Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: «ТӘРБИЕ - АЛТЫН БЕСІКТЕ» Жас ерекшелігі: ересектер Өткізген: Карибаева К.С. Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық» Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі», «Жапсыру» Мақсаты: 1. Балаларды қазақтың үлттық. Салт - дәстүрлеріне деген қызығушылыктарын арттыру, қазақтың ұлттық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. 2. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі өміріндегі тәрбие туралы дүниетанымын молайту, адамгершілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке баулу. 3. Балаларға ата-бабаларымыздан қалған ұлағатты сөздермен ұлттық тәрбиенің мағынасын түсіндіру. Отаның, мәдениетін, салт-дәстүрін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сөздік жұмысы: Алас, алас - әр пәледен қарас, үкі - көз тимеу үшін, ауылдың алты ауызы, бесік той, бесік жыры, тойбастар. Көрнекіліктер: Бесік жабдықтары, екі ойыншық ат, құрақ көрпешелер, жер үстел, қуыршақ, магнитофон. Мотивациялық қозғаушы /Кіріспе бөлім/ -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Балалар мұғаліммен және қонақтармен амандасады. Балалар «Шаттық шеңберін» жасап тұрады, бір – біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді: Қол ұстасып кәне біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым! Ұйымдастыру- іздестіру /Негізгі бөлім / Мұғалім: - Балалар, бүгін біз мына қонақтарға осы уақытқа дейін «Салт-дәстүр» сабағымыздан өткен тақырыптарымызды еске түсірейік. Мұғалім: - Міне, мен бүгін сендерге «Қазақтың салт-дәстүрлері» деген үлкен кітап алып келдім. Көргілерің келе ме? Балалар: -Иә! Мұғалім: Келіңдер балалар үйге кіріп жайғаса отырып көрелік. (Балалармен кітаптағы салт-дәстүрлерді көре отырып әңгімелеседі. Кітаптың ең соңғы бетінде «Бесікке салу» салты суреттелген). Мұғалім: - Балалар ең соңғы бетінде қандай дәстүр суреттелген? Балалар: - «Бесік той» Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал, ендеше бүгін біз де «бесік той» жасап көрсек қайтеді. Міне, бесігіміз де, қуыршақ Айсұлуымыз да осында. Ендеше ең алдымен бесіктің жабдықтарын еске түсіріп алайық. Балалармен: Бесік, астыңғы көрпеше, бас жастық, тізе көрпе, шүмек, белбау, аяқбау, бет пердесі. Мұғалім:- Қане, еске түсірейік. Ең алғаш нәрестені бесікке саларда қандай ырым бар еді? Балалар: - Тыштыма, тыштыма деп кәмпит шашу керек. (Балалар тышты, тышты деп жинайды шашуды). Мұғалім:-Дұрыс айтасыңдар. Нәрестенің тыштымасын жасайық. Қане, кім көрсетеді екен. Ақнұр көрсетсін. Бесіктің түбегінен тыштыма, тыштыма деп шашады. Мұғалім:Енді балалар бесіктің құралдарымен орналастырайық. (Тәрбиеші балалардың атын айтып шақырып отырады, балалар келіп рет-ретімен жабдықтарды айта отырып орналастырады). (балалар келіп рет-ретімен жабдықтарды атап отырып орналастырады) Мұғалім:- Бесігіміз дайын болды. Енді бөбегімізді ұйықтатуға болады. Үйықтамас бұрын әже, апаларымыз не істеуші еді бесікті? Балалар: - Бөбектің ұйқысы тыныш болсын деп «алас-алас» жасауымыз керек. Мұғалім: - Әрине. Ендеше мен сіріңкемен аластайын, сендер сөздерін айтып отырыңдар. Балалар: «Аластау сөзі» Алас, алас, алас Әр пәледен қарас