Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақ жоспары «Тәуелсіз Қазақстан» (ересектер тобы)
Карибаева.К.С.,
қазақ тілі мұғалімі
«№10 «Бал бұлақ» мектеп – бақшасы» ММ
Семей қаласы
Сабақ жоспары
«Тәуелсіз Қазақстан»
(ересектер тобы)

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік күні туралы толық мәлімет беру.
Еліміздің рәміздерімен таныстыру.
Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру.
Отанды сүюге, батылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: еліміздің рәміздері
(Елтаңба, ту, әнұран), күн шуағы.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: - Сәлемтсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе, мұғалім.
Психологиялық сәт.
Балалар, шаттық шеңберге тұрады.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын.
Еліміз аман болсын. (Балалар осылайша бір – бірімен құшақтасады).
Мұғалім: - Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Ал біздің еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Мұғалім: - Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет болғанына 20 жыл толды. Тәуелсіз мемлекет аталып, өзінің жоғын жоқтап, елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алып отырмыз.
1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні болып есептеледі. Ол үшін көп кісілер күрескен. Қайрат Рысқұлбекұлы да сол Тәуелсіздіктің күресіне қатысқан.
Тәуелсіз дегеніміз – біз өзіміздің бостандығымызды еркіндігімізді алдық. Өзіміз жеке мемлекет болып есептелдік. Қазақстан Республикасының президентін сайладық. Сол Тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап Қазақстан Республикасының өзінің туы, елтаңбасы, әнұран осындай рәміздерді елбасымыз қолдады.
Оның бәрін өз қолына алған елбасымыз кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: - дұрыс айтасыңдар. Қазір рәміздердің бір түрімен танысамыз. Ол біздің еліміздің туы.
Тудан ненің белгісін көріп тұрсыңдар?
Балалар: -Күн, құс пен ою бейнесің көріп тұрмыз.
Мұғалім:- Ия, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?
Балалар: Көгілдір түс.
Мұғалім: -Неге ұқсайды?
Балалардың жауаптары.
Мұғалім: -Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы – Шәкен Ниязбеков.
Қазір балалар «Қазақстан жалауы» деген тақпақты айтып береді.
Алина: Қазақстан жалауы
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасыңда төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын
Тимур: Астында оның қалықтаған
Қыран құстың бейнесі,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білесің.
Сергіту сәті.
Мұғалім: - енді еліміздің елтаңбасы мен танысамыз. Ал, балалар нені көріп тұрсыңдар? Сендерге не таныс, қандай белгілер салынған екен?
Балалар: - шаңырақ, уық, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу.
Мұғалім: -Дұрыс, Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңба авторлары – суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Республикамыздың әңұраны да бар.
Біз оны білеміз.
Балалар әңұранды орындайды.
Дидактикалық ойын «Күннің шуағы»
Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды.
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
2. ҚР президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
3. Тудың түсі қандай?
(Көгілдір)
4. Біз қай қалада тұрамыз.
(Семей қаласы)
5. Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз мемлекет)
6. Қазақстан Республикасында қандай рәміздер бар? (елтаңба,ту, әнұран)
Біздің Отанымыз – Қазақстан көпұлтты мемлекет. Әр елдің өзіне тән ұлттық ойындары болады. Қазір біз қазақтың ұлттық ойынын бірі «Тақия тастамақ» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Балалар шеңберге дөңгеленіп отырады. Бір бала ойынды бастайды. Ойын бастаушы тақияны қолына ұстап, мынадай сөздер айтады:
Бір ойын бар, ойын бар
Ойын аты – Тақия тастамақ
Шеңбердегі дөңгеленіп отырған балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде бастаушы бала біреуінің артына білдірмей тақияны тастау кажет. Тақия тастаған бала қуады. Жетіп алса, ойынды бастайды.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақырып өттік.
-Не жайлы әңгімеледік.
-Біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды.
-Қай ойын сендерге ұнады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ирина8627 (2012-03-06) | Автор: Карибаева Кульзира Серикказыевна
Просмотров: 9748 | Комментарии: 2 | Теги: Карибаева Кульзира Серикказыевна, учитель казахского языка КГУ Школа- | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru