Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Менің балалық арманым
Пән: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Менің балалық арманым
Мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге
ұмтылуына ықпал ету. Өмірлік мақсатын анықтауға көмектесу;
Міндеттері: - Арман ұғымы туралы түсінік беру;
- Балалардың ойын, қиялын дамыту;
- Жақсылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу
- Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым және құрметті ұстаздар! Мен сіздерге көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі біздің өткізетін ашық сабағымыз «Менің балалық арманым» деп аталады.
Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Арманға бірге барайық
Әуелеп әнге салайық
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.
Шеңберге тұрып, қол ұстасып бір – біріне бүгінгі күніміз қызықты өтуіне, ақ көңіл шын жүректен армандарына жетуге тілек білдірейік.
- Қане, кім тілек айтқысы келеді.
- Жақсы ендеше біз осы шеңбер аясында Ермек Өтетілеуовтың «Нағыз адам боламын!» өлеңін қосылып айтайық.
Бүгін титтей баламын,
Әлі-ақ жігіт боламын.
Сонда мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер боламын
Әлде, әлде... Білсеңдер,
Жалғыз ғана талабым:
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын!
Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлде шахтер болармын.
Сонда ұста, не артист,
Не дәрігер болармын.
Әгімелесу
- Балалар арман туралы өз ойларыңды мына сауалдарға жауап бере отырып ортаға салсаңдар.
- Есейгенде кім болғыларың келеді?
- Ел үшін қандай игі іс атқару ойыңда бар?
- Өзіңді қандай адам ретінде елестетесің?
- Ата – анаңның үмітін ақтау үшін не істей аласың?
- Әлсіздерге қорған болып көмектесу үшін не істеуге болады?
Әрбір адамның өзінің арманы болады. Адам арманы еш уақытта таусылмайды. Өйткені бұл өмір. Ал өмір армансыз болмайды. Адам арманына жету үшін көп күш жұмсайды, еңбек етеді. Арман орындалады: жақсы ниеті болса, төзімді, табанды, қайырымды, еңбектене білсе, білімді, ақылды болса...
Мәтінмен жұмыс
-Ал енді балалар Ж. Жұмахановтың «Кім боласың?» атты мәтіні оқылып, мәтін бойынша сұрақтарға балалардың пікірлері тыңдалады.
- Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
- Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті
Еңбектің мәнін түсіндіру барысында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Гүл өсірсең терлеп, (Қолдарын жоғары көтеріп гүлге ұқсатады)
Мұның аты еңбек. (Екі қолын жаяды)
Кесте тіксең зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты еңбек. (Екі қолын жаяды)

Қырға шықсаң өрлеп, (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды)
Дәйексөз
- Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ребус шешу арқылы табылады.
‘Шар ‘‘алма ‘‘‘тиін ‘‘мысық ’ з адам - ‘‘аққала’’ нан’ т‘асбақа’’’’ ‘қыз ‘‘‘‘‘‘‘саңырауқұлақ’’’ с‘‘‘‘‘екіртпе н =.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең».
- Бұл сөздерді қалай түсінесің?
- Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың.
Шығармашылық жұмыс «Қиял әлеміне саяхат»
Балалар өз армандарын қиял - ғажайып бейнеде қағазға түсіруге уақыт беру. Яғни, бірінші қатардағы оқушылар сурет салады, екінші қатардағылар шағын эссе жазады, үшінші қатардағылар өлең шығарады. Осы уақытта баяу ғана «Бала арман» әні жүріп тұрады.Әр жанрдың үздік деген біреуін алып оқушылардың өздеріне қорғату. Өлең оқылып, сурет талданып, эссе әңгімеленеді.
Жаңа ақпарат
Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.
Тыныштық сәті
Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.
- Қане балалар, денелеріңді бос, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Сіздердің алдарыңызда Альжанова Назираның орындауында
« Ертегілер » әнін қабыл алыңыздар. Тұла бойларымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз.
Шығармашылық жұмыс
Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазу керек.


А
Р
М
А
Н
Ш
Ы
Л

Сөзжұмбақтың жауабы: ақылды, рақымды, мейірімді, адал, нағыз. Шыншыл, ынталы, лайық.
- Міне біз қандай баланы жақсы бала деп атауға сөздер таптық.
Мәтінмен жұмыс
- Арман деген не? – депті жігіт.
- Арман дегеніміз ақыл – ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді.
Арманынан адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

- Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Арманға қалай қол жеткізуге болады?
- Білімнің арманға қандай қатысы бар?
Жаттығу – ойлану
Әр қатарға баспалдақтар сызылған плакат таратылып беріледі. Топ мүшелері өз армандарын қандай «қадамдар» арқылы жететіндіктерін баспалдаққа жазып қояды.
Жүректен жүрекке
Жүрекше арқылы бір – бірімізге арманға жету жолындағы тілегімізді айтайық.
- Балалар мен де сендердің қалаған армандарына жетулеріңе тілектеспін. Және сол армандарың орындалады деп сенемін.
Қорытынды
- Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар! -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: СандугашМ (2013-04-29) | Автор: Муканова Сандугаш Болатовна E
Просмотров: 5788 | Комментарии: 1 | Теги: өзін-өзу тану, бастауыш сынып, менің балалық арманым | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 5:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru