Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сабақтың тақырыбы:Астана.Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Сеитова Баршин Жылкайдаровна
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты: Республикамыздың астанасы жайлы түсінік беру, орналасқан жері .Алматы қаласы туралы да жаңа мәліметтер беру.Еліміздің қалаларына деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Оқушылардың өз бетінше картамен жұмыс істеу білу, жер-су аттарын еөрсете білу қабілетін ждамыту.
Оқушыларды Отан сүйгіштікке туған жерге,елге деген сүйіспеншілікке табиғатты торғауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой тұжырымдау, бақылау,оқыту,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақ көрнекілігі:Астана,Алматы қаласы туралы бейнефильм,
суреттер,слайдтар.
Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал.
Шаттық шеңбері. Қазақстанның жері қаншама кең байтақ екенін көрсету.
Еңсесі биік егеменді ел.
Бәріміз бірге: "Жаса менің Отаным - Қазақстан! Мен өзіңді өте жақсы көремін Мен сенімен - мақтанамын!
Үй тапсырмасын тексеру.
С.Жүнісов."Кімнің мекені жақсы" сахналау, мақал-мәтелдер.
Жаңа сабақ.
1. Слайд. Ребустарды шеш. Астана, Алматы.
2.Ребустардың шешуіндегі екі қала туралы не білесің?
Слайд .Астана қаласының тарихын түсіндіру.
Слайд. Алматы қаласы туралы.
Слайд. Мәтін авторы:Күләш Ахметова.
Картамен жұмыс.Географмялық орны:Есіл өзенінің оң жағында,Сарыарқаның Солтүстік бөлігінде орналасқан.
Оқулықпен .жұмыс , мәтінді оқып беру,мәтәнді кезекпен оқыту
5.Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған (оқушы жауабы)
6.Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойдайсың?
-Еліміздің астанасы Алматы қаласы болған.1998ж. Астана қаласы
бас қала болып саналады. Міне содан бері Астана қаласы көркейіп ,гүлденіп келеді.
Есіл өзенінің сл жақ жағалауында бой көтеріп келе жатқан ғимараттар өте көп.Бірақ солардың ішіндегі ең сәулеттісі
"Астана-Бәйтерек"ескерткіш- ғимарат.Биіктігі 97м.Бәйтерек
келген қонақтар үшін тамашалайтын ғимарат қана емес ,қаланың
үлкен- кішісіне айналаны көз алдына келтіретін әсем ғимарат,
әрі демалыс орны болып саналады.
Екі лифт 86м. биіктікте орналасқан панорамалық залға лезде алып шығады. Нақ осы жерде Астананың жан - жағы алақан-
дағыдай анық көрінеді.
Самұрық құсы турулы аңыз.(Музыка)
Бәйтерек ғимараты аспан мен жерді байланыстырып тұратын мағынада салынған.
1. Дүние жүзілік форум осы бәйтерек ғимаратында өтті.
Барлық қала жүрегі, Барша қауым тілег! Әсем қала Астананы Бүкіл бала біледі.
- Алматы-Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы.Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан.Қалада түрлі мәдени орындар,спорт кешендері,саябақ және кітапханалар бар.
Алматыны "жасыл қала" деп атайды.Өйткені табиғаты тамаша,
өсімдіктердің алуан түрі қаланы жап-жасыл етіп көмкеріп тұралы.Оның тарихы тереңде жатыр.Ертеде Еуропа мен Азияны
.байланыстыратын Ұлы Жібек жолы осы Алматы қаласы арқылы
өткен.Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қызу жүрді.Атақты Ферғана мен Араб тұлпарлары, қытайдың жібек маталары,арыстан,піл,
жолбарыс.қыран құстар,өсімдіктер,кітаптар және басқа да
тұрмыс заттары саудаға түсті.
Қазіргі Алматы қаласында осы тарихи кезеңге арналған Ұлы
Жібек жолы көшесі бар.
Слайд. Қанат жайған көсіле Алатаудың төсіне Алматыны атасақ Алма түсер есіңе Алманың шығу тарихына тоқталу.
Поэзия минуты: Астана - арман қала.
4.тапсырма: Сабақты қорыту.
а) Сарыарқа ә) Алатау б) Алмат
Есіл Алматы Астана
Астана Бәйтерек
"Астана "сөзжұмбағы.
1.Әдемі, түнде мен жүрсем , бірге жүреді.
2.Жылт- жылт еткен 3.Асты тас ,үсті тас 4.Қолы жоқ ,сурет салады.
Жылғадан өткен. Ортасында шандыр бас 5.Қырда қылыш жарқылдайды.
6.Күнде оған қараймын,
Қара шашты тараймын.
Үйге:Өлеңді мәнерлеп оқу, Астана туралы әңгіме жазып келуге.
Бағалау. Оқушыларды мадақтау,бағалау.

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Бірлестік орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Сеитова Баршин Жылкайдаровна

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сеитова Баршин Жылкайдаровна
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген , Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсанына арналған
“Тәуелсіздік тұғыры биік болсын ” атты сыныптан тыс шарамызды бастаймыз!
2-жүргізуші: Желтоқсан бастауы-ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі.
1-жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғаға 27 жыл толыпты. Ол ендігі жерде қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.
2-жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жерінде ұлттық сана-сезімін өз халқының намысы, ар-абыройымен байланыстырған жаңа буын өсіп шыққанын көрсетті.
1-оқушы: Әлі есте борап, қақағаны.
Тағдырдың қиындыққа тақағаны.
Қазақтың қайсарларын жалмағасын,
“Қаралы Желтоқсан” деп аталады.

Қара түнек қаптағасын бастарын,
Есіңде ғой қорыққаның, сасқаның.
Еліміздің тыныштығын бұзғасын,
Ереуілге шықты емес пе жастарың?
2-оқушы: Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл еді,
Күннің өзі күңіренген күні еді.
Қапысызда қыршынынан қиылды
Қазағымның ту көтерген түлегі.
Намысынан өртке оранды өзегі,
Қазақ қалай басқындыққа көнеді?
Ұрандатып шықты алаңға тай салмай,
Өкінішпен өксігесін өз елі.
Хор: “Желтоқсан желі”

1-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 5 пленумы болды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұған дейін республикаға мүлдем бейтаныс Г.В.Колбин тағайындалды.
2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы-толғағы жеткен құбылыстардың жиынтығы. Ұзақ жылдар бойы күшпен, қорқытумен, үркітумен, алдаумен, арбаумен бұғауда ұстап келген халықтың көзі ашыла бастады.
3-оқушы: Желтоқсан оқиғасы жайлы сөз болса, Қайрат аты көп аталады. Бұл орынды.Ұлт намысы кеудесіне сыймаған талай-талай ұл-қыздардың Желтоқсан қозғалысын тәуелсіздіктің жолындағы күресі емес деп кім айта алады? Олардың қай-қайсысы да қандай да бір марапатқа, дастанға лайық.
Құлдық ұрып, көне берсек ырыққа,
Жер бетінен кетер едік құрып та.
Қазақпын деп ойлар болсақ , ағайын,
Алматының Желтоқсанын ұмытпа!
Гауһар, Алина ,Фатиманың орындауында ән « Қара бауыр Қасқалдақ»
І жүргізуші: Көрініс және Қайраттың “Ақтық сөзі”.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты-құрбандық”,
Атам десең, атыңдар
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол , таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош, аман бол артымда,
Ағайын-туған, азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат
Желтоқсанның ызғарындағы боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз...
Нұрасыл: М.Шаханов “Оралу” .
Аққу. “Желтоқсан алаңы”
Фатима: Көкіректі намыс оты кернеді,
Аз ба еді бұған дейін көргені?
Қамын жейтін қайсарлары Қазақтың
Басынуға жанымызды бермеді.
Міне бүгін айқара ашып есігін
Алды болып келе жатыр көшінің
Сол жылдары жанын қиған ерлердің
Ұран етіп айтып жүрміз есімін.
Енді қайтіп жанымызды бермесін,
Шаттық оты елімізді тербесін.
Ызғар шашқан сол “Қаралы Желтоқсан”
Қазақ елін енді қайтіп көрмесін!
Алдияр:
Нұрын шашып, күліп атып таңдарым,
Көріп тұрмын бүршік қайта жарғанын,
Ту көтеріп бір шаңырақ астында,
Біздер көрдік бабалардың арманын.
Бұлт торлаған қазағымның аспанын
Білерсің бе, қалай өмір бастадың
Көргің келсе, ашып көргін ақырын,
“Тарих” атты қарт бабамның аспанын.

Алина:
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен-Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Ертеңіңе буғанда өз бетіңді,
Ұлы ерлікке буған бетін бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы-Желтоқсан,
Тарихының жаңа беті секілді.
Бексұлтан : “ Тәуелсіздік”
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік деген- әр халықтың, әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік деген-қазақтың қолындағы жолбастар, жолын ашар шамшырағы. Қазақтың болашағы мен қуанышы.
5-оқушы: Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған Тәуелсіздік!
6-оқушы: Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген Тәуелсіздік!
7-оқушы: Ақиқатыңды айтқызбай тіліңді тістеткенде, бойыңнан рухани күш кеткенде, есіңді жиғызып, еңсеңді көтерткен Тәуелсіздік!
8-оқушы: Дінімізді бұрмалап, Құранымыздан жаңылдырған, Алламызды ұмыттырып, адамға табындырғанда иман нұрымен сәулесін шашқан Тәуелсіздік!
9-оқушы: Өз қолыңды өз аузыңа жеткізбей, айтқанын екі еткізбей, шырмауықтай шырмап алған қоғамда, ғазиз басың боданда жүргенде бостандыққа жол ашқан Тәуелсіздік!
10-оқушы: Елін сүйреп арайлы атар таңға , ортаңнан орда бұзған қаһарманға, тізгініңді бергізбей, соңынан жұртты ергізбей, жазықсыз “халық жауы” атанғанда, қаралаған ұлыңды ақтап алған Тәуелсіздік!
Хор «Қазағым менің»
1- жүргізуші: Тәуелсіздік шежіресі.
Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді, ажырамас бірлігімізді сақтай отырып, тыныш заман мен молшылыққа қол жеткіздік.
2-жүргізуші:
Сен неткен, Отан Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін
Жайнай бер , ұлы Отан, қазақ елім!
Хор : «Атамекен»
Қадірлі көрермендер, бүгінгі сыныптан тыс шарамызды тамашалағандары- ңызға рахмет, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болғай!
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сеитова Баршин Жылкайдаровна

Источник: http://Сабақтың тақырыбы:Астана.Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Категория: Начальная школа | Добавил: Баршин (2014-07-21) | Автор: Сеитова Баршин Жылкайдаровна E
Просмотров: 1725 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2025-01-02, 10:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru