Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың мақсаты:а/қазақ тілінің әр саласынан білімдерін,тіл байлықтарын тексеру; ә/туған жерін қадірлеуге шақыру; б/шығармашылық ізденіске бағыт беру. Сабақтың типологиясы:білімді жан-жақты тексеру. Сабақтың эпиграфы: Ұғу жолы – қайталау Сабақтың ұраны: ...Білген сайын келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің... Сабақтың технологиясы: СТО Сабақтың барысы: I. Кіріспе /Сыныпқа тапсырмаларға толы конверт келді.Ол конвертті ашу құқығы «Қазақ тілі» өлеңінің авторы Хасенова Гүлназға беріледі.Конверттің сыртынан сабақтың тақырыбын,ұранын,эпиграфын оқып беріп,ішінен тапсырмалар алып шығады./ II Негізгі бөлім 1.а/Синтаксис тарауы бойынша білімдерін тексеру мақсатында 23-жаттығуды комплексті талдаумен орындайды. ә/Салалас пен сабақтасты Венн диаграммасына салып айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады. 2.-Балалар,лексика мәңгі жадымызда сақталудың бір-ақ жолы бар,ол – лексиканың формуласын ойлап табу: ЛЕКСИКА= (... + ... + ... +,т.б.,)* мағына. /... – омоним ,архаизм,диалект,т.б.деп ,балалар табу керек/ Енді осы лексиканы жарнамалап көріңдерші,мысалы, а/Лексика сөз мағынасын зерттейді, Жаман әдет адамшылықты шектейді. ә/Синоним - өзара мәндес сөздер, Омоним – айтылуы ұқсас даукес сөздер. б/Фразеологизмдердегі сөздер тұрақты келеді, Семейім деген сөз жүрекке қуат береді. в/Арыстан – аң патшасы, Лексика – сөз патшасы. г/Лексика –сөз байлығы, Білім – ел байлығы. д/Өзен жағалағанның өзегі талмас, Лексиканы білгеннің жағы талмас. 3.Морфологиядан білімдерін тексеру үшін «Кіші дөңгелек үстел»стратегиясымен комплексті талдау жасайды./Талдауға берілген сөздер:жиын-тойда, елестеді,ашуланғаны,әлденелер,үндемейін/ 4.Фонетикадан білімдерін тексеру үшін комплексті талдаумен басшыға,тарағым,Жүнісбек сөздерін беремін. III.Тіл байлықтарын тексеру мақсатында «Көрнекілік» стратегиясымен Киелі топырақ тақырыбында ой толғап көріңдер. Әр адамның өз туған жері – жерұйығы,сол сияқты,біздің Семей өңірі де өзімізге қадірлі.Ендеше мына суретке қарап ойымызды көркем де әсем тілмен жеткізіп көрелік. Суретте ақ бесікте нәрестесін әлдилеген ана,қазақ батыры,екі ғашық – қыз бен жігіт,Абай,Мұхтар,Шәкәрім,диқаншылар суреттері бейнеленген. Семедің әрбір түйір тасы – алтынның сынығы, Семейде туған әрбір перзент –бәйге сәйгүлігі, Тағы Мұхтар былай дейді: «Жер - әңгімешіл ,жер әңгімешіл брлған соң ел - әңгімешіл»,ендеше үйде осы тақырыпты жақсылап әңгімелейді деп үміт артамын. | |
Просмотров: 2687 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|