Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Біріккен сөз
Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөз.
Сабақтың мақсаттары: Біріккен сөз туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1)Біріккен сөз туралы ұғымын таныстыра отырып, жаттығыу жұмыстарын жүргізу.
2) Оқушылардың шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік қорларын молайту.
3) Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. (Жаңаша оқытудың технологияларын кіріктіре отырып, түрлендіре жүргізу).
Көрнекіліктер: интерактивті тақта.
Арнау сөз (Ж. Молдағалиев),слайдтар,суреттер,сөзжұмбақтар.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралдарын дайындап, назарларын мұғалімге аудару
Хор:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
а) Күрделі сөз дегеніміз не? (Екі не одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз)
ә) Күрделі сөзге мысал келтір. (Бозторғай,теміржол,ата-ана, отыз бес, балмұздақ т.б)
б) Сөз деген не? (Сөз деген затқа, түр-түске,қимылға берілген атау).
Мысалы, қалам (зат), тұр (қимыл), ақ (түс).
3.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп отыр. 3 топқа бөлініп, Сөзстан еліне саяхатқа шығамыз.
Ерте,ерте,ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – «Күрделі сөздер» екен. Оның үш ұлы болыпты. Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Бүгін біз сендермен Біріккен сөздің үйіне қонаққа барайық. Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте өмір кешеді. Балалары да тату болып, бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл екен. Сондықтан олар екі түбірден жасалады екен. Мысалы: Айнагүл,аққу,ақбөкен т.б.

Біріккен сөз сендерге арнап бірнеше тапсырма дайындап қойыпты. Сондықтан бізде топтасып, бірігіп жұмыс істейік. Қазір өз аттарыңды, ұрандарыңды атап, өздеріңмен таныстырыңдар. Сол тапсырманы жақсы орындаған топқа сыйлық дайындапты.
1-топ «Достық»
Ұран: Бірі бәрі үшін,
Бәрі бірі үшін»
2-топ «Ұлан»
Ұран: Жеңіскер боп өсеміз,
Азамат боп өсеміз»
3-топ «Білгір»
Ұран: Аға сыйлар ұланбыз,
Қуанамыз бұған біз»
1 – тапсырма:
Араларыңда екі сөзден құралған адам аттары бар ма?
Қандай аттар?
Аружан,Нұрсұлтан,Елнұр,Асанали
4. Оқулықпен жұмыс.
Ережені оқытып,жатқа айтқызу.
Үш топқа әртүрлі тапсырма береді. Осы үш топтың нәтижесін өзім қарап отырамын.Қай топ жақсы жұмыс істесе,соған біріккен сөздің сыйлығын беремін.
5.Дәптермен жұмыс:
Дәптерлерін ашқызып,бүгінгі күнді,әріпті,сөзді,сөйлемді әдемілеп жазады.
1 топ.
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған? Әр сөз неше түбірден жасалған? Талдықорған,егеуқұйрық,еңбеккүн,Жетіқарақшы,шаңсорғыш,Қаламқас,
Жұмабай,беташар,теміржолшы,жанкүйер,асатаяқ,Қызылжарқұдық.
2 топ
2 –жаттығу.Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Орынбасар,асқазан,қосаяқ,Есенәлі,Қызылорда,алтыбақан,аяқдоп,Айгүл,
Екібастұз,сегізкөз,ақсүйек,көкқұтан,Шиліөзен,аққу,Бейсенбай,ұлтабар.
Кісі аттары:
Аң,құс аттары:
Ойын атаулары:
Дене мүшелері:
Тағы қандай атауларды қосуға болады?
Екібастұз сөзін сөз құрамына талда. Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?
3 топ.
3-жаттығу.Ертегіден үзіндіні оқып,көшіріп жаз. Біріккен сөздердің астын сыз.Біріккен сөздердің қандай түбірден жасалып тұрғанын айт.Оларға сұрақ қой.

6.Сергіту кезең:
Жаздық,жаздық өзіміз,
Талып қалды қолымыз.
Сәл ғана дем алайық,
Отырып қайта жазайық.

7.1-топ. Жұмбақты оқы,біріккен сөзді табыңдар.
Ешкім ілмеген шымылдық,
Көкжиекті көлбейді.
Бүктеуіне келмейді,
Сыйлауға да келмейді.
2-топ.Өтірік өлеңді оқы. Біріккен сөздерді табыңдар.
Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Сексеуілмен жемделген.
Таскенеге ер салдым.
3-топ. Жаңылтпашты жатқа айт. Біріккен сөзді табыңдар.
Аршасерік арша деп шыршаны,
Шыршаберік,шыршаны деп аршаны.
Шатасып күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.
8. Мақал-мәтелдер.
Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.
Қандай шөптердің аттарын білесіңдер?
(Итмұрын,шаңқурай,бәйшешек,аскөк,түймедақ,қырықбуын,шегіргүл,
түйкқарын,есекмия)
9. Шығармашылық жұмыс.
4-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Біріккен сөздердің астын сыз. Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
10.Тыныштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңд| ашсаңдар да болады.
11. Дамытушылық тапсырма.
1 топ. 1-тапсырма: Таудың суретін сал.
2-тапсырма: Салған суретке атын жазу.
2 топ. 1-тапсырма:Ағып жатқан бұлақты сал.
2-тапсырма: Салған суретке атын жазу.
3 топ. 1-тапсырма: Балықтың суретін сал.
2-тапсырма: Салған суретке атын жазу.

12. «Кім шапшаң» ойыны. Сөз құрау. Сөйлем құрау.
Саңырау қосақ
Кемпір құлақ
Темір бақа
Бибі жиек
Көк гүл
Тас қазық
13.Қортындылау.
Біріккен сөз дегеніміз не?
Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылады?
Мысал келтір.
«Сөз құра» ойыны
Әр топ қанша сөз құрайды,жарыстыру.
Біріккен сөздер қандай сөздерден болады?
Адам аттарынан,құстар,аңдар,өсімдік\тер,,су,,қалалар,шөптер т.б.
14.Үйге тапсырма. 5-жаттығу.
15. Сабаққа тиянақты қатысқан балаларды бағалау.
16. Ал, балалар біріккен сөз тапсырмаларын түгел орындадыңдар. Сендерге өте қуанышты, алғысын айтып отыр. Сендерге шашу беріп жіберіпті.
Категория: Начальная школа | Добавил: супербалдырган (2013-04-17) | Автор: Балдырган E
Просмотров: 5652 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-06-29, 3:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru