Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Сыр сұхбат"
Сыр сұхбат.

«Тілім - тірлігім» деген тамаша сөз бар. Тілден тірек таныған халқымыздың қасиетті мен киелілігі қандай?! Міне, осы ғажайыптың сырын ақ адал жүрегін ашып, еркелігін көрсетсе де, ертеңін ұстазға тапсырып, болашағын тап бір біз болжап берердей мөлдірей қарап отырған шәкірттерімізге жеткізу – біздің (ұстазымыздың) тағдырларымызға жазылған бақ пен тақ!
Биік белестерге алып шығар қос қанат шәкіртке деген махаббат пен шығармашылық ізденіс болмақ. Әр шәкірт жүрегіне жол тауып, олардың жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуларын мақсат ететіні түсінікті.
Осындай мақсатпен өткізілген жұмыстың бірі ретінде «Сыр сұхбат» атты кездесудің тұсауы кесілді. «Сыр сұхбат» кездесуінің кейіпкері, қонағымыз -шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 42 жыл еңбек етіп келе жатқан ұстаз Ынтықбаева Гүлбағира мұғалім, тыңдарманы шәкірттерімен бірге мектеп түлектері қазіргі студенттер. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иесі Гүлбағира апайдың еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырды.Ұстаз оқушылардың тарапынан қойылған мына төмендегі сұрақтар төңірегінде толғана, тебірене, тыңдарманына ой сала баяндай отырып, қалай өмір сүруге болатындығы жөнінде ақыл кеңес беріп те отырды.Қойылған сұрақтардың біразын атап кетелік:
- ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
- мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
- алдыңызға қойған мақсатыңыз, ттүпкілікті мақсатыңыз қандай?;
- орындалмаған арманыңыз бар ма?
- ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
- қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
- кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
- өмірден нені түйдіңіз?
- қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. ... көңіліңіз тола ма?
- қай ақынның шығармасын сүйіп оқисыз?

Сөзді сөз қозғап, ойдан ой туындады.Ең қуаныштысы осының өзі тіл сабағы.Яғни біз тіл сабағын тілдік құралдармен өрнектеп, сөз өнері мен сөз әдебіне сүйене отырып, тіл әлеміне енеміз.Осылайша тілді өмірмен өмірді баланың жанымен қабыстыруды мақсат етеміз.

Тапсырма.
Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып, би билеп берсеңіз.

Ұтымды сұрақ қойып, ой қозғауға себепші болған оқушы Тайтөлеов Жайдарға ұстаз қолтаңбасы қойылған естелік ұсынылды. Сонымен бірге оқушыларға ақ тілегін арнап, батасын берді.
Бас қосу соңында оқушылар да, студенттер де өз пікірлерін білдірді. Мысалы:
Ботагөз : - Сіздің сұхбатыңызды тыңдау кезінде мені таң қалдырған жағдай – сіздің өзіңізге сенімділігіңіз.Мен «қайраттымын» дедіңіз. Сіздің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар ісіңізге сәттілік болсын демекпін. Мен де сіздердің жолдарыңызды қуып мұғалім болмақшымын.
Айтолқын: - Осындай ардақты да аяулы ұстаздардан білім, тәлім- тәрбие, үлгі-өнеге алған біздер сіздердің сенімдеріңізден шығып, талай биіктерді бағындырамыз деп сендіремін.
Наргиз: - Менің алған әсерім шексіз. Өзімде туындаған көп сұрақтың жауабын тапқандаймын.Мамандықты дұрыс таңдау керектігі баса айтылды.
Аяжан: - Біріншіден, бізді мектеп бітіріп кеткенімізге қарамай, мұндай шараға арнайы шақырған ұстазымызға рахмет айтамыз. Оқушылар үшін ғана емес студенттер үшін де құнды кездесу болды. Осындай іс-шара өтіп жатқанына шын көңілден қуанып отырмын.
Сыр сұхбаттың еңбегі жансын,
Оқушылар керегін содан алсын.
Өмірдегі кездескен қиындықты,
Жеңіп тастап, барлығын артқа салсын., - деп өз сезімін білдірді.

Кез келген адамның алдына қойған мақсатына сабырлықпен, табандылықпен, ақылдылықпен, қиындықтан мойымай, еңбек ету арқылы жетуге болатындығына көз жеткізе ақыл-кеңес беруде пайдалы деп саналып отырған бұл кездесуге арнайы шақырылған қонағымыз ұстаздардың ұстазы Гүлбағира апайға көп алғыс білдірілді.
Қорытынды жасалды.


Ақшатау кенті Ш.Уәлиханов атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Омарбаева З
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Алико (2012-02-11) | Автор: Омарбай Зария Әбілмашқызы E
Просмотров: 4230 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru