Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Семей қаласы №47 жалпы орта білім беретін мектеп Сулейменова Калимаш Амангельдиновна Бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Мақсаты:Оқушыларды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру.Аға-апалардың ерлігітуралы айту.Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа қол жеткізу. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Оқу- шыларды елін,жерін,халқын сүюге,Отанын қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:Қ.Р. туы,Елтаңба.Суреттер (Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,т.б) нақыл сөздер,шарлар,слайдтар 1-ұйымдастыру.Мұғалімнің сөзі. 2. 1-жүргізуші.Ернұр О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең. Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен. Сағынышты қанат қып, саған қарай, Балапандай талпынып ұшамын мен. 2-жүргізуші.Қаршыға Сенде тас та қастерлі, аспан да алау, Сенде жанды тербетер дастан бар-ау. Менің мынау өмірге құштарлығым. Сені жақсы көруден басталған ау. 1-жүргізуші.Ернұр Данасы мен батыры көп қазақпын, Көрген талай қияметін азаптың. Аршындаймын көк туымды шалқытып, Жасай берсін,тәуелсіздік,азат күн!-дей лтырып, «Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші.Қаршыға Құрметті оқушылар,ұстаздар,ата-аналар! Сіздерді 16 желтоқсан -- Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! 1-жүргізуші.Ернұр Сонымен,Желтоқсан оқиғасы не себептен болды,қалай болды,оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді? 2-жүргізуші.Қаршыға Иә,ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.Таңертеңгі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп,орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Көрініс Қайрат:Естідіңдер ме? Сәбира:Бұл не масқара: Ләззат:Қашанғы шыдаймыз? Ербол:Ең болмаса,өз ішімізден неге сайламаған? Қайрат:Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды? Ербол:Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ, Бағы жана ма? Қал ма соры қайнап. Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп, Бізде шықтық алаңға «Елім-айлап». Ләззат:Сүймейтұғын болдық қой, күлмей ғұмыр, Көлеңкеміз.Күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген, Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл? Сәбира:Бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны, Тілің құрып барады,білісің бе? 1-жүргізуші.Ернұр Иә, тарихта «Құйын-86»деген атпен мәңгі қалған бұл жойқын шабуыл қазақтың қайсар қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кете барды. (Сахнаға Қайратты тергеуші алып шығып,сұраққа алады.) Тергеуші: Сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба,жоқ па? Қайрат:Жоқ,мен Савицкийді көргенім жоқ. Тергеуші:Ақымақ!Әкетіңдер,атыңдар!Көзін құртыңдар. Қайрат: Күнәдан таза басым бар, Қасқалдақтай қаным бар. Бозторғайдай жаным бар. Алаш деген атым бар. «Қайрат» деген атым бар, «Еркек тоқты-құрбандық» Атам десең,атыңдар! (Қайратты сүйреп әкетеді) Айым: Алаңға шығып ойын айтты жастарым, Қиындық пен қатерге тігіп бастарын. Содан барып, таңы еріді кеңестің, Содан кейін еркіндікті бастадым. Амина: Келді осылай аңсаған күніміз де, Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге, Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан, Қасиетті тіліміз бен дініміз де. Диас: Желтоқсанда шындық жырын, Шырқаймыз деп шарқ ұрдың. Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның. Ән: Желтоқсан желі. Нұрзат :Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула,лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы. Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы. Назира: Келер күнге мен де қанат сермедім, Тербеледі бейбіт өмір есігі. Қайрат,Ләззат,Ербол сынды ерлердің Ел ішінде сақталады есімі. Аслан: Тәуелсіздік!Тәуелсізбін мен бүгін, Келді, міне,азаттығым,теңдігім. Бостандықта байлығым мен елдігім, Шешіл енді шемен болған шерлі үнім. Айдана: 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Дамир: Мен қазақпын,болмысым,барымменен, Азаттығым үшін мен бәрін берем, Ұлы елімде ұлттар көп,Отан жалғыз, Отанымды сүйемін арымменен. Дильназ: Қазақтың мұңы –айтарым менің, Жайнатшы жердің базарын,елім. Әр үйдің Қыдыр бесігін тербеп, Өркенде ,өрле,қазағым менің! 2-жүргізуші: Қазақстан!Туды алтын дәуірің, Алғандайсың жұлдыздардың жарығын. Алтын Заңын құтты болсын қымбаттым, Туған күнің құтты болсын алыбым! «Тәуелсіздік жемістері» слайдтар көрсетіледі. 1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік ел бақыты,ертеңі, О,халайық,құтты болсын 20 жылдық қуаныш! 1-жүргізуші: Атады әлі тағы да бір таң күліп, 2-жүргізуші:Жүректерге арман отын жандырып. 1-жүргізуші: Қазақстан-біздің туған ұлы Отан, Бәрі: Жайнай бер сен,жайнай бер сен мәңгілік! «Атамекен» әні орындалады. | |
Просмотров: 2844 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|