Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Тақырыбы: Сайыс «Демаламыз қызықты бау – бақшаға қыдырып» Мақсаты:Оқушыларға күз мезгілінің берекелі, молшылық, еңбек айы екенін түсіндіру, экологиялық, экономикалық тәрбие беру. Көрнекілігі: плакаттар, эмблемалар, жеміс-көкөністер, суреттер, карточкалар. Сабақ барысы Қымбатты ұстаздар және білім сүйетін достар! Сіздерді бүгінгі болатын «Демаламыз қызықты бау – бақшаға қыдырып» сайыс ойынын тамашалауға шақырамыз. Жүрегімді жербеген бір арман бар Аман болсын аңдар, құстар, ормандар, Ақыл – ойды жоюға емес адамдар Тіршілікті қорғау үшін арнандар. Сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік. 1. Мектептің ыстығына күйетін Шәкірттері қадірлейтін сүйетін Ғадылшақызы Күлшат сынды ұстазым Жүрекке жыр,көңілге сыр түйетін (мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі) 2. Жаны жайсаң жүрегі толған құрға Шәкірт үшін биік тұлға, зор тұлға Асқақтатқан абыройын мектептің Ризамыз Анна Дмитриқызына (мектеп психологі) Елбасымыз: «Білімді ұрпақ – болашақ» деген, «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарқын» демекші, ортаға сайыскер оқушыларды шақырамыз. І бөлім. Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын Қосатұғын күрең атын, бозатын Басталады «Бәйге» атты жарысың Шықсын шәкірт шындарға қол соғатын. Әр топ өздерін таныстырып өтсін. І топ «Алма» Ұраны:«Еңбек еткеннің еңсесі биік». Әні:Апорт деген алманың Таттың ба сен бал дәмің? Апорт деген тәтті алма Ол өседі бақтарда Білесің бе, әр елде Өсетұғын алма көп Алматының кәдімгі Апортыңдай алма жоқ. ІІ топ «Қауын» Ұраны:«Байлық еңбекпен келеді». Әні:Қауыны мен қарбызын Жинап жатты ауылым Алмақ едім үлкенін Аурын – ай, ауырын! ІІІ топ «Қарбыз» Ұраны:«Еңбек – тәннің қуанышы, Жанның жұбанышы». Әні:Бар аласы, қарасы Қарбыздарды қарашы Тәттілердің тәттісі Тек қарбыз деп білемін Достар келсе қонаққа Тойғанынша тілемін. ІІ бөлім. Ұлылардың ұрпағымыз кешегі Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі. «Айтыс». (Бұл сайысты әр топ өз тобын қорғауға тиісті). 1. «Алма» тобы Қараймын тауға Қараймын бауға Өсіп тұр онда Қып – қызыл алма. 2. «Қауын» тобы Үлкен шардай дөңгелек Өні бөлек Дәмі бөлек Уылжиды аузда Әміре мен әңгелек 3. «Қарбыз» тобы Күйіп тұрған тамызда Кәне, бәрін бауызда Қызыл қырау ерісін. 4. «Алма» тобы Осында алма Сендерде бар ма? Гүлденсін аула Егіндер алма 5. «Қауын» тобы Тұқым өсіп – өнгенше Өртенеді күн – күлше Туырылып піседі Торлама мен дембелше. 6. «Қарбыз» тобы Шөлін әбден қанады Көзін шамдай жанады Тамылжыған шырыны Таңдайында қалады. 7. «Алма» тобы Яблоко спелое, красное, сладкое Яблоко хрусткое, с кожицей гладкою Яблоко я пополам разломлю Яблоко с другом своим разделю. 8. «Қауын» тобы Как же дыня хороша Словно солнышко желта И на вкус онаотлична Ароматна и сладка. 9. «Қарбыз» тобы Ах, какой большой арбуз Сладко – сахарный на вкус Хомячок смеется: Ам! Никому арбуз не дам! 10. «Алма» тобы Я яблоко румяное Расту всегда на ветке Любят меня взрослые И маленькие детки. 11. «Қауын»тобы Собираем овощи Урожай готов Много людям радости После всех трудов. 12. «Қарбыз» тобы Здравствуй, осень золотая! Как ты хороша! Когда смотрю я в небо синее У меня поет душа! 13. «Қарбыз» тобы На бахче у нас растет Как разрежешь сок течет Свеж и сладок он на вкус Называется арбуз! Мұғалім:Үшеуің де дәмдісін Шырқап айтар әнімсің Көз тоймайтын керемет Дастарқанның сәнісін. Песня«Осень» 2б» класс Әділ қазылар сайыстын бағаларын айтады. ІІІ бөлім. «Темір тапшылығын болдырмайық» деген бұл ойынымыздың шарты бойынша жіпке үш алма байланған. Әр топтан 3 оқушы шығып (капитандар), қолдарын арттарына айқастыра ұстап, алманы бірінші болып жеп тауысуы керек. ІV бөлім. Асау тұлпар желдей ескен арынды Оқу менен еңбекке сал барыңды. Әр топ бұл бөлімде еңбек туралы мақал – мәтелдер айтысына түседі. 1. «Алма» тобы Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке. Көз қорқақ, қол батыр. Байлықтың атасы – еңбек, Анасы жер. Кто не работает, тот не ест. 2. «Қауын» тобы. Еңбек етсен ерінбей, Тояды қарнын тіленбей. Еңбегі аздың, өнбегі аз. Дело мастера боится. 3. «Қарбыз» тобы. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Еңбек етсең емерсің. Жаңбырменен жер көгерер, Еңбекпенен ел көгерер. Что посеешь, то и пожнешь. Стихи. Тал шыбығым буралып Бақшаларда қызарып Тұрған ол мен – қызанақ Күнге қарап ұялып. Асханадан шықпаймын Атым – пияз, бұқпаймын Көзден жасты шығарып Тұмаудан да сақтаймын. Көктеп ертен шырмалып Өсемін мен бүр жарып Атым – қияр, терін ал Жиі – жиі суғарып Күзді күтіп жатамын Жиып нәрді бойыма Асқабақпын, жараймын Қыстай сақтап қоюға. Өсіретін бойынды Дамытатын ойынды Қоянға да азықпыз Сәбіздерміз жазықсыз. Бақшаларда тізіліп Қаперсіз мен жатамын Қабат – қабат киініп Қырыққабат атандым. Бағаларды айту. V бөлім. Ал, шәкірттер алды артын оңдасын Шешілмеген жұмбақтар қалмасын. Бұл бөлімде жұмбақ жасырылады. Қанша көкөніс, жеміс жинасаңыз сонша ұпай қосылады. 1. Қабат – қабат тоны бар Бір тоны емес оны бар. Оранғанда он тонға Тоңбайтындай жөні бар. (пияз) 2. Күн көргенде пісем дейді Піскен бойда түсем дейді. 3. Құйрығы жасыл, қызыл қораз Інге тығылып ұзын қораз. (сәбіз) 4. Түймедей қыз Түймедей қызды жылатар. (пияз) 5. Жартысын ектім, бүтінін алдым. (картоп) 6. Өзі іште, шашбауы тыста. (сәбіз) 7. Көмген жалғыз, қазғанда сан қыз. (картоп) 8. 40 қабат шекпені Шешкен жанға өкпелі Соның бәрін шешкен сон Көздің жасын төккенін. (пияз) 9. Іші – жұмсақ, сырты қатты Еті – қызыл, сүті – тәтті. (қарбыз) 10. Іші толған ШӘРБӘТ Дәмі қандай әйбәт Үзесін бірден жүзін Оның аты... (жүзім) 11. Сырты қандай қатты Дәні сондай тәтті Шағып қара таңдап Оның аты... (жаңғақ) 12. Доп – дөңгелек сары Ішінде бар дәні Қызығасын көріп Оның аты... (өрік) VІ бөлім. Басталды «Жорға» деген сайысы Бұл сайыста озып шығар қайсысы? Жылдамдығын, алғырлығын сыналар Кәне, шәкірт көрінеді қай ісің. Жаңылтпаштар сайысында әр топ жаңылтпаш айтуы керек, ал келесі топ мүдірмей, қатесіз тез қайталап айтып беру керек. Жаңылтпаштар. «Алма» тобы Құрықтан құлдырап түстім Сырықтан сылдырап түстім. «Қарбыз» тобы Есет атам ас асатар Ет асатса бес асатар. «Қауын» тобы Қай тай лақтай Қай лақ тайлақтай? «Алма» тобы Добры бобры идут в боры «Қауын» тобы Шүрегей сүңгігіш пе? Сүңгуір сүңгігіш пе? «Алма» тобы Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па? «Қарбыз» тобы Тебіншек ат – шегіншек Шегіншек ат – тебіншек. «Қауын» тобы Осип охрип, Архип осип. Песня «Скворушка прощается» 2 «а», 4 «а», 3 «б» VІІ бөлім Балалар, біздің бау – бақшамыз мол өнім беру үшін әрине оны суарып тұруымыз керек. Ол үшін қасықпен су тасып, өз тарелкімізге құямыз. Уақыты 1 минут. Бізідің әділ қазылар өз шешімдеріне келгенінше көрермендерімізді ойынға шақырамыз. Кәне, оқушылар, сіздің шеберліктерін мен ептіліктеріңді байқап көрейік. 1. 4 оқушының көзін байлап, жіпке әр түрлі заттар ілінеді. Соны қолымен сипап, оның қандай зат екенін табу. 2. «Кім тез оқиды»? талас – салат, родимоп – помидор, потрак – картоп, зүк – күз, қабақса – асқабақ, зібәс –сәбіз, кірө – өрік. 3. Кім картопты тез аршиды? (ұл балдар) Сөз әділ қазыларға беріледі. Құрметті оқушылар! Сіздердің шеберліктерін мен ептіліктеріңізді, білімдеріңізді байқадық. Көп рахмет. Еңбек етсең еріңбей, тояды қарнын тіленбей – демекші мына байлықтың бәрі береке – бірліктің арқасында келіп отыр. Батамен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді – дейді халқымыз. Үлкен кісілерден бата алайық. - Балалар, білімді, саналы, дені сау азамат болыңдар, күз мезгіліндей мейірімді болыңдар. Күз де өтер, қыс келер қырауланып Ақ қармен бүркеніп аяз қарып Аттандырып күз маусымын міне, бүгін Келгенше кош болғайсын жыл айналып. Құрметті көрермеңдер! Осымен «Демаламыз қызықты бау – бақшаға қыдырып» атты кешіміз де өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. | |
Просмотров: 1497 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|