Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Қазақ тілі Тақырыбы: Сын есім Мақсаты: 1.Сын есім жайлы білімдерін тереңдету, сөйлемдерден сын есімді таба білу. 2.Оқушылардың тілдерін дамытып, сөйлеу дағдыларын арттыру. 3. Топпен және өз бетінше жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу. Сабақ типі. Білім жетілдіру сабағы Сабақ түрі: аралас Сабақтың әдіс тәсілі: жұмбақ, топпен және өздік жұмыс., бес жолды өлең, сәйкестендіру. Сабақ көрнекілігі: оқулық, суреттер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. І. Психологиялық дайындық: Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне мақтау сөздер айтады. Көркем жазу минуты: Ғ ғ әрпі. II.Қызығушылықты ояту. - Балалар ,қарандаршы!Менің қолымда қоянның суреті бар. --Ендеше сендер қоянды сипаттап беріңдер.. Қоян қайда жүреді? Қоянның түсі қандай? Қоянның құлағы қандай? Қоянның терісі қандай? Ол неден қорқады? Оқушылардың қоян жайлы әңгімелерін тыңдау. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Оңға, солға бұрылайық, Бір отырып, бір тұрып, Тағы да бір отырып Ғарышқа біз ұшайық III. Мағынаны тану кезеңі Кітаппен жұмыс . 1-жаттығуда өлеңді көшіріп жазып, сын есімді тауып астын сызады. Сын есімге қандай сұрақ қоятынын айтады. 2- жаттығуда Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазады. Ойын: «Кім тапқыр» Іші – жұмсақ, сырты – қатты Еті – қызыл, сүті – тәтті (қарбыз) Дөп – дөңгелек доптай, Іші қызыл шоқтай. Дәмін татып көрсең, Одан дәмді жоқтай.(алма) Осы жасырылған жұмбақтың ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді атаңдар? Оларға сұрақ қойыңдар? 3-жаттығуда берілген сын есімдерді түсі, түрі, көлемі сапасы бойынша топтап жазады. Түсі: ала, күрең,қызғылт, сұр. Дәмі. Тұзды,дәмді,тәтті,ащы. Көлемі, жуан,үлкен, жіңішке, кіші. Сапасы:жұмсақ, қатты,мықты, қатты. 4- жаттығуда бірінші , екінші бағандағы сөздерге сұрақ қояды, қай сөз табына жататындығын табады. Әр зат есімге мағынасы жағынан сәйкес сын есімді тауып, сөздерді жұбымен жазады. Қу түлкі, тұзды көл, зәулім үй, қорқақ қоян, кең дала. IV. Ой толғаныс Топтар сын есімнің ішінен екі сын есімді таңдап алып, «бес жолды өлең» жазады. Мысалы: Зат есім жапырақ Сын есім: қызыл, сары Етістік ; түсенді, сытырлайды, ұшады. Сөйлем: Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Мәндес сөз; өсімдік. V.Үйге тапсырма: 6-жаттығу, ереже жаттау. VI.Бағалау. | |
Просмотров: 816 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|