Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағы «Қазақтың ұлттық ойындары»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»

1. Сабақтың білімділік – әдістемелік мақсаты: Етістік туралы алған білімдерін бекіту. Бастауыш сыныптағы «Етістікке» қатысты берілетін білім мазмұнын тереңдету.
2. Сабақтың дамытушылық міндеті: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау, жүйелеу дағдысын арттыру.
3. Сабақтың тәрбиелік мәні: Ұжымдық жауапкершілік тәрбиесін беру, адамгершілік сапаларын жетілдіру.

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық көркемдеу ,магнитофон, үлестірмелі дидактикалық парақшалар, тақта, суреттер, таблица.
Техникалық құралдар: Мультимедия құрылымы, магнитофон.
Қолданылған әдебиет:
1. А.Тайсюганова, З.Рахмет «Қызықты грамматика» Алматы, 2005.
2. «Жүз халықтың жұмбағы» Қ.Мырзағали. «Ана тілі» 1997.
3. А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров «Казахский язык для всех», Атамұра, 2004.
Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жалпылай сұрау, ойын.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу
2. Жеке шығармашылық топтарға бөлу.
Мұғалім:
- Балалар, «сәлем сөздің анасы» деген екен, сондықтан келген қонақтармен сәлемдесейік.
Оқушылар:
- Сәлеметсіздерме. Қайырлы күн.
Мұғалім: Бүгін нешесі? Кезекші кім? Сабақта кім жоқ?
Оқушылар жауап береді.
ІІ. Өткен тақырыптарды бекіту.
Мұғалім: Қайта оралмас жас күннің,
Бұл атам сөзі күндегі.
Қазақтың салт – дәстүрін
Жалғастыр, балам, ілгері – деген.
Салт дәстүр дегеніміз не? («Салт – дәстүр» - орысшаға аударылады – «Обычаи и традиции».) қазақтың салт дәстүрі туралы не білеміз?
Оқушылар: Қазақтың салт дәстүріне шілдехана, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, құда тұсу, үйлену той, қайтыс болған адамды жерлеу, ас беру жатады.
Мұғалім: Салт – дәстүр, ол елдің мәдениетінің көрінісі. Елі білу үшін сол елдің мәдениетін, салт – дәстүрін, тілін білу керек.
Мәдениеттің бір көрінісі – ұлттық ойындар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ойындары». Біз бүгін сабақта етістікті қайталап, ойын түрлерімен танысамыз.
Балалар, ұлттық ойын туралы не білесіңдер?
Оқушылар: Қазақтың ұлттық ойыны беске бөлінеді.
Мұғалім: Қазақта ойын түрлері өте көп. Бұрынғы уақытта компьютер, теледидар болмаған. Балалар далаға шығып, топтасып ойнаған. Сондықтан денсаулықтары мықты болған.
Балалар, сендер ойнайсыңдар ма? Қандай ойындарды ойнайсыңдар?
Оқушылар ойындардың атын айтады.
Мұғалім: Балалар, қазір біз қазақтың ойындары туралы бейнефильм көрейік.
(Мультимедиялық қондырғыдан «Қазақтың ұлттық ойындары» деген бейнефильм көрсетіледі).
Мұғалім: Балалар, бейнефильм ұнады ма? Несімен ұнады? Ойынға шыққан адамдар не істейді?
Оқушылар бейнефильм туралы өз ойларын айтады. Жүгіреді, шабады, секіреді, ойнайды, - деген етістіктерді қолданады.
Мұғалім: Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді. Кіт айтады?
Оқушылар: Кім не істейді? Не қылды? Қайтты? деген сұраққа етістік жауап береді.
Мұғалім: Етістік дегеніміз не?
Оқушы: Етістік деп істің қимылын, жай күйін білдіретін сөздерді айтамыз.
Мұғалім: Жақсы. Етістіктер қимылды көрсетеді екен. Ойын да қимылды, жылжуды, ептілікті қажет етеді. Біз де ойнап көрейік. Ойынға дайынсыңдар ма?
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Ол «Әйгөлек» және «Ақсүйек» тобы. Сонаң соң мұғалім бағалау шартын айтады. Жеңген топ қызыл дөңгелек алады, жеңілген топ көк түсті ұшбұрыш. Сабақ аяғында карточкалар шығарылып, ұпай жиналады.
Мұғалім: Бірінші ойынымыз «Қыз қуу» деп аталады. Тақтаға етістіктер жазылады. Оны бірінші аударып жазып шыққан оқушы мәреге бірінші жеткені. Егер де ұл бала мәреге бірінші жетсе, ол қызды сүйеді. Ал қыз бірінші жетсе ұлды қамшымен ұрады. (2 оқушы тақтадағы жаттығуды орындайды).
Тақтада етістіктер 2 қатарға жазылған. Аудармасын жазу керек.

