактивное обучение-инструмент освоения нового опыта//педагогика 2000№7 стр13 2. Ақпараттық технологияны сабақ процесінде қолдану (мақала). 3. Тұрсынғалиева С.Ч.,Қорабай С. Қазақ әдебиеті:Әдістемелік нұсқау.»»Арман-ПВ» баспасы,2010 4 . Жұмабаев М. Педагогика. – Алма-Ата, 1992. 5. Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ОРЫС МЕКТЕБІНДЕ 2/2011Ж. 7-БЕТ., 12/2011Ж. 27-бет. | |
Просмотров: 4668 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|