Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 2. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы., т. б. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа аудару. 1. Өтілген әріптерді еске түсіру. ІІ. Өткен Э дыбысын еске түсіру, қайталау. Сөздерді оқыту. ІІІ. Жаңа сабақ. 2. «Ойлан, тап» ойыны а) Жұмбақ шешу. Қысы – жазы бүр түсте. Ол не? - Шырша - Шырша сөзін орысша қалай айтамыз? - Ёлка - Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі? - Ё дыбысы. (Хормен айту) - Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру. - Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б. - Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату. Ёлка сөзі 2 буыннан тұрады. Ёл – ка 5 дыбыс, е екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл сөзде 4 әріп бар. 3. Сергіту сәті. Биік болып өсеміз, Ёлкалардай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Шетімізден шеберміз, Денемізді бос ұстап, Билеп - билеп аламыз. 4. Дәптермен жұмыс. а) Сөздік жұмысы. Шахтёр, монтёр сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау жасату. ә) Дәптердегі берілген буындарды, сөздерді оқыту. 5. Жазу жұмысы. Ё ё әрпін бастырып жазу. 6. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді. т. б. 7. «Кім біледі?» ойыны. Актер, монтер, элеватор сөздеріне талдау жасап, шартты белгімен жазу. 8. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны. Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.» 9. «Кім зейінді» ойыны. - Балалар мен сендерге С. Мауленов өлеңін оқып беремін. Сендер зейін қойып тыңдаңдар. - Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мауленов. Шахтерлерді ел біледі. Оған сарай – жер асты. Көмір қазып жүреді, Қопарып ол тау - тасты. Бала оқитын зәулім үй Қалмау үшін суынып, Көмірден тау үйеді, Беру үшін жылылық. - Өлең кім туралы? - Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма? 10. Қорытындылау. - Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық? - Е е дыбысы қандай дыбыс? - Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп отырған балаларды мадақтау | |
Просмотров: 2356 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|