Қазақ тілі (2 сынып) Тақырыбы: Зат есім Мақсаты: 1. Оқушыларға зат есімді сөз табы ретінде таныстыру; 2. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы заттың атын білдіретін сөздерді түсіндіру; 3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Көрнекілігі: кесте, сөзжұмбақ. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығарып алу. Сурет арқылы заттардың атын табу, сөзжұмбақты шешу. Сол сөздерге сұрақ қою. Бұл сөздер тобын не деп атайды? З А Т Е С І М - Ендеше, зат есім дегеніміз не? (балалардың мысалдары) Кестемен жұмыс. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн реті мен тақырапты жазайық. Шаңырақ, сандық, домбыра сөздеріне сөйлем құратып зат есімді табу. Түсіну: Мақал-мәтел дегеніміз не? 300-жаттығу (мақалдарды оқу, мағынасын ашу, жазу. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу). 1. Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен. 2. Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар. (Сызықша неге қойылған? Сызықша, екеуіде атау тұлғада тұрғанда қойылады.) 302-жаттығу (сөздерді көшіріп жаз. кім? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жаз). Өзің қалаған сөздерді қатыстырып 2-3сөйлем құра. Кім? Не? бөбек бейбітшілік әже қозы ата көбелек әнші дән ақын мұз Мысал: Жер бетінде бейбітшілік жасасын! Абай – ұлы ақын. Атам бақшаға дән септі. Сергіту сәті. Қосымша жұмыс. І. Керегін тап. Әр жолға заттың атын білдіретін сөздерді тауып жаз. 1. Музыка аспаптары: 2. Бақша өсімдіктері: 3. Жабайы аңдар: 4. Ағаш атаулары: 5. Мамандық түрлері: ІІ. Өлеңді талдау. Архитектор, құрылысшы, Малшы болып ойнаймыз. Теміржолшы, жұмысшы, Әнші болып ойнаймыз. 1-топ. Дыбысытық талдау жаса. (архитектор). 2-топ. Математикалық талдау жаса (құрылысшы). 3-топ. Сөз құрамына талдау жаса (теміржолшы, жұмысшы). ІІІ. Тірек сызба бойынша тапсырма беру. ׀__ __. ׀__ __ __ __. ׀__ __ __. ׀__ ___ __. Қорытынды. - Сөз табы дегеніміз не? - Зат есім дегеніміз не? (мысыалдар келтіру). Бағалау. Үйге тапсырма. Ереже, 303-жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.
|