Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Ләззат Ахметбекова Қостанай облысы Рудный қаласындағы №9 бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Күз 1. Білімділік: Оқушыларға жыл мезгілі «Күз» тақырыбы туралы кеңірек мағлұмат беру, білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылық: Сабақта жаңа сөздермен танысып, дыбыстық жаттығу өткізіп, оқушылардың сөздік қорын байыту, ой қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Табиғатқа қамқоршы болуға, қоршаған ортасына, табиғатын сүйе білуге баулу. Көрнекілік: Күз суретті, оқулық Әдістер: сөзжұмбақ шешу, сөйлем құрау, әңгімелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу 2) Тіл дамытуға арналған сұрақтар 3) Дыбыстық жаттығу 4) Сергіту сәті доп-доп. II. Жаңа сабақ: 1) Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз. (компьютер бетінен сөзжұмбақ шығады) 1. к 2. ү 3. з 1. Школа 2. Стол 3. Девочка 2) «Күз» тақырыбы туралы әңгімелесеміз – Қазір жыл мезгілі қандай? - Жыл мезгілі күз. - Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? (Компьютердің бетінен көрсетіледі Күз 3) Жаңа сөзбен танысу. Сарғайды- Күз- Ұшып кетеді- Пісті- Салқын- Компьютерден жаңа сөздер шығады. Оқушылар оқиды, дәптерлеріне жазып алады. 4) Сурет бойынша сөйлем құрау. Суретке қарап, оқушылар сөйлем құрайды. Мысалы: Күз келді. Күзде күн салқын болады. Құстар жылы жақа ұшып кетеді. Күзде жаңбыр жауады. 5) Керекті сөздерді орнына қойыңдар. 1. Күз ... 2. Құстар ..... 3. Күз айлары ...., ..., .... 4. Ағаштың жапырақтары .... 5. Күзде .... жауады. Керекті сөздер. Келеді, қыркүйек, жаңбыр, ұшып кетеді, қараша, сарғайады, қазан. 6) Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» 7) сергітуден кейін оқушылар орындарына отырады. 8) Оқулықпен жұмыс. Кітаптарын ашады, бет 138-139 9) Күз айларымен танысу. Берілген өлеңдерді оқимыз, аударамыз. Қыркүйек Қазан Қыркүйек пен күз келіп, Қазан келіп көсілді Шопан кетті күзетуге. Аяқтап жұрт жұмысты Мектепке бет түзедік Тал-дарақтар шешінді, Гүл құшақтап бізді де. Қыс қамына кірісті. Қараша Қараша көп шіренді- Қара суық қысады. Аспан жиі түнерді Сезіліп қыс нышаны 9. Мәтінді жұмыс. Оқып, аударамыз. Оқушылар өздері сұрақ –жауап жұмысын жүргізеді. Алтын күз. Күз келді. Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша. Ағаштардың жапырақтары сарғайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Балалар мектепке барады. Сабақ басталды. Бау -бақшада жемістер мен көкөністер пісті. Күзде жұмыс көп. -Не келді? -Күз айлары қандай? -Құстар қайда ұшып кетеді? -Балалар қайда барады? - Не піседі? 10. Жазбаша жұмыс. Маржан жинады. Ляля 5 кг сатып алды. Меруерт берді. 11.) Қорытынды. Тест. 1. ..... келді. а) қыс ә) күз б) көктем в) жаз 2. Күзде күн..... а) салқын ә) ыстық б) жел 3) Күзде .... жауады. а) жапырақ ә) жаңбыр б) жел 4) ..... ұшып ктеді а) құстар ә) кітап б) жаңбыр 5) Бақшада ......пісті а) жапырақ ә) жемістер б) құстар 12.Үй тапсырмасы. Күз туралы әңгіме құрастыру 13.Бағалау. Источник: http://из опыта работы учителя казахского языка | |
Просмотров: 4443 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|