Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Шығыс Қазақстан облысы «Шаған кенті №24 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ Мұғалімі: Салтанат Нәсілжанқызы Нәсілжанова Пәні: Математика Тақырыбы: «5 санын қосу және азайту тәсілдері» Сыныбы: 1 «Ә» Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту тәсілдері. Сабақтың мақсаты: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Білімділік: 5санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Дамутышылық: Есептеу машығын артгыру, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге баулу. Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары. Слайд. Оқыту әдісі: түсіндіру. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың мазмұны: I. Ұйымдастыру. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгелдеу. 3. Оқу құралдарын алдыру. 4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. - Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. - Ондай болса «жақсы сөз жарым ырыс» демекші сабағымызды жақсы сөздермен бастайық. П. Үй тапсырмасын тексеру. - Үйге қандай есеп берілді? - Оны қалай шығардық? - Кезек-кезек оқыту арқылы есепті қалай шығарғандарын тексерем. Балалар біз сабағымызды аспан әлеміне саяхат жасаймыз.Аспан әлемінен бізге Жұлдыз атты қыз қонаққа келді, ол бізге әр түрлі тапсырмалар алып келді.Сол тапсырмаларды біз дұрыс орындасақ,аспан әлемі туралы мағлұмат алатын боламыз. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа сабақ: түсіндіру: 2-ні қосқанда бір сан 3-ті қосқанда екі сан 4-ті қосқанда үш сан аттап қосамыз. Ай және жұлдыз туралы мағлұмат бердім. 5-ті қосқанда төрт сан № 2. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 5+5=10 10-5=5 6+5=11 11-5=6 Күн туралы мағлұмат бердім. ІҮ. Жаңа білімді бекіту: № 3. Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен ата. 5 10 1 № 4.Өзіндік жұмыс. Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр. Жер туралы мағлұмат бердім. Сергіту сәті Кел, ойнайық! «Құлпынай теріп алайық» берілген мысалдардан жауабы 7, 5, 9 болатын мысалдарды өз себетіне салу. 4+3-2 7-4+6 2+4+3 8+2-1 10-4+1 9-8+6 7+3-5 Жалпы планета туралы мағлұмат алды. Шығармашылық тапсырма: А - мұғалім Т - ұшқыш Д – дәрігер. Ү. Сабақты қорытындылау. -Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік? V .Үйге тапсырма: № 5 есеп, 126 бет. Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау. | |
Просмотров: 777 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|