Барды Оқыды
Тұрады Айтты
Келе жатыр Сөйлеп отыр
Кет Кел
Қарама Ойлан

Мұғалім: Тамаша. Енді екінші ойынымыз «Адаспақ деген ойын. Алдарыңыздағы карточкадағы сөздер адасып кетіпті. Сөздердің орнынын тауып, дұрыс сөйлем құрау керек.

Болады, «хан» он, асық, бірінші
Қарап, басқа, «ханға» ойыншылар тұрады.

Қатысады, 4-5 ойынға, бұл, бала
Он, алынады, асық, ойынға

Мұғалім: Енді келесі ойынымыз «хан мен уәзір» ойыны. Хан не істейді? деген сұраққа 5 жауап жазу керек. Уәір ортаға шығып, жазғанды оқиды.
Мысалы: Хан ән айтады.
Хан сурет салады.
Мұғалім: Ал ортаға тұрайық,
Ойын сауық құрайық,
Не он ұлдың есімен,
Не он қызыдың есімін,
Жылдам айтып шығайық.
Біреуі тез он ұл баланың, не он қыз баланың есімін айтуы керек. 2-шісі иелік формаға айналдырады:
Мысалы: Арман – Армандікі
Саша – Сашанікі
Дулат – Дулаттікі
Мұғалім: Келесі ойынымыз «Ұшты – ұшты» ойыны. Оқушылар қол көтеруі керек. Кім көтермей қалса, сол ұсталғаны.
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты
Ұшты, ұшты, күлкі ұшты
Ұшты, ұшты, гүл де ұшты
Ал ұшқыштар, күнде ұшты.

Ұшты, ұшты, үйрек ұшты
Ұшты, ұшты, күрек ұшты
Ұшты, ұшты, сұңқар ұшты
Ұшты, ұшты, тұлпар ұшты
Ұшты, ұшты, қарға ұшты
Ұшты, ұшты, балға ұшты
Ұшты, ұшты, дауыл ұшты
Ұшты, ұшты, қауын ұшты

Мұғалім: Ал, балалар, Жұмбақбай атайдың жұмбағын шешейік.
Ұсталынған балалар жұмбақ шешеді.

Уақыты санайды
Ешкімнен сұрамай
Тіліңді алмайды
Құлағын бұрамай (сағат)

Қара күшік күзетте
Ас ішпейді, үрмейді
Ол тұрғанда есікте
Ешкім үйге кірмейді

Етістіктерді аудару:
Санайды – считает
Тіліңді алмайды – не слушается
Үрмейді – не лает
Кірмейді -не заходит
Мұғалім: Міне, балалар, сабағымыз да аяқталып қалыпты. Қоштасар алдында «Қыз бен жігіт» айтысын тамашалаңыздар.
Ұпай саны көрсетіледі. Сабақ қорытындыланып, бағаланады.
Үй жұмысы: Қазақтың ұлттық ойындары - мазмұндау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: багдатовна (2012-02-22) | Автор: Куракова Гульнара Багдатовна E
Просмотров: 4744 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-02-08, 6:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru