Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер.
ШҚО Семей қаласы «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Оразханова Жанаргүл Жеңісқазықызы

Сыныбы: 9 «А» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік : Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Қазақ халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Грамматика: Фонетикалық талдау, сөздерді тәуелдеу, сөйлемді толықтыру.
Сабақтың түрі:
Конференция сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Орыс тілі, әдебиет, тарих, этнография
Сабақтың көрнекіліктері:
Интерактивті тақтада бейнеленген қазақтың ұлттық киімдері (шапан, камзол, сәукеле, тұмақ т.б) және дидактикалық тапсырмалар, қазақтың ұлттық киімдерінен көрме.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ұлттық киім тақырыбындағы конференция сабақ.
Сабақтың мақсаты мен міндеті айтылады.
Сабақтың түрі мен өтілуі жайлы түсінік беру.

Конференция сабақтың пленарлық бөлімі: Конференция төрағасы сайланып, конференция тақырыбы бойынша баяндама тақырыптары анықталады. Баяндамашыға берілетін уақыт белгіленеді, бекітіледі.
Ұлттық киімнің тарихы мен ерекшелігі. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

І топ ІІ топ ІІІ топ
Бас киім Киім Аяқ киім
Кимешек Көйлек Мәсі
Бөрік Жейде Кебіс
Тымақ Шалбар Әйел етігі
Қалпақ Қамзол Ерлер етігі
Сәукеле Шапан
Тақия Тон
Ішік
Сөздік жұмысы. Сөзжұмбақ шешу.

Оқушыларды ІІ кезең пленарлық бөлімнің жұмысымен таныстыру.
Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету. (Дәптерге жазбаша орындау).
1. Сөйлемді толықтырыңдар және аяқтаңдар.
Сөйлемді толықтырыңдар.
І. Сәукеле өте әдемі бас киімге жатады және ... .
ІІ. Ішік аң терісінен тігіледі, себебі ... .
ІІІ. Ертеде қазақ әйелдері көйлектің сыртынан бірде бешпент киген, бірде ...
2. Сөзге фонетикалық талдау жаса.
І) кимешек
ІІ) сәукеле
ІІІ) бөрік
3. Сөздерді тәуелде
І) мәсі І) бұйым І) ішік
- Өте жақсы балалар, сендер грамматикалық білімдеріңнің қандай деңгейде екенін көрсеттіңдер.

Сабақты бекіту.
Интерактивті тақтада электронды оқулықтан қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Қыс» өлеңі оқылады, зейін қойып тыңдаңыздар. Осы шығармадан қандай ұлттық киімдерді байқадыңыздар.
Сабақты қорытындылау.
Қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілері алуан түрлі, ұлттық нақышқа сай ою-өрнекпен әсемделеді. Киім сәндік топтамасын сәнгерлер жасайды. Қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісін жасауда басқа мемлекет сәнгерлері де қызығушылық танытады. Мысалы, ресейлік сәнгер В.Зайцев қамзолдың топтамасын жасады.
Сән әлемінің майталманы В. Зайцевтің айтуынша, топтаманың негізіне қазақтың ұлттық қамзолдары, бас киімдерінің үлгілері алынған. «Қазақтың ұлттық қамзолы негіз ретінде алынды және өзіміздің шешімімізге ұлттық тақырыпқа сай дәлдік беру үшін ұлттық дәстүр жалғастығын сақтау керек болды. Қыздардың қамзолдарының жағасына және еркектердің ұзын етекті сүртіктеріне ұлттық өрнектер бастырылды»,- деді В. Зайцев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ұлттық нақыштағы жаңа топтама қоғамда беделді, қазіргі заманғы бизнес-ханымдарға, саясаткерлерге лайықталған. Сондықтан ұйымдастырушылардың ойластыруымен Зағипа Балиева, Гүлжан Қарағұсова және Сәбилә Мұстафина сында еліміздің белгілі саясаткер ханымдары мен мемлекет қайраткерлері топтаманың таныстырылымын жасады.
«Подиумға манекеншілер емес, халыққа елеулі, ел арасында танымал адамдардың шығуы ерекше әсер береді. Олардың даралығы, өзіндік кескін-келбеті топтамаға жарқындық сыйлайды»,- дейді топтама авторы.


Сабақты қорыту: Мәтінді оқып, сән үлгісіндегі жаңалықтарды ескере отырып, мына адамдарды жас ерекшеліктеріне сай етіп киіндіріңдер.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Қызды киіндіру Атаны киіндіру Әжені киіндіру
М.Омаров . «Қыз сыны» әні орындалады.
Бағалау. Бағалау жүйесі: Баяндамадағы материалдың толықтығы.
Тақырыптың ашылуы.
Грамматикалық тапсырма мен талдаудың дұрыстығы.
Қорытынды бөлімнің тапсырмасының орындалуы.
Үйге тапсырма:
Өздеріңе ұнаған ұлттық киімді суреттеп жазып келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ольга1866 (2012-02-15)
Просмотров: 6163 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru