Ақмола облысы, Жақсы ауданы Подгорный орта мектебі Абай Алтынгүл Абайқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қазақ тілі онкүндігінде 8-11 сыныптар арасында өткізілген « Эрудит» тарихи –танымдық интеллектуалдық ойыны Құрметті әріптестер! Сіздерге ұсынып отырған бұл материалым қазақ тілі пәнінен орыс мектебінің 8-11 сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс танымдық интеллектуалдық ойыным. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты –дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші -тілді еркін меңгеру. Пәннің тек ғылыми жүйесін меңгертуден арылудың негізгі жолдарының бірі-оқушының сөйлеу іскерліктерін дамытатын жұмыстарға басымдық беру.Осы мақсатпен сыныптан тыс жұмысымды ұсынып отырмын. Мақсаты:Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін арттыру. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. Көрнекіліктер: «Эрудит- 2008»деп жазылған лента, сайыстың аты жазылған плакат. Әр пәннен қызықты деректерге арналған ұяшықтары бар плакат.Ойыншылар көтеретін номерлер. Топтың аты .Төреші бюллетендері. Ойыншыларды1,2,1,2,1,2 деп санау арқылы топқа бөлу. 1-топ «Жерұйық» 2-топ «Көкжиек» Барысы: 1. Ойынның мақсатымен таныстыру 2. Ойынның шартымен таныстыру 3. Ойыншылармен таныстыру 4. Әділқазылары алқасымен таныстыру 5. Жеңімпаз топты анықтау 6. Жеңімпаз топты марапаттау Ойынның шарты: 1 -кезең: «Ертегілер кейіпкерлері.» Ертегілер кейіпкерлерін табу керек. Кім бұрын жауап берсе, 5 ұпайдан жинайды. 2-кезең: «Менің сүйікті авторым.» Әр ойыншыға бір сұрақтан қойылады. Кітаптың авторын дұрыс тапқан топ 10 ұпай жинайды. Жауап бере алмаса, білетін топ жауап береді, оған 10 ұпай беріледі. 3 –кезең: «Қызықты деректер». Әр пәннен ұяшықтарында сұрақтар бар плакат ілінеді. Ойыншы өзіне ұнайтын пәнді таңдап алады. Дұрыс жауап- 10 ұпай. 4 -кезең: «Өткел» Топ жетекшілеріне арналған сұрақтар. 5 –кезең: «Кім көп біледі?» Б, А, Қ, дыбыстарынан басталатын сөздерді көп білетін ойыншылар жауабына қарай ұпай қойылады. 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап-10 ұпай. Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар Бәрінен де батысы- барлығының Қатты істейтін миы бар Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік:Бүгін алдарыңызда сайысқа түскелі отырған Жерұйық тобы мен Көкжиек тобы .Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасын таныстырайы. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер жеңістің шыңына- дей келе сайыскерлерге сәт- сапар тілейік. 1 - кезең: « Әдеби ертегілердің кейіпкерлері». Сұрақтар: 1. Ол беске дейін ғана санау білетін. ( Буратино) 2.Оның достары көкөністер, ал жауы жемістер болатын. (Чиполино) 3.Алтын жұмыртқаның мамасы.. (Тауық.) 4.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. ( Шықбермес Шығайбай) 5.Аргоновтардың кемесі. ( Арго) 6.Ахилестің ең осал жері? (Өкшесі) 2-кезең : «Менің сүйікті авторларым.» 1.Менің атым Қожа, авторы кім? ( Б.Соқпақпаев) 2.Бай баласы мен жарлы баласы. (Ы. Алтынсарин) 3.Ғылым таппай мақтанба. ( Абай) 4. Ереуіл атқа ер салмай. (Махамбет) 5.Көрінбейтін адам. ( ГербертУэльс) 6. Қар ханым. (Андерсен) 3-кезең: «Қызықты деректер» Қазақ тілі. Жасыл ұяшықтағы сұрақтар 1.Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады? (Фонетика) 2.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды. ( 22.09.1989.) 3.Тіл туралы заң қашан қабылданды? (11.07.1997.) 4.Қазақ әліпбиін құрастырған кім? (А.Байтұрсынов) Тарих. Көк ұяшықтағы сұрақтар: 1.Қасқырдың қаншығы қай қаланың рәмізі болып келеді? ( Рим) 2.Робин Гуд мекендеген орман? (Шервуд) Әдибиет. Қызыл ұяшықтағы сұрақтар: 1.Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр.( Қараман) 2.Қорқақ адам бейнесінде суреттеленетін аңның түрі. ( Қоян) 4-кезең: « Бекет» Бұл бөлімде топ басшыларына қойылатын сұрақтар. «Жерұйық» тобына : 1.Қазақстанда ұзындығы 1000 шақырымнан асатын неше өзен бар? (7) «Көкжиек» тобына: 2. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орын алады? ( 9) 5 кезең: «Кім көп біледі?» Б –дыбысынан басталған сөздерді көп білесің бе? Көл- Балқаш Батыр-бөгенбай Кесене- Бабаджа хатун Сәндік бұйым-Білезік Ат жарысы –Бәйге Космодром-Байқоңыр Қ- дыбысынан басталатын сөздер Мемлекет-Қазақстан Қала-Қарағанды Батыр-Қабанбай Музыкалық аспап- Қобыз Хан-Қасым Күйші- Құрманғазы А-дыбыбсынан басталған сөздер Қала-Астана Кесене- Ахмет Яссауи Хан-Абылай Ұлттық тағам –Айран Көл –Алакөл Әділқазылар алқасы ойынның қортындысын шығарады. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
|