Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабақтарында "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау"стратегияларымен қолдану
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (Слайд)

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай ,бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу,жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу-бүгінгі заманның талабы.
RWST бағдарламасы –ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегияларынан:әдістерінен тұрады.Мақсаты – шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып ,тұжырым жасау.(слайд)
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естігенін ,білгенін талдап,салыстырып,реттеп,сұраптап,жүйелеп,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттау,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде,балаларды шығармашылыққа баулуда,ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.(слайд)
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем,оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4.Қорытынды шығарады ,өз пікірін дәлелдейді. (СЛАЙД)
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор.Бұл жұмысты бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім.Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады .Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.
Оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған сайын,оларға төрт параметрдің көрсеткіші өседі:жекеден-жалпыға,дифференциалдыдан-сенімділікке,интуициядан-логикаға,бір перспективадан-көптеген перспективаға.
Сабақтың мақсаты үш бөліктен тұрады:
а)қызығушылықты ояту-сұрақ қою;
б)мағынаны ажырату – жауаптар іздеу,мәселені зерттеу;
в)ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау,яғни үш фазада сабақты бөліп өту,оқыту мен жазу процесін осындай үш сатыға ұйымдастыру.
Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді,ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.
Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырады.
Аз уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп,жеткізе білу үшін асқан шешендік.
Бір сөз төңірігінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.
Пікірлесукезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып,тілдік қатынасқа түседі.
Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.
слайд
Мен сабақтарымда ,көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І фазасы-қызығушылықты ояту
Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінің еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған.СЛАЙД
ІІ-мағынаны ажыратуда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығаның түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс.Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне ,ауыр –жеңілдігіне лайықтыла қолданылады.СЛАЙД
Сын тұрғысынан ойлау-жеке тұлғаға әсер етеді:1)танымдық процестеріне,2)еріктік процестеріне,3)сезімдеріне,эмоцияларына.
Екінші кезеңге өтсек,оларды талдап маңыздылығы бойынша топтастыруға болады: СЛАЙД
1.Әдістердің түрлілігі.
2.Белсенді практикалық іс-әрекетте болу.
3.Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,басқаларды тыңдай білу.
4.Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5.Топтық тұжырымға келе білу.
6.Топ алдына шығып,өз ойын айта білу,қорғай білу.
Осының бәрі де:
-өздігінен білім ала білуін
-сын тұрғысынан ойлау іскерлігін,
-кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Бастауыш сыныптарда көбінесе «Кластер», «Венн диаграмма», «Кубизм» стратегияларымен қолданылсам,орта буындарда шығармашылық,ізденіс,ойлау қабілеттерін дамытатын стратегиялармен пайдаланамын.Мысалы: «Бес жолды өлең», «INSERT», «Болжалды кесте», «Жигсо» т.б.
СЛАЙ -Сабақтар
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
*бір-бірінің пікірін тыңдау,сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
*өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
*бір-біріне құрметпен қарауға;
*өз ойын ашық,еркін айтуға,пікір алмасуға;
*өзін-өзі,бірін-бірі бағалауға;
*мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастыруға;
*достарының ойын тыңдай отырып,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектесу;
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады.
Жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес.Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап,педагогикалық әрекет,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың соңғы жылдардағы табыстары қуантады.
Мұндай табыстар көп ізденудің,жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын.Қытай ойшылы Конфуций сөзімен қорытындылысақ: «Оқытушы мен оқушы бірге өседі...Оқыту-жартылай білім алу.»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айтбике (2012-02-12) | Автор: Сикирова Айтбике Калиевна E
Просмотров: 14384 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru