Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Пікірталас түрлерін қайталау
Сабақтың тақырыбы: Пікірталас түрлерін қайталау
Мақсаты: білімдік - Оқушылардың пікірталас түрі , оның мәні, сөз
әдебі, ерекшелігі туралы түсініктерін
пысықтау , тиянақтау, шығармашылық қабілетін
жетілдіру.
дамытушылық- оқушылардың алған білім дағдыларын, есте сақтау дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін, әдеби тәлде өзіндік ойларын жеткізе білу тілін дамыту.
Тәрбиелік- шығармашылықпен жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сүйіспеншілікке, өнерлі, шынщыл, мәдениетті болуға, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: шығармашылық, танымдық әрекетті дамыту.
Оқыту формасы: электронды ақпараттық сабағы, тест түрлерін қолдану \мультиймедия бөлмесі.\
Сабақтың ұстанымдары: біртұтастық, жүйелілік, белсенділік, саналылық.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойбөліс, шығармашылық шеберлікті шыңдау, дәлелдеу, проблемалық, ізденушілік.
Көрнекілік: “ Пікірталас”, “ Ойбөліс, оның құрылымы “ циклында жасалған кестелер тізбегі тірек сызбалар, т.б.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру / өткен сабақты пысықтауына даярлау, оқушыларды түгендеу/.
Балалар, біздің өтіп жатқан пәніміздің өзі –шешендік өнер, оның ішінде пікірталас түрлерін қайталау болғандықтан алғашқы тілдесуімізді сөз қақтығыстырудан бастайық.
Шоқтығы биік топ міне аманбысың,
Сабаққа бәрің бірдей қарармысың.
Екі ауыз сөздің басын құрайтұғын
Кәнекей, сөз алуға қайсың барсың?
Өткен материалды бекіту.
- Біз қазіргі таңда “ Пікірталас мәдениеті” тарауын оқып жатырмыз.
Қане кім айтады, пікірталас дегеніміз не?
-Пікірталас дегеніміз- белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені не болмаса ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс- тартыс,дау.
-Оның түрлерін аталық. /атап шығу/ Экраннан пікірталас түрі көрсетіледі.
П і к і р т а л а с т ү р л е р і

Пікір алмасу Ойталқы Пікірсайыс Ойбөліс
Айтыс Сөзталас
Әрқайсысына сипаттама беру.
Жаңғырту
Ойбөліс мәні:
Шешендікке тәрбиелейді, білімді жетілдіреді.
Өз өмірімізге, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға баулиды.
Өз көзқарасыңды жүйелі талдауға үйретеді.
Жақсы маман ретінде қалыптастырады.
Ойбөліс арқылы жаңа ортамен танысуға мүмкіндік туады.

Сөз әдебі:
“ Рахмет сізге, армысыздар ... ” : амандасуға үйретеді.
“ Рахмет сізге, мен қарсы сұрақ- жауапқа даярмын” : сөйлеу әдебіне меңгертеді.
Қарсыласқа құрметпен қарап , пікірталасқа үйретеді.
Сыпайылыққа тәрбиелейді. Ұстамдылыққа үйретеді.
Қарсыласқа дауыс көтермей, мәдениетті сөйлеуге үйретеді.
Ойбөліс -- ресми пікірталас. Өзінің арнаулы құрылымы бар, шектеулі уақытқа құрылған әртүрлі тақырыпқа арналған екі жақтың айтысы.
Ерекшелігі : екі топ бір –бірімен белгілі ереже,тәртіпке сәйкес дауласу.
Заңдылықтары: Ойбөліс сөз үйрену үшін керек.Білім алу үшін,білімді тереңдетіп алу үшін керек. Жеңімпаз болуды мақсат етсеңіз,қателесесіз.
Шыншылдық.Шыншылдық әрбір ойдың, түйіннің өзегі болып табылады.Сіз шындық іздеген адамдарға көмектесесіз.
Бір- біріңізге құрметпен қарап, пікір таластырасыз.Пікір сыпайыайтылу керек.
Дебаттың шарты бойынша :
Екіқарсы топ берілген қарар бойынша бір-біріне кереғар бағыттар ұстанады. Төрешіні өз бағыттарының дұрыс екендігіне көндіруі тиіс.

Мамандық жайында әңгіме қозғау. Мамандық дегеніміз не? Мамандық таңдау дегеніміз не?
Шығармашылық жұмыс
“ Менің болашақ мамандығым” тақырыбында ойтолғау, жоба қорғау, өлең шығару ,т .б. жұмыстар орындалады.
Ойбөліс өткізу
Тақырып: “ Компьютердің пайдасы мен зияны.”
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қандай десек те ересек адам өмірінің үштен- бірі жұмыста өтеді.


Тапсырма.
Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. Бауыржан Момышұлы
а) Сөйлемнің мағынасын ашу.
ә) Синтаксистік сатылай талдау жүргізу.

Сөйлемге синтаксистік талдау жүргізу.
1. Айтылу мақсатына қарай : хабарлы
2. Құрамына, құрлысына қарай: жай
3. Жай сөйлем түрлері: жақты, жайылма, толымды.
Нені? Не? Қандай? Кімнің? Несі?
4.Сөйлем мүшелері: әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. / есімнен жасалған/
5. Сөз тіркестері: мойындау ісі – есімді тіркес; адал кісінің ісі – есімді тіркес; әділдікті мойындау – етістікті тіркес.
6. Байланысу түрлері.
Мойындау ісі – қиысу ; адал кісінің ісі – матасу; әділдікті мойындау – меңгеру.


Мысалдарды байланысу түрлеріне қарай өз шеңберіне енгіз.

1. Айдынды 2. Қызықты
Дала кеш
3.әжемнің ертегісі 4.ашық аспан 5.оқулық алды
6. Білу үшін оқу 7. Ахмет оқушы 8. Көңілден жырақ
9. Кешкі тынық дала
10. Әдемі қыз 11. Асан инженер

Сергіту
Әзіл сұрақтар /мақалмен жауап беру керек /
1. Қар жана ма?
2. Сиырдың сүті қай жерінде?
3. Түкіріктен көл құрала ма?
4. Тауық түс көре ме?
5. Адамнаң қанаты бар ма? Болса ол не?
6. Адамда арқау бола ма?
7. Қайтсең тегін ішесің?
8. Қандай бас аяққа тыным бермейді?
9. 5 ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?
10. Тойды бүлдіретін кім?Бар болса ол қандай адам?
11. Айнаға қандай кезде өкпелеуге болмайды?
Ұқсас формаларды салыстыр.
Тапсырма: Әр мысалды оқы, салыстыр. Не байқалды.
1.жатыс септігінің шылауы
I. Да, де ,та те 2. Жалғаулық шылау

1. Олар үйде отыр.
2. Үйде де, дала да тап-таза.

II. Әрі 1.
2.
3.
1) Балалар әрі отырыңдар.
2) Мұхтар – жазушы әрі ұстаз.
3) Орманнан әрі тегіс жол бар.

1.
III. Кейін 2.
3.
1) Ежелгі дәуір әдебиеті кейін зерттелді.
2) Мұхтар кейін шегінді.
3) Сабақтан кейін кездесу болады.
1.
III. Ды, ді, ты, ті 2.
3.
4.
5.
1) Кітап +ты таза ұстаңдар
2) Құстар жылы жаққа қайт + а + ды.
3) Құм + ды жерге орналасыпты.
4) Ол қуанып күл + ді.
5) Біраз жыл бұрын болған – ды.
1.
V. Біреу
2.

1) Үйдегі терезе біреу
2) Сыртта біреу жүр.

1.
VI. Мен 2.
3.
1) Мен ауылда тұрамын.
2) Ағаларым мен інілерімді сыйлаймын.
3) Олар арбамен ағаш тасыды.

1.
VII. Сайын
2.

1) Көрген сайын ойға қаламын.
2) Сайын далаға көз тігеді.
1.
VIII. Ол
2.

1) Ол – менің досым.
2) Ол кезде біз бала едік.

1.
IX. Ақ
2.
1-2
Ақ көйлегі жарасып – ақ тұр.

1.
X. Ай
2.

1) Ай көрдім, аман көрдім.
2) Кереметін – ай!
1.
XI. Мыс
2.

1) Жезқазғанда мыс өндіріледі.
2) Ертеде ақылды хан болыпты – мыс

1.
XII. Ау
2.

1) Балық аулау үшін берік ау қажет.
2) Балам – ау, өсиетімізді есіңде ұста.

Сабақты қорыту.
Сабақтан алған әсерім. Өз пікірін ортаға салу.
Ой бөліс қоғамның мүшесі ретінде бізге қоғамның саяси дамуын түсіну және өз сенімімізді дәлелдеу үшін ең қажетті құрал деп ұқтық.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Ой бөліске тақырып қарастырып келу.
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Алико (2012-02-11) | Автор: Омарбай Зария Әбілмашқызы E
Просмотров: 12224 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru