Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім Мақсаты: кешірім мен келісім құндылығы жайлы оқушылардың адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -«кешірім», «келісім» ұғымдары туралы түсінік беру; -өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту; -кешірімді болуға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, слайдтар. І Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлең жолдарын айтады. Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын Күніміз жарық болсын Аспанымыз ашық болсын. Амансыз ба, қонақтар Амансыз ба, әлем Баршаңызға амандық сәлем. Топқа бөліну. Сурет қиындыларынан мозаика құру арқылы бөлінеді. Топқа тапсырма. Әр топқа өлең шумақтары таратылады. Топ түсінгендерін «топтастыру» әдісі арқылы баяндайды. Мысалы: І топ: Келіспеушілік ІІ топ: Татулық ІІІ топ: Сыйластық ІҮ топ: Түсінісу ІІ Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Кешірім мен келісім» Сұрақ- жауап 1. Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Ал, келісімділік дегенді қалай түсінесіңдер? Мәтінмен жұмыс а) Мәтінді бөліктерге бөліп, төрт топқа тарату. (Жеке, жұппен, топпен жұмыс) ә) «Аялдама» әдісі бойынша әр топ спикері басқа топтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. б) Мәтіннің тұтас мазмұны ашылғаннан кейін, оқушылардың ойлары тыңдалады. в) Мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмысы. - Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекетттері туралы не айтар едіңдер? - Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады? - Сендерде осыған ұқсас жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер. ІІІ Ойын « Шатаспа» Ойынның мақсаты: Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру. Керекті заттар: Текше Ойын барысы: Тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін еске түсіреді. Бір балаға текшені беріп, «Таңертең» десе текшені алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін текшені екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып, шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе, келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. IV Дәйексөз Енді, жаңағы айтқан пікірлерің мен ойларыңды ұлы Мұхтар аталарыңның сөзімен қорытындылаймыз. «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.» Мұғалім:-Өмір біркелкі бломайды, оның жамандығы мен жақсылығы қатар жүреді. Кез келген жағдайға түсінушілікпен қарау керек. Кек сақтауға, өш алуға тырыспау керек. V Жаңа ақпарат Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсіну, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет. Кешірімді, әдепті болу, келісімге келу, өзара тіл табысу адамдардың жарасымды, сыйластықта өмір сүруіне жетелейді. VІ Жағдаяттарды талдау Келесі кезек «жаттығу- ойлану» 1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп кетіп қалды. Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едің? 2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар: - Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық,- деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті. - Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? –деді Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды. а) Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер? ә) Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін? б) Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер? VІІ Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген кестеге кешірімді болу және келісімділік туралы жазады да, өз қорытындысын шығарады. Тапсырманы орындап болған соң жария етеді. VІІІ Қорытынды - Кешірімшіл адамды бәрі жақсы көреді. Өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрай білу үлкен ерлік. Сондықтан да кешірімшіл болуға ұмтылып, кек сақтаудан қашық болайық. Жүректен жүрекке Енді, сабағымыздың соңында мен сендерге парақшалар таратамын. Әрқайсыларың бүгінгі сабақ туралы ізгі тілектеріңді бір ауыз сөзбен парақшаға жазыңдар да, өздерің жасаған топтастыру қағазына жапсырыңдар. Балалар шаттық шеңберін құрып, тілек айтады. 1- жағдаят Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп кетіп қалды. Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едің? 2- жағдаят Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар: - Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық,- деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті. - Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? –деді Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды. а) Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер? ә) Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін? б) Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер? Ойын барысы: Тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту, мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін еске түсіреді. Бір балаға текшені беріп, «Таңертең» десе текшені алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін текшені екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып, шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе, келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Мақтаншақ жолбарыс Ертегі Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын», деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді. - Кет қазір, менің бағымнан!- дейді жолбарыс қаһарланып. - Біраз сайрасам қайтеді?- депті бұлбұл жалынып. Жолбарыс: - Мен саған сайрағанды көрсетейін!- деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір- екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қоярға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады. Жолбарысты көрген қарға: - Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың?- деп сұрайды. - Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным- ай!- деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып: - Жүріңіз, мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді мүйізімен оп- оңай суырып тастайды,- деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады. - Менің мүйізім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне байлаған найзаны да алып береді,- деп, жолбарысты аюдың үйіне алып барады. Аю мән- жайға қаныққан соң: - Е, мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын. Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті. - Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып-ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, - депті піл, Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән- жайды түсіндіреді. Қолтырауын: - Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол- өте мейірімді құс. Барып өтін, оп- оңай алып тастайды,- депті. Бәрі жиналып, бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм-мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты. Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын- сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды. | |
Просмотров: 2060 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|