Тілі бардың, тілінен алас Көзі бардың, көзінен алас. Оттан, Судан, қауіп қатерден алас Алас, алас, алас, Келді міне баласы, Ұйыктап дем алсын, Қуанып, оянсын. Мұғалім: - Бесігіміз әбден дайын, қуыршақ Айсұлуымызды енді бөлейік. Әсел бесікке салсын. Бинүр шүмегін салсын. Айнұр орап, бел бауларын байласын. Бет пердесін жабайық. Бөбегімізді ұйықтатайық. Мұғалім: - Қандай әнмен ұйықтатушы еді әжелеріміз? Балалар: - Бесік жырымен. (Балалар бесік жырын әндете айта отырып нәрестені үйықтатады). «Бесік жыры» Әлди-әлди, ақ бөпем Ақ бесікке жат бөпем. Айналайын шырағым Көлге біткен құрағым. Мандайдағы құндызым Аспандағы жұлдызым. Әлди-әлди, әлди-ай Әлди бөпем ұйықтай ғой. Тәрбиеші:- Міне, бөбегімізде ұйықтап " қалды. Балалар бүгін Айсұлуымызды бесікке де салдық, бесік тойын өткізіп жатырмыз. Сендер қонақ болып келіңдер деп мен сендерге мынандай әдемі «құрақ көрпешелерді» сыйламақпын. (Балаларға үйлестіру). Тәрбиеші: - Көрпешелеріңе қарандаршы, бетіндегі өрнектерді неге ұқсатуға болады? Балалар: - Геомертиялық пішіндерге үқсайды екен. Айжан: - Мына біреуі үш бұрышқа үқсайды екен. Меруерт: - Ал мынау төрт бұрышқа келеді екен. Мұғалім:- Балалар сендердің осындай көрпеше жасағыларың келе ме? Балалар: - Әрине, біздің де жасағымыз келеді. Мұғалім: - Ендеше мен сендерге мына жерде алдын ала дайындап қойған заттарым бар. Келіңдер, «көрпеше» жасаңдар. (Балалар залдың бір жағында тұрған үстелге орналасып жапсыру жұмыстарын бастайды. Асылбек Еңсеповтың күй ойнап тұрады). Жұмыстарын аяқтап болған соң, көрпешелерін қолдарына алып келген қонақтарға келіп жартылай шеңберге тұрып көрсетеді. (Бір бала алдыға шығып, біздің де әкелген сыйымыз бар қабыл алыңыздар дейді де, балалар кезектесе тақпақтар айтады). Тақпақтар: Бірінші бала: Жамылып жұмсақ көрпені Ұйқыға жатшы ерте енді Сәбидей балғын еліңнің Иесі сенсің, ертеңі. Екінші бала: Ұйқыға енді айлы аспан Таулар да жым-жырт жайғасқан. Тәй басқан әппақ көкешім Елінде сенің тәй баскан. Үшінші бала: Тезірек өсер ме екенсің Мүхитты кешер ме екенсің. Толағай құсап тауға үлкен Арқанды төсер ме екенсің. Төртінші бала: Қою түн келді көшеге Қою түн толды кесеге. Батыр боп ертең шығасың Ұйықтамай бала өсе ме?! Бесінші бала: Айтылып бітті ертегім ұйықтай ғой менің ертеңім. Оятса сені оятсын Шуағын төккен ерте күн. Мұғалім: - Рахмет балалар, өркендерің өссін. Тақпақтарың нағыз бөбегімізге арналған екен. Балалар: - Біз бесік туралы нақыл сөздер де білеміз. Бірінші: - Бесікті бос тербетуге болмайды. Екінші: - Бесіктің үстіне отыруға болмайды. Үшінші: - Бесікті аяқпен тербетуге, тебуге болмайды. Мұғалім: - Әрине, дұрыс айтасыңдар бесікті біздің ата-аналарымыз өте қадір түтқан ғой. Балалар жасаған көрпешелерімізді Айсұлуга сыйлайық. Ол үлкен боп өскенде мен оган көрсетейін. Сендер бағанадан қаншама жүмыс атқардындар. Енді кішкене бой сергітіп алсақ. Ал мен сендермен бір ойын ойнағым келіп түр. Ойынға қалай қарайсындар? Балалар: - Ойнаймыз. Қандай ойын? Мұғалім:- Ұлттық ойынымыздың бірі, әсіресе ұл балалар жақсы көретін «Бәйге» ойынын ойнайық. Ойын: «Бәйге» Ойында: (Асылбек Еңсеповтың жылдам әуенді «Султан» күйі ойнап түрады) Барлығы алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Шарты: - Анау жерде екі тау тұр. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Екі топтан екі бала шығып мына екі атпен шауып, тауды айналып келіп аттарды келесі балаларға бере отырып жарысамыз. Қай топ тез шауып бірінші болса, сол топ бәйге болады. Ойында жеңген топты мадақтайды. Мұғалім: - Бой сергітіп алдық. Бүгін сендер де тойға келдіңдер, қонақсындар. Ендеше мына дастархан басына шакырамын үйге кіріп жайғасыңдар, төрлетіңдер.(Балалар келіп дастарханға жайғасады). Мұғалім: - Міне, міне той енді басталды. Тойдың көркі өлең, жыр, тақпақпен басталса. Дастархан көркі «тойбастармен» ашылмақ. Ендеше мен қазір тойбастар табағын әкелмекпін. Біреуі:- Сабаққа қатысып келіп отырған қонақтарға. Екіншісі:-Қонақ болып отырған балаларға. Мұғалім: - Балалар бірінші қане мына отырған үлкен қонақтарға кезек берейік. Ол кісілер ән, жырмен өз алдарына келген «тойбастар» табақтарын ашсын. (Қонақтар залмен ашады). Ал енді кезек сендерде балалар, шырқандар. Балалар: Ән: «Шілдехана» Шілдехана, бесік той Тұсау кесер, сүндет той, ай шіркін-ай Құда түсу, сырға салу, беташарым-ай Алтыбақан ая астында, сүлу бойжеткен, Қыз, бозбала кең даланы әнімен әсем тербеткен. (Бір бала табақтагы орамалды ашып өзі алып, табақтагыпы отырган балаларга бөліп береді) Мұғалім: - Ой, жарайсыңдар. Қане тағы бір ән шырқайық. «Ауылдың алты ауызы» қайда? Балалар: «Белес-белес» әнін айтады. Жүгіріп шықтым белеске. Белес жақын емес пе?! Осы отырған отырыс Бір ғанибет емес пе-ай. Жүгіріп шықтым белеске. Белес жақын емес пе?! Осы отырған «бесік той» Бір ғанибет емес пе-ай. Мұғалім: - Ой, жарайсындар, рахмет балалар. Міне, нағыз «бесік той» болды. Барлықтарын өнерлі екенсіндер. Бір бала: - Орынынан тұрып. Біздің де топқа кайтар уақытымыз келді. Мұғалім: - Әрине, әрине. Дұрыс айтасыңдар. Алайда атам қазақ айтқандай: «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» - дегендей мына дастарханға тілек, ниеттеріңді арнасандар. Бір бала: Мен бата берейін. «Бата» (Қолдарыңды жайыңдар) Бісімілә рахмани рахим, Әуелі кұдай қолдасын. Пайғамбарым оңдасын Мына тұрған дастархан, Әр қашанда жайнасын. Ұрпақтарың өрбісін, Аллам оны қолдасын. (Әумин) Балалар дастарханнан тұрып рахметтерін айтып, келген қонақтармен қоштасып, саз залынан шығып кетеді. Рефлексивті – түзету /Қорытынды/ Бүгін сендер қызықты салтпен таныстыңдар. Ол қалай аталады? -Бесікке салу. Бұл салтты не үшін өткізеді? Балалардың ой-пікірлері. -Сендер әшекейлеген көрпешелер ұнады ма? -Иә! -Балалар, дастархан көркі немен ашылады? - Тойбастармен. -Ал оны ашу үшін не істеу керек? Балалардың жауабы. Кәне қоштасайық. Келесі кездескенше! -Сау болыңыздар! -Сау болыңыз, мұғалім. Күтілетін нәтиже: Білу керек: Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлері: «Бесіке салу» мен балаларды таныстыру. Болу керек: бала дүниеге келгенде бесікке жататының білулері керек. Және үлкен той жасайды оны «Шілдехана» деп атайды. Істей білу керек: Мұғалімнің сұрақтарына дұрыс жауап бере білу. Сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білу. | |
Просмотров: 11205 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|