Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Елінің даңқын батыры шығарар, Батыры шығармаса, ақыны шығарар. « Елбасымен нұрлы болашаққа! » Сабақтың мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірдерегі. Сол кісіден тәлім - тәрбие алуға, Нұрсұлтандай қайратты, жан-жақты білімді болуға,Отанды сүюге, туған жерді ,елді,тілді,ата-бабаны құрметтеуге, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгі-өнегісін оқушы бойына сіңіру. Көрнекілігі: Елбасы портреті, қанатты сөздері, Қазақстан картасы, ҚР рәміздері,телевизор, шарлар, гүлдер,кітап көрмесі. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 2. ҚР мемлекеттік гимні орындалады. 3. Эпиграфты талдау. 4. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны 5. Н.Ә.Назарбаевтың оқулықтары 6. Келешекті болжаған кемел Жолдау 7.«Елбасыма жырдесте» (оқушы шығармасы,арнау өлеңдері) 8. Бейнетаспа 9. Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйіп тыңдайтын әндері 10. Қорытынды Барысы: Кіріспе Мұғалім: Қайырлы күн құрметті қонақтар,қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың маңдайына біткен ұлы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған бүгінгі «Елбасымен нұрлы болашаққа» атты сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Сабағымыздың мақсаты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірдерегі. Сол кісіден тәлім - тәрбие алуға, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгі-өнегісін оқушы бойына сіңіру. Қазақстан Республикасы конституциясының 9 бабында ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу әрбір азаматтың міндеті делінген.ҚР рәміздеріне мемлекеттік Елтаңба,Ту және Гимні жатады.Сабағымызды ҚР мемлекеттік гимн орындаудан бастайық. Эпиграфты талдау. Елінің даңқын батыры шығарар, Батыры шығармаса, ақыны шығарар. (мақал) Мұғалім: Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз достықтың, бірліктің,бауырмалдықтың көк туын берік ұстап,тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша халқына тыныштық пен жігер беріп келе жатқан ақында,батырда. Мұғалім: Қазақстанның еңсесін көтеріп,тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Тұнғыш президентіміздің өмірбаяны туралы не білесіңдер? Оқушы:1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы. Қазақстан Республикасының және бірқатар шетел ордендерімен, оның ішінде "Алтын қыран" (1993) ордені және көптеген медальдармен марапатталған. Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткер сонымен қоса бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Оқушы кітаптарымен таныстырып өтеді. Мұғалім: Әр жылдың басында Президентіміз халқына жолдау жариялайды.Биылғы жолдау келешекті болжаған кемел жолдау болды. Оқушы: Бұл Жолдау – басқалардан бөлек екен. Ел үшін ескергені ерек екен. Халықтың қамын ойлап, Көмек берер Азамат қай кезде де керек екен. Бұл Жолдау оқығанда жанға жақын. Қаққандай қия-шыңға ән қанатын. Астана ертегідей алып қала, Елімнің ерлігіне таңданатын. «Нұр Отан» ел-жұртыма бағыт берер, Бұл Жолдау оқығанда шабыт берер. Он жылдық жоспарыма - іске сәттік, Дүние қазақ елін танып,көрер! Елбасы атын бүгін әлем білген, Таппадым өр тұлғаны теңер кіммен? Қуанып елмен бірге, Шын жүректен Жолдадым ойларымды өлең –жырмен. Мұғалім: Биылғы жыл тағы немен ерекше? «Елбасыма жырдесте» оқушы шығармасы,арнау өлеңдері. Мұғалім: Елін сүйген Елбасы,Президент деген ауыр жүкті мойымай көтеріп,халқының қамын ойлап,тынбай еңбек етіп келеді. Міне,осы еңбектеріне көз жеткізу үшін бір сәт теледидарға назар аударайық. Сұрақ-жауап. 1. Президент өзі заң ойлап шығара ала ма? 2. Президент неше тіл білуі керек? 3. Президент музыкалық аспаптарда ойнай алады ма? 4. Президенттің басына қате ойлар келуі мүмкін бе? 5. Президент зеріге ме? Мұғалім: Елбасымыздыңсүйіп тыңдайтын әндеріне,өзі сөзін жазған өлеңдеріне тоқталамыз. Ән «Өз елім» орындалады. «Сен – Қазақсың!» өлеңі оқылады. Қорытынды Мұғалім: Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар.Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес.Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып,мерейін үстем етер әлем таңғалар талай-талай жаңалық ашар Нұрағамыз аман болсын.Елімізде білімді жастар көбейе берсін. Источник: http://газет материалдары, Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі т.б. | |
Просмотров: 2868 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|