Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО Семей қаласы «№25 ЖОББМ» КММ Жетимекова Анаргүл Жексенбекқызы бастауыш сынып мұғалімі МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ: Сабақтың тақырыбы: Бір заттың массасы,заттар саны, жалпы масса арасындағы тәуелділікке есептер. Сабақтың мақсаты: шамалар ұғымын қалыптастыру: баға,сан,құн. 1 Білімділік: Шама ұғымын қалыптастыру-бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса.Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету. Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін есте сақтауын, көбейту мен бөлу дағдылырын дамыту. Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: интерактивті тақтамен жұмыс,жапырақтар,ойыншықтар, жидектер,себет,алма,алмұрт,құлпынай,сары,сұр,көк түстер,стикерлер. Түрі: Пысықтау сабағы, ойын. Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. 1. Ұйымдастыру сәті. Сәлем саған,күн нұры, Сәлем саған жер-ана, Сәлем саған достарым, Сәлеметсіздер ме қонақтар! -Балалар, біз бүгін сондай тамаша әрі қуаныш пен ізгілікке толы қоршаған ортаға сәлем бердік. Қане,мына жайдары да жарқын күзгі күнге , мына мейірімді самал желге күлімсірейікші,бір-бірімізге бұрылып,жымия қарап сәтілік тілейік. -Терезе сыртында күз. Ол сендерге өзінің алтын жапырақтарын сыйлайды. Сыйлай отырып бүгінгі сабақта сендерге табыс тілейді. -Бүгін сабақта, біз сендермен «Бір заттың массасы,заттар саны, жалпы масса арасындағы тәуелділікке есептер» туралы тақырыбын қорытындылап ,тиянақтаймыз. -Қазір біз сендермен үш топқа бөлініп отырмыз.Әр топқа тапсырма алды ала берілген.Топқа ат қойып оған ұрандарын даярлау. Сабақта топ арасында сайыс өткелі тұр. Мықты топ,шапшаң топ және алғыр топ атағына ие боласыңдар. -Сонымен әр топ өзін таныстырып өтсе. А) топтың таныстыруы 2.Ауызша есеп «Араға бал жинауға көмектес» Көбейту мен бөлу тәсілдерін бекіту. -Біздің күзгі орманымыз керемет, онда әлі де гүлдер гүлдейді, бірақ қарапайым емес,сиқырлы. Ара осы күнге дейін бал жинап жүр .Бал жинауға көмек керек екен.Көмектесейік араға балды жинасуға. Жылдам ,шапшаң есептейік. Топ алдарында жатқан ойыншық арқылы дыбыстап жауап бересіңдер.Қай топта дыбыс бірінші болып естіледі,сол топ жауап береді. -Тамаша ,рахмет. 3. Жылдам есепте, дәлелде. -Ал орманда қандай иіс бар? -Әрине, самал желдің иісі таза ауаның,ағаштардың,гүлдің жұпар иісі шығып тұр. -Мынаны қараңдаршы жидектерді жиналғаны.Қандай әсем және мол болып шыққан екен.Жылдам жинауға кірісек қайтеді.Жидектерде берілген тапсырманы жылдам және толық жауап береміз. Есептерді салыстыр. 1 есеп, 69 бет. Бір заттың массасы Заттар саны Жалпы масса 8кг 3 ? -Жалпы массаны табу үшін не істеу керек? Қандай амалды қолданасыңдар? 8*3 Жалпы масса бір заттың массасының заттардың санына көбейтіндісінің мәніне тең. Ә) 8кг ? 24кг 24:8 Бір заттың массасын табу үшін,жалпы массаны заттар санына бөлу керек. Б) ? 3 24кг 24:3 Заттар санын табу үшін, жалпы массаны бір заттың массасына бөлу керек. 2. Есептер құрастыр және оларды шығар: Алма,алмұрт,құлпынай. -3есеп әр топ өздеріне күздің бояуларын таңдау арқылы тапсырмаларға ие болады. Қалай ойлайсыңдар не себептен осындай түстер таңалған?Ненің белгісін білдіреді? -Әрине,күз мезгілінің. Сәт сапарға атанып тапсырмамызды орындауға кірісейік. 5;6;12;14; 24;8;9 сандарының ішінен: 2 санына; 3 санына; 1 санына бөлінетін сандарды жаз. СЕРГІТУ СӘТІ 3. Өрнектерді салыстыр: Берілетін уақыт 3минут . Сол арада есепті жылдам есептеп ,аяқтау керек. 1-топ 3*5+3 3*4-3 2-топ 2*2+2 3*2+3 3-топ 3*4+1 2*8+0 2*6+2 6*2+6 2*5+5 2*4-2 7*3+2 2*9+5 -тамаша! Ойынымыз жалғасуда.Келесі сайыс тез есепте. Өрнектердің мәндерін тап. 856-327 483+395 234+198 243+157 900-436 703-122 Ойын: «Допты ұстап ал» Мұғалім допты кез келген топқа лақтырып сұрағын қояды.Сендер тез арада жауап қайтарып допты қайтарасыңдар. --2кірпінің құлағы нешеу? -2 аптада неше күн бар? -2 қораздың аяғы нешеу? -2 көжектің аяғы нешеу? 3 кірпінің? -5 торғайдың аяғы нешеу? -Тамаша. Келесі тапсырма геометриялық фигуралар. Периметрі 4 сантиметрге тең төрт бірдей шаршыдан үлкен шаршы құрастырылды.Үлкен шаршының периметрін тап. 4*4 16 16+16+16+16 64см -Өте жақсы, балалар тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар. Ал енді соңғы тапсырма. Математикалық диктант. Тек қана жауабын айту міндет. Топ жауап бере алмаса келесі топ жауап береді. 8 есеп, 71 бет. 1топқа Бір сыйлықтың массасы 2кг. Осындай 4 сыйлықтың массасы ----кг. 2-топ Бір бидонға 9кг қаймақ бар.Осындай 3 бидонда --------кг қаймақ бар. 3-топ Бір қорап кәмпиттің массасы 7 кг. Осындай 3 қораптың массасы –кг. -Әрине,жауапты жылдам және тез арада жауап қайтардыңдар сол үшін барлықтарына алғысым шексіз. Рефлексия. Ойын. «Түс» -Мен сан жасырдым,ол үшін ондықтан,нөл бірліктен тұрады, 18-ді азайттым,6-ны қостым,7-ні азайттым,5-ті қостым,11-ді азайттым. Шыққан санды дәптерге жазыңдар. Сендерде сабаққа қойылатын баға шығуға тиіс. -Өте тамаша. Қорытынды. - Біз сабақта нені үйреніп,қандай қорытындыға келдік? - Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар? Бағалау. Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар геометриялық фигураны таңдайды. -Кім бәрін түсіндім,сабаққа белсенді қатыстым,беске жауап бердім деп санаса-күлімсіреген үлкен фигураларды алыңдар, яғни өздеріне 5 қойыңдар. -Кім жауапты толық бере алмадым,дұрыс жауап бердім,жақсы жұмыс істедім деп ойласа –кішірек фигураны алсын4. -Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім , бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе көңілсіз 3 фигураны таңдайды. -Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмайды деп ойлаймын, бәрің жақсы еңбектендіңдер.Сабақ үшін рақмет, балалар. | |
Просмотров: 7922 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|