Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Ұлыдан ұлағат Сбақтың мақсаты: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігің бақылау, пысықтау. Окушылардың шығармашылық қабілетің дамыту. а) ойын еркін айтуға үйрету ә) сөйлеу мәдениетіне баулу Оқушылардың адамгершілік қасиеттерің қалыптастыру. а) еңбекшіл болуға баулу ә) білімді болуға талаптандыру б) туған Отанын, елін сүю. Сабақтың түрі : аралас, дебат, стратегияларды пайдалану. Көрнектілігі: Ыбырайдың портреті, өлендері жазылған кестелер. Сабақтың барысы: 1. Ұйыдастыру кезеңі: оқушыларды екі топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау. 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ұлыдан ұлағат» деп атадым. «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп білімге, оқуға үндеген Ыбырай сөздерінің өміршендігің сендер дәлелдейді деп сенемін. 3. Топтардың танысуы: 1) «Үміт еткен достарым сіздерге бердім батамды.» 2) «Білімді боп ер жетіп, үмітін біз ақтаймыз». Бірінші тапсырма бойынша кластер жасау. 1-топ. Ыбырай Алтынсарин кім? 2-топ. Ыбырай қандай адамгершілік қасиеттерге үндеді? Жұмыс алдында әр топтың жетекшісі тақтаға, жасаған кластерін қорғады. Екінші тапсырма: «Диалог бөлімі» Бұл тапсырма бойынша әр топқа сұрақтар беріледі. Топ мүшелері дайын жауабың береді. 1-топ. а) Ы. Алтынсарин қандай шығармаларын білесің? ә) ол қазақ туралы халқы туралы не айтты? б) Ол ғылым туралы не айтты? в) «Әке мен бала» әңгімесінде бала неліктен әкесінен шие сұрап жемеді? 2- топ. а) «Жаман жолдас» әңгемесінің тақырыбы мен идеясы қандай? ә) «Әке мен бала» әңгімесіндегі ақынның айтар сөзі не? б) Ы. Алтынсарин қандай адамгершілік қасиеттерге үндейді? в) «Жаман жолдас» әңгімесінде ауру жігіт неліктен жерге жата қалды? Жауаптары: 1-топ. Ыбырадың «Жаман жолдас», «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы», «Асан мен Үсен», Бақша ағаштары», т.б әңгімелері бар. Ол қазақ халқы туралы: «Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдылығының өзінде оның көп жақсылығы жатыр». « Өз елімізге қол дан келгенше қызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз». Ыбырай Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырған. «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп білімге үндеген. Бала еңбектеніп тағаны көтермегенінен, ұялғанынан шие сурап жемеді. 2-топ. «Жаман жолдас» идеясы: осы дос деген қандай болу, дос деген не? Ал, тақырыбы «Жаман жолдас». «Әке мен бала» әңгемесінде автор еңбекшіл болуға баулиды. Ы.Алтынсарин ұқыптылыққа, шыншылдыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке үндейді «Жаман жолдас» әңгімесінде бала әлсіздігінен жерге жата қалды. Үшінші тапсырма: Қарама-қарсы элементтер. І топ І топ ІІ топ Әке Бала Жақсы жолдас Жаман жолдас Үлкен кісі Жас бала Ауру жігіт Сауат жігіт Тағаны алды Алғысы келмеді Жерге құлады Ағашқа шықты Шие сатып алды Ақылсыз адам Аю иіскеді Аю иіскеген жоқ Шие жеді Сатып алмады Жерден тұрды Ағаштан түсті Шие сатады Шие жемеді Жауап берді Сұрады Еңбектенеді Еңбектенген жоқ І топ ІІ топ Құлан таза, егіз қозыдай, ит өлген жерде, қамшының сабындай, тойған қозыдай. Бойында мін жоқ, құлан таза адам. Екеуі егіз қозыдай болды. Менің ағам ит өлген жерге кетті. Өмір қамшының сабындай ғана. Әсел тойған қозыдай қыз. Менің апам құлан таза адам... Төртінші тапсырма: Фразеологизмдермен сөйлем құрастыру. Бесінші тапсырма: Дебат элементтері. Қандай жолдаспен дос болу керек? І топ ІІ топ Тек жақсы доспен достасу керек, өйткені... Ол қиын жағдайда тастап кетпейді... Жаман адам тәрбиеге көнбейді... Жоқ, жаман жолдас деген болмайды. Оларды тәрбиелеу керек, өйткені жаман – жаман десек жақсыны қайдан табамыз... Алтыншы тапсырма: «Өзім туралы жазсам...» эссе жазу. Әр оқушы өзі туралы жазады. Жетінші тапсырма: Нені білдім? Нені білгім келеді? 8. Бағалау. 9. Үй тапсырмасын беру: Ы.Алтынсарин « Асан мен Үсен» әңгімесін оқып келу | |
Просмотров: 4645 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|