Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
• Сабақтың тақырыбы: "Қамқорлық" Б. Соқпақбаев Сабақтың мақсаты: Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға, топпен жұмыс жасауға өзіндік пікір білдіруге үйрету. Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын, ой - өрістерін, тіл байлығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс жасауға, пікір алмасуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас оқыту Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, топтасу, ой шақыру.... Жабдығы: Интербелсенді тақта, күн бейнеленген суреттер, бұлтшалар... Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану Сабақтың барысы: 1/ Психологиялық дайындық .Өлең жолдарын қимылды әуенмен орындау. Жылы, жылы лебізді, шын ниетпен айтайын Алақанға толтырып, өзіңе сыйлап қайтайын... 2/Үй тапсырмасын тексеру: 1)Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты? 2) Көжектің қорқынышты халін баянда. 3)Шаруа неліктен көжекті үйіне әкелмекші болды? 4) Туған-жер, отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? 5) Көжек неге жылы үйден қашты? 3/ Қызығушылығын ояту: а/Суретке зер сал. - Сонымен балалар,біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз. - Бөлім: «Табиғат-менің өз үйім» «Табиғат ол- анамыз. Табиғатқа баламыз» 4/. Ой ашар: а/ « Ойланып,көр!» Сөзжұмбақ шешу. ә//Жазушының өмір жолдары. Автор туралы айту. Алдымен автор сипатталады да, сауал қойылады. - Бұл жазушы кім деп ойлайсыңдар? - Әрине, бұл жазушы - Б. Соқпақбаев (слайдтан көрсету) 7/Ой қозғау: - Ендеше бүгінгі өтетін сабағымызБ. Соқпақбаевтың кезекті шығармасы "Қамқорлық" әңгімесімен танысамыз. --"Қамқорлық" сөзін қалай түсінеміз? а/(ассосация жүргізу) ҚҚққққққИТТ Қамқорлық/ қайырымдылық/ кішіпейілділік/ жақсылық... т. б 8/Суретпен жұмыс:а/ Әңгіме құрастыр,мәтінге ат қой.ә/Жұмбақ:Балалармен достасып,жазда бақты қорғайды.Күзде кетер қоштасып,кім біледі ... ? /торғайды/ 9) Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу. а/Мәтінді дауыстап оқу. ә/ Мәтінді бөлімге бөл, тізбектей оқып. өзара топ арасында талқыға салып, мазмұнын ашу. б/Мінездеме жазу 10/ Сергіту сәті : Қане,қанат жазайық,қарылғаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық.орнымызға қонайық. Қарылғаш боп ұшайық,торғай болып қонайық, Сауысқандай секіріп, тоқылдақ боп шоқиық. Ойын: «Мақалдың жалғасын тап!» 11/ Дәптермен жұмыс. а/Сөздік жұмыс : жан далбаса-жанталасу; үрей-қорқыныш; Өкпесі өшіп-қатты шаршау;жауыз ниетін-қайырымсыздық; ә/ Сұраулы.лепті сөйлемді жазу. 12/ Шығармашылық жұмыс: 1 - топ тапсырмасы.Тыйым сөздер: 2 - топ тапсырмасы. Торғай туралы 5 жол өлең. 3 - топ тапсырмасы .Хат жазу .Сүйікті кейіпкер ... 4 - топ тапсырмасы. - Егер мен Қожа болсам... Эссе жазу. Әр топ тапсырмаларын орындауға уақыт беріліп, бақылау жүргізіледі. 7. Бекіту Күн ананың балаларға айтар сөзі бар екендігін хабарлау. Сұраққа жауап алынған сайын Күн ананың көзінен сөздер ашылады. - Торғайды атпақ болған кім? - Торғайға қамқорлық жасаған бала кім? - Жантасқа айтар ақылың қандай? Жасырынған сөз: Құстарға қамқор болайық! 8. Бағалау Жеке, жұптық, топтық бағалау. Күншелер тарату. 9. Қорытындылау. « Біз не білеміз?» Құстар- біздің досымыз, бау-бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ,құстар бізді қолдайды. « Біз не білгіміз келеді?» Құстардың алуан түрлілігін «Біз не білдік?» Құстарға бол қайырымды, қамқорлықты күтеді. Тест: 1.Ж. Аймауытовтың әңгімесі. А) Бүркіт. Ә) Торғай. Б)Көжек. 2. Өзен кімнің өлеңі? А) Ыбырай. Ә) Абай. Б) Шәкәрім 3. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» А) Таза бұлақ. Ә) Нағыз адам. Б) Бір кесе меруерт. 4.«Жылан торғайды арбап жейді»деген сөз кімнің әңгімесінде айтылған? А) М. Сүндетов. Қайырымдылық. Ә) Ж. Аймауытов. Торғай. 5. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды? А) Құралай. Ә) Қозықа. Б) Ақбөқен. В) Марал. 6. Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге теңеген кім? А) С. Сейфуллин. Ә) М. Сүндетов. Б) С. Мұқанов. Ж. Смақов. «Торғай ағаш қорғайды» Шыр-шыр еткен торғайды , Қорғамасқа болмайды. Кіп-кішкентай торғайлар, Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді. Бақшамызға қонбайды. 10. Үйге тапсырма "Қамқорлық" әңгімесін түсініп оқу, мазмұндау, мәтін бойынша сұрақтар дайындау 1-топ:Егер мен Қожа болсам... Эссе жазу. 2-топ:Жаңылтпаш. 3-топ: «Торғай» мүсінін ермексаздан жасау. | |
Просмотров: 3394 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|