Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы « Жанай орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нуркасымова Сауле Сембаевна Тақырыбы: Төл сөз, төлеу сөз Мақсаты: Оқушыларға көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі туралы түсінік беруді жалғастыру. Білімділік: Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуға баулу. Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақ әдісі: аралас Көрнекілігі: оқулық, тақта, бор. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. 3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Үй жұмысы: Жедел сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасап, үй жұмысын тексеру. II. Мағыныны ажырату Жаңа сабақ: Мұғалім рөлі: 1. Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған катысы бар баска біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. М ы с а л ы: Абай: Бес нөрседен кашык бол, Бес нәрсеге асық бол, — деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. . (З.Ахм.) Оссы мысалда сейлеуші өз сезінің ішінде Абайдың айткан акыл сөзін келтірген. Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір езгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізу. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін т ө л с ө з дейді. Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ө) сөйлеуші тарапынан өзгеріске үшырап біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу. Мысалы, жоғарыда Абай айтқан сөзді мына түрде айтуға болады: Абай бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болуды айтады. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді. Төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін а в т о р с ө з і дейді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы Абай... деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды дегендер автор сөздері. Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы: аркылы бөлініп тұрса, жазуда олардың арасы тыные белгісі арқылы ажыратылады. Ал төлеу сөз ауызек: сөйлегенде болсын, жазуда болсын автор сөзінен ажыра-тылмай, біртұтас сөйлем құрамына енеді. М ы с а л ы: Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп: — Шіркін, айтушы мен болганда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! — деді. (М.Ә.) Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп, айтушы. өзі болганда, үнемі ұқтырушы Абай болуын өтінді. Осы мысадцағы төл сөз: Сабақты бекіту: оқулықпен жұмыс:( түртіп алу стратегиясын қолдану) 156- жаттығу III. Ой толғау. Сабақты қорыту: Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік. (ауызша) Үйге тапсырма: 157-жаттығу Бағалау: оқушылардың білімін бағалау. Күнделікке қою. | |
Просмотров: 9925 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|