Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест. Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Шаттық шеңбер, «ыстық алақан» арқылы бір-біріне жылы лебізін білдіру. ә) Топқа бөлу II. Үй тапсырмасын тексеру. Ауа . Ауаның қасиеттері. « Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы. Доп лақтыру арқылы. • Ауасыз адам қанша уақытқа шыдай алады? • Ауа қайда болады? • Ауаның қандай қасиеттерін білесің? • Ауаның сығылуы жайлы мысал келтір. • Ауаның жылу ұстайтынына мысал келтір. • Ауа отты жанғызатынын қалай білуге болады? Топта ауаның маңызын дәлелдеп айту: І топ: Ауаның тіршіліктегі, шаруашылықтағы маңызы. ІІ топ: Ауаны ластайтын жағдайлар, оны қорғау үшін не істеу керек? III. Жаңа сабақ. « Су – тіршілік нәрі» сөзіне ребус жасыру Осы сөздің мағынасын ашу(оқушылар) Бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? Иә, бүгін біз су туралы және судың қасиеті жайлы айтып өтеміз. Су қайда болады? Өзен, көл, теңіз, мұхиттар жер шарының көп бөлігін алып жатыр екен. Оны картадан көруге болады. Судың қандай пайдасы бар? Тақырып тақтаға жазылады. Су туралы мағлұмат алу үшін тәжірибе жасайық. Оқулықтан оқу арқылы жасалатын тәжірибемен танысу. 1- тәжірибе: Шыны ыдыстың біріне су, біріне сүт құй. Екеуін салыстыр. Су- түссіз, ал сүт- ақ. Суды және сүтті иіскеп көр. Не айтасың? 2- тәжірибе : Су- мөлдір. Оны анықтау үшін ыдыстарға қасық салайық. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Суға қағазды, тасты салып ал. Не байқадың? 3- тәжірибе : Суды әр түрлі ыдыстарға құйып көр. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Ол қандай пішінге ие болды? Суды тегіс нәрсеге құй. Не байқадың? Осы тәжірибеге түрткі сұрақтар қою арқылы талдау жасау. а) Бүгін су туралы мағлұмат алдық. Олай болса, судың қасиеттерін қағазға түсірейік. Әр топ өз қасиеттерін қорғасын. түссіз мөлдір иіссіз жұққыш СУ дәмі жоқ пішіні жоқ сұйық ә) Бой сергіту сәті. - Балалар, білесіңдер ме Африкадағы балалар сендерге неге қызығады? Өйткені сендер су бетімен жүре аласыңдар, ойнай аласыңдар. (Қыс кезінде) а) Судың үш күйіне мысал келтіре отырып, оқушылардан қағазға судың үш күйіне тірек сызба жасату. б) Су туралы мақал-мәтел жазу. І топ. Мақал – мәтел 1. Судың да сұрауы бар. 2. Сусыз тіршілік жоқ. 3. Сулы жер, нулы жер. 4. Бұлақ көрсең көзін аш. 5. Сыйлап берген су да тәтті. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. ІІ топ. Тыйым сөздер. 1. Суға түкірме. 2. Ағын суға кір жума. 3. Суды бекер ағызба. 4. Суға дәрет сындырма. VI. Қорытынды: а) « Кубизм » әдісі арқылы сабақты қорытындылау. • Күнделікті өмірден судың қасиеттері жайлы байқағандарыңды әңгімелеп айтыңдар. • Самаурындағы су қайнағанда ортайып азаяды. Неге? б) «Автор орындығы» Сабақты жақсы түсінген оқушы бүгінгі тақырып бойынша айтады. V. Үйге тапсырма «Су- тіршілік көзі» эссе жазу VI. Бағалау. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерлерді үш күйді білдіретін қалташаларға жапсыру арқылы бейнелейді. Сарсенбаева Зауре Канафияновна Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Шешенқара орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Источник: http://дүниетану | |
Просмотров: 1090 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|