Главная » Статьи » В помощь учителю » Краеведение |
Бескарагай аудандық білім беру,дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, гуманитарлық пәндер әдіскері Сембаева Жібек Өмірбайқызы Бесқарағай ауданына -85 жыл Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы жаңғыру процесімен астас жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында қоғамды ізгілендіру -21ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы екендігі туралы айтылған. Зиялықты қалыптастыру,көңіл –күй мәдениетін , өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың бір жүйесін орнықтыруда басымдық болу керек. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының зияткерлік , дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру , еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту -басым бағыттарының бірі болады (Қазақстан Республикасы Президентінің 07.12. 2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы).Отанын сүю отбасынан басталады,сондықтан жанұясындағы іні- бауырларына,сыныптағы достарына, алтын ұя мектебіне, туған ауылына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды ертерек бастаған дұрыс. Сабақта, сабақтан тыс іс- шаралар өткізу барысында ,21 ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысында жергілікті материалды пайдаланып викторина, тест өткізуге болады.Дұрыс құрастырылған тест тапсырмалары есте сақтау , ойлау қабілетін дамытады. Туған өлкеміздің географиясы,аудан туралы мәліметтер жинақтауға үйретеді.Туған жеріне сүйіспеншілігін оятып , табиғатты аялауға үйретеді,еңбек пен білімге қызығушылығын арттырады. Өлкетану материалдары оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру ,елжандылыққа тәрбиелеу үшін өте қажет. 1.Бесқарағай ауданы қай жылы құрылған ? А.1918жыл Ә.1928жыл Б.1961жыл В.1937 жыл 2.Бесқарағай ауданы территориясының көлемі А.13мың км² Ә. 25мың км² Б. 31мың км² В. 11,4мың км² 3. Бесқарағай аулының( Борас селосының) іргесі қай жылы қаланды ? А.1902жыл Ә.1870жыл Б.1915жыл В.1930 жыл 4.Бесқарағайдан шығысқа қарай кететін автомобиль жолының атын тап А.Омск -Майқапшағай Ә.Транс-Қазақстан Б.Зайсан жолы В.Байбұра жолы 5.Топырақ түрі қандай ? А.қара топырақ Ә.таудың қызыл топырағы Б.қоңыр күнгірт В.глейлі тундралық 6.Ауданда қанша елді мекен бар ? А.200 Ә.34 Б.15 В.93 7.Аудан облыс территориясының қай бөлігінде орналасқан? А.батысында Ә.солтүстікте Б.оңтүстікте В.шығыста 8Аудан облыс территориясының неше пайызын құрайды? А.3,5 % Ә.51 % Б. 4,1% В25 % 9Аудан климаты қандай ? А.теңіздік Ә.қоңыржай шұғыл континеттік Б.қоңыржай теңіздік В.муссондық 10.Бесқарағай ауылы қай ендікте орналасқан ? А.40с.е Ә.51с.е. Б.60с.е В.20 о.е. 11.Бесқарағай ауылы тұрған жердің абсолюттік биіктігі ? А.120м Ә.500м Б.300м В.920м 12.Қыркүйектің 23-і күні Күн сәулесі қандай бұрыш жасап түседі ? А.40° Ә.20 ° Б.12 ° В.25º 13.Маусымның 22 –і Күн сәулесі қандай бұрыш жасап түседі ? А.63° Ә.47 ° Б.30 ° В.80º 14.Нұрлыбек Баймұратов ақынға мұражай ашылған ауылды ата А.Бүкебай Ә.Ново-Николаевка Б.Қоянбай В.Семияр 15. «Бесқарағай тынысы» газетінің бас редакторы кім ? А.А.Кожахметов Ә.Е.Смаилов Б.М.Калиев В.Б.Сыдықов 16.Атақты композитор,эстрадалық әндер,опералардың авторы,сенатор ,Беген тумасы А.Т .Кирибаев. Ә. Түкісов Б.А.Бодранков В.Т.Мұқаметжанов 17.Оңтүстік –батыста қай ауданмен шекаралас ? А. Бородулиха Ә.Жарма Б. Абай В.Көкпекті 18.Ауданда қанша мектеп бар ? А.24 Ә.35 Б.64 В.13 19.Педагогика ғылымының докторы, халықаралық іскер әйелдер Самиттінің 2 форумының делегатын білесің бе? А.А.Мағауова Ә.Л.Қаражанқызы Б.О.Рыпакова В.А.Зияданова 20.Халықаралық маңызы бар,емдік қасиеті үшін Бесқарағайдың інжу-маржаны саналатын көлді ата А.Ақылбай Ә.Канонерка Б.Шошқалы В.Бабатай Дұрыс жауаптар 1Ә 2В 3А 4А 5Б 6Ә 7Ә 8Б 9Ә 10Ә 11Б 12А 13А 14 Ә 15 А 16 В 17 Б 18А 19 А 20 Б Жергілікті материалды жаңартып,Ұлы Отан соғысының ардагерлері,атақты адамдар туралы ,көше аттарына байланысты мәліметтерді жинақтау үшін оқушыларды ізденіске баулу , болашақта елі үшін еңбек ететін ,өз орнын таба білетін маман дайындаудың жолдары менің ойымша айқын, сонымен қатар өмірдің ағынан қалыспай өз білімін дамытып отыратын ұстаз ғана қазіргі мектеп талабына сай бола алады. Оқушылармен бірлесе істеген жұмысымыз нәтижелі болғай . | |
Просмотров: 1328 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|