Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Семей қаласы № 47 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дулатова Ырысалды Сайлауғазықызы Қазақ әдебиеті пәніне сабақ жоспары 7- сынып Сабақтың тақырыбы : Жүсіпбек Аймауытұлы «Әнші» әңгімесі. Сабақтың мақсаты :Жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен идеясын мәтінге сүйене отырып ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға әңгіменің негізгі оқиға желісін аңғарту, кейіпкерлер бейнесін ашу, кейіпкерлердің ішкі сарайына, сезім сырларына терең бойлай отырып, жазушы ойын ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен жұмыс істеу қабілетін, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғой білу дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өнерді түсініп, бағалай білуге, рухани тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу,СТО стратегиясы Сабақтың көрнекілігі: сабақ жоспары ,оқулық , электронды оқулық, слайдттар,суреттер,үнтаспа. Сабақ барысы: l.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасы:сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты бекіту. 1.Сұлтанмахмұт кім және оның қандай шығармаларын білесіңдер? 2. «Шәкірт ойы» өлеңіндегі шәкірт мақсатын, өмірлік мұратын қалай түсінесіңдер? 3. «Күнге өрмелеу», «Қараңғылықтың кегіне күн болу» тіркестерінің мағынасы? 4.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп,жатқа оқыту. Жаңа тақырыпты түсіндіру 1.Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы. 2. «Әнші» әңгімесі Жазушының «Әнші» әңгімесінде өмір көріністерін суреттеуде тамаша шеберлігі байқалады. Әңгіме нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған. Әңгіме Ертіс жағалауындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған. Әңгіменің басты кейіпкері-Әмірқан. Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірханның арасындағы достыққа ойысады.Екеуінің сырласуы, Әмірхан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы. Әңгіменің өтетін жері Жетішатыр қаласы- Семей, ал әнші Әмірхан – қазақтың жезтаңдай әншісі әйгілі Әміре Қашаубаев, Әмірханның ұстазы Жұмабек – Арқаның асқақ әншісі, әрі композиторы Жарылғапберді Жұмабаев.Әміре Қашаубаев – ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлт мақтанышы. Ол – Парижде өткен дүниежүзілік этногрфиаялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына танылған тарланбоз әнші. Заманымыздың ұлы жазушысы М. Әуезов: «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанған-дай, Әміре әншіліктің ақыны» деген еді. 3.Прототип дегеніміз-әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек негіз болатын өмірде болған адам,яғни өмірде бар бастапқы,түпкі тұлға. Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға,әншілік шеберлікті терең ұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінуге үндеу. Шығарманың композициялық құрылымы: а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық ә) Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті: б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той. в) Оқиғаның шиеленсіуі: Ақтамақ хикаясы г) Оқиғаның шарықтау шегі:Өлімді жеңген өнер құдіреті д) Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен. 4. Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді тауып мағынасын ашу. Жетішатыр – Семей қаласының ескі атауы. Жөпшеңді – анау –мынау, жай Орамал тастау –ұлттық ойын Жанторсық – қымыз құятын ыдыс Таң асып тұрған – бабына келген Бір қоржынбасы – екі бөлікті ыдыстың бір жағы 5. Әңгіме бойынша тапсырмалар. Тапсырмаларды слайдқа жазып қою. 1.Әмірқанның әні, оның тындаушыларға әсері. 2.Жетішатыр қаласының сипаты, халқының тұрмысы мен салты. 3.Кейіпкерге мінездеме беру. Әміре туралы қосымша ақпарат (ізденіс жұмысы) 4.Өнердің құдіреті өмірмен байланыстыру, өнер жұлдыздары туралы айту (ізденіс жұмысы) 5.Ән туралы айтылған ақын – жазушылардың даналық ойлары (ізденіс жұмысы) Әміренің әнін үнтаспадан тыңдау. 4. Сабақты қортындылау. Ассосациялық карта интерактивті тақтаға жазу арқылы әнші әңгімесін қорытып айту өнер адамгершілік достық Жетішатыр қаласы ізгілік Жарығап берді қазақтың мәдени, Жаяу мұса рухани орталығы Мәди Бәпиұлы әкесі Қали Байжанов өкіну айт қуану адал үлкенді сыйлау сүйсіну көпшіл күрес қайғыру мейірімді құдалық құмарту сезімтал ат жарыс шаттану ақкөңіл бауырмал сенгіш бірбеткей қонақжай 5.Үй тапсырмасы: а) Әңгімені мазмұндау. ә) «Әміре –ән асқары» тақырыбына шығарма жазу. 6. Оқушыларды бағалау. | |
Просмотров: 10905 